Сот жауапкерді оқу үшін қарызын төлеуге міндеттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ мен аз. Б., арасында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»  бағдарламасы аясында әлеуметтік келісімшарт жасалды.

 Аталған шартқа сәйкес, азаматша «А» ЖШС-да «есепші» мамандығын игеру бойынша кәсіпті қайта даярлаудан өту керек болған.

Сотта анықталғандай, аз.Б. оқудан дәлелді себептерсіз қалуына байланысты шығарылған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен аз.Б.-дан Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің пайдасына  оқуға кеткен 100 мың теңгеден аса соманы өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі