Архив событий

21/06/2017

Қоймадан ұрланған телефон

21/06/2017

2017 жылдың қаңтар айында К. ЖШС-ның тұрмыстық техника қоймасында қоймашы А.-ның белгілі бір уақытта жоқ болуын пайдаланып, қоймаға заңсыз кіріп, жасырын түрде «Samsung S7» маркалы ұялы телефонын жымқырған.

Өзінің іс-әрекетімен К. жәбірленуші тарапқа 239 990 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен К. ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеу арқылы 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Күш қолдану арқылы жасалған бұзақылық

21/06/2017

2016 жылы 20 желтоқсанда сотталушы А. мен жәбірленуші Э.-ның арасында кикілжің туындаған.

Кикілжің барысында сотталушы кастетті пайдаланып,  жәбірленушіге қатысты күш қолданған.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен сотталушы А. ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.