Архив событий

09/06/2017

«Азаматтық бақылау» жобасы аясында кездесу

09/06/2017

«Азаматтық бақылау» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында Астана қалалық сотында судьялар мен сот қызметкерлері үшін «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы және сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараға судьялар, елордалық соттың мамандары, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің және «КАЗМЕДИА» ҚҚ-ның өклдері қатысты.

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы

09/06/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында сот судьялары мен мамандардың қатысуымен «Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы» тақырыбындағы семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараның модераторы ретінде сот төрағасы Д.Ә. Әбдіғалиев сөз сөйлеп, мүдделер қақтығысы – мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық екендігін айта кетті.

Судьялар «Бес реформа белестері» бағдарламасының түсіріліміне қатысты

09/06/2017

Бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында «24 Хабар» ақпараттық телеканалының шығармашылық тобы «Бес реформа белестері» бағдарламасының түсірілімін өткізді.

Түсірілім барысына судьялар сот отырысындағы тәртіпке қатысты Азаматтық процесстік кодекстің талаптары туралы айтып өтті. Сот мәжілісінде тәртіпті сақтау жөніндегі талаптар іске қатысатын барлық тұлғаларға, олардың өкілдеріне, мамандарға, сарапшыларға, аудармашыларға, сондай-ақ сот мәжілісіне қатысатын азаматтарға міндетті болып табылады.

Сот оңалту рәсімін қолданды

09/06/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  «К» ЖШС-нің арызы бойынша оңалту рәсімін қолдану туралы азаматтық іс қаралды.

Құрылыспен байланысты екі үлкен жобаны іске асыру нәтижесінде несие берушілердің алдында 909 426 453 теңге көлемінде қарыз пайда болды.

Осылайша борышкерде төлем қабiлетсiздiгі қаупiнiң төну белгілері бар, алайда салықты төлеуден жалтармай, керісінше қажетті төлемдерді төлеп, мекемесін сақтап қалмақшы.

Тауар жеткізілімі шарты бойынша қарыз сомасы өндірілді

09/06/2017

2016 жылы «С» және «А» ЖШС арасында тауар жеткізілімі шарты жасалған, оған сәйкес «С» ЖШС-ы жауапкерге жауапкерге 3 млн теңге сомасына химиялық және минералдық шикізаттар жеткізген.

Сотта анықталғандай, жауапкер шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаудан жалтарған, соған байланысты талапкер қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап арызбен Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Сот шешімімен талапкердің талап арызы толық көлемде қанағаттандырылды.