Архив событий

06/06/2017

«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ» статистикалық жинағының тұсаукесері

06/06/2017

2 маусым 2017 жылы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған  ауданаралық сотының төрағасы Н.Р. Раззақ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірге «Қазақстан балалары»  атты статистикалық жинағының тұсаукесеріне қатысты.

Астанада ер адам сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

06/06/2017

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында елорда тұрғынына қатысты көлік құралдарын басқару құқығынан айыру, алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы сот отырысына масаң күйде 30 минут кешігіп келген.

Мас жүргізуші жұмыс берушінің автокөлігін зақымдады

06/06/2017

2016 жылы ер адам Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармониясы» МКҚК-не жүргізуші лауазымына қабылданған. Жұмыс барысында ол материалды-жауапты тұлға болып табылған және оған автокөлік бекітілген.

Алайда жұмыскер өзінің жүргізушілік еңбек міндеттерін атқару кезінде, мас күйінде өзіне сеніп тапсырылған автокөлікке зақым келтірген.

Астан қаласы Сарыарқа аудандық соты талап қою арызын қанағаттандырып,  жұмыскерден материалдық залал сомасын өндірді.

Сот уақытылы жеткізілмеген тауар үшін қарыз сомасын өндірді

06/06/2017

2016 жылы 3 ақпанда жеткізушімен тапсырыс берушіге жалпы сомасы 11 000 000 теңгені құрайтын 700 метрлік жолдың Жоғарғы құрылысы материалдарын жеткізу бойынша міндеттеме алған.

Сот талқылауында анықталғандай, жеткізуші тауарды уақытылы және толық көлемде жеткізбеген, осылайша, материалды жеткізу бойынша шарт  міндеттерін орындамаған.

Сарыарқа аудандық сот шешімімен тапсырыс берушінің пайдасына қарыз сомасы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Бала құқықтарын қадағалау мониторингі

06/06/2017

Астана қаласы кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Ж.К.Алпысбаева, аты және тіркеу үшін балалардың құқықтарын қадағалау мониторингі нәтижесі бойынша дөңгелек үстелге қатысты.

Аталмыш кездесудің негізгі мақсаты - мигрант балалардың құқықтарын қадағалау бойынша жағдайды жақсарту болып табылады.

Бойжеткен оқуға кеткен шығынды өтейді

06/06/2017

2014 жылы «Рудный индустриалдық институты» РМК ШЖҚ және бойжеткен арасында оқуға кеткен шығынды өтейтін, маманды даярлау бойынша шарт жасалды.

Кейіннен жауапкер жоғарғы оқу орнынан шығарылған. Бұдан басқа, шарт талаптарына сай, «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша даярлауға байланысты, ол кеткен шығындарды толық өтеуге міндеттеме алған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен талапкердің арызы қанағаттандырылып, институттың пайдасына оқуға кеткен шығын сомасы өндірілді.