Архив событий

23/06/2017

Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай салтанатты шара өткізілді

23/06/2017

Бүгін елордалық сотта Мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған салтанатты шара өткізілді.

Астана қаласы бойынша соттар Әкімшісі басшысының орынбасары А.М.Ибрагимов әріптестерін құттықтай отырып, оларға дендеріне саулық, береке-байлық және кәсіби біліктіліктерін одан әрі арттыра берулерін тіледі.

Сот кәсіби мерекелерін атап өтті

23/06/2017

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлер күні – кәсіби меркесіне орай салтанатты шара өтті.

Іс-шара барысында сот төрағасы А.Жүкенов сот қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, лауазымдық міндеттерін үлгілі, әрі адал орындағаны үшін ерекшеленген сот мамандарын алғыс хатпен марапаттады.

Балағат сөз айтудың салдары

23/06/2017

2017 жылы 27 мамырда азамат Б. теміржол вокзалының жаңа ғимаратының 2 қабатында бола тұра, полиция қызметкеріне балағат сөздер айтқан.

Сотта Б. өз кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекеті үшін өкінді.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Б. ҚР ҚК 379 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылды және 25 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сот пәтерді су алып кету себебінен келтірілген шығынды өндірді

23/06/2017

Кір жууғыш машинаның суық су кранының бұзылуынан талапкердің пәтерін су алып кеткен.

Су басу фактісі ПИК қызметкерлерінің актісімен расталады.

Талапкер Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына көршісінен су алып кету салдарынан келтірілген зиянды өндіріп алу туралы арызбен шағымданған.

Сот шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына келтірілген залал үшін жарты миллионнан астам теңге өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.