Архив событий

01/06/2017

Тұрмысы төмен отбасыларына көмек

01/06/2017

Астана қаласы Есіл аудандық соты Балаларды қорғау күні қарсаңында аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Сот ұжымы кәмелеттік жасқа толмаған 3 баласы бар жалғызбасты анаға материалды-қаржылай көмек көрсетіп, балаларға сыйлық тарту етті.

Балалар - біздің болашағымыз

01/06/2017

Халықаралық балалар күні – ең ежелгі халықаралық мейрамдардың бірі. Оны өткізу туралы шешім 1925 жылы Женевада балалардың әл-ауқатына қатысты мәселелерге арналған Бүкіләлемдік конференцияда қабылданған.

Мейрамға орай Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұжымы «SOS Детская деревня Астана» балаларын Балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Судья А.Каримова, мейрамның негізгі мақсаты қоғамға балалардың құқықтарын қорғау қажеттілігі туралы естеріне салу болып табылады деп атап өтті.

Балалар – сиқырлы әлемнің сәні

01/06/2017

Бірнеше онжылдықтан бері Балаларды қорғау күні 1 маусымда аталып өтуде. Қазақстанда балалар мерекесі жыл сайын үлкен ауқымда тойланады. Мереке күні балалар үйі, көпбалалы отбасылары мен тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына ерекше көңіл бөлінеді.

Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы жыл сайынғы дәстүр бойынша Балаларды қорғау күні Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-ге барды.

Апелляциялық сот алқасы Н.Ж.Құшақбаевқа қатысты іс бойынша шешім шығарды

01/06/2017

Бүгін Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы   «Oil Construction Company» ЖШС жұмысшылар кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің еңбек қорғау және қауіпсіздігі бойынша бас маман Н.Ж.Құшақбаевқа қатысты іс бойынша шешім шығарды.

Жеке адамға қарсы қылмыстармен байланысты істерді қарау ерекшеліктері

01/06/2017

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Жеке адамға қарсы қылмыстармен байланысты істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы мен судьялар, Астана қаласы ІІД, Бас көлік прокуратурасының және Астана қаласы ІІБ-нің аудандық бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Медиация тәртібімен татуласты

01/06/2017

2017 жылы 4 наурызда Е. «Хан шатыр» СОО-да бола тұрып, «GAP» дүкенінен 74 860 теңге соманы құрайтын тауарды ұрлаған.

Сот отырысы барысында сотталушы мен жәбірленушінің өкілі арасында медиациялық келісім жасалды.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен Е. қатысты қылмыстық іс медиациялық келісімге сәйкес қысқартылды және келтірілген залалдың орны толық өндірілді.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Сот құрылыс материалдары үшін қарыз сомасын өндіріп алды

01/06/2017

2015 жылы 26 қарашада «Б» ЖШС және «К» ЖШС арасында құрылыс материалдарын сату-сатып алу туралы шарт жасалған.

Сотпен жауапкердің құрылыс материалдарын қоймағаны анықталды, соған байланысты, талапкер Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінді.

Сот шешімімен талапкердің пайдасына 232 000 теңге көлемінде  қарыз сомасы өндірілді.

 Шешім заңды күшіне енді.

Шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілік

01/06/2017

2016 жылы «С» ЖШС және «I» ЖШС арасында шарт жасалған, соған сәйкес жауапкер «Алматы-Кокпек-Чунджа-Коктал-Хоргос» объектісінде жұмыс жасауға, ал талапкер жұмысты қабылдауға және ақы төлеуге міндеттенген.

Алайда, сотта анықталғандай, жауапкер кедергі қоршауларды қою бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамаған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына 33 млн. теңге көлемінде қарыз сомасы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Кәсіпорын 33 млн. астам теңге төлейді

01/06/2017

2014 жылы «К» ЖШС материалдық құндылықтарды сақтау үшін «Д» ЖШС-на тиесілі қойманы жалға алған.

Сотта  жауапкермен жалға алу төлемі бойынша шарт бөлімі бұзылғаны анықталды. Соған байланысты Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «К» ЖШС-нан 33 млн.теңгеден астам қарыз сомасы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.