Архив событий

14/06/2017

Медиация келісімге бастар жол

14/06/2017

2017 жылы 26 қаңтарда Л. автокөліктің жолаушы орындығында жатқан, жәбірленуші К.-ға тиесілі iPhone 4S ұялы телефонын жасырын ұрлаған.

Л. жәбірленуші К.-ге материалды залалды толық өндірді.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сот ЖШС-ны лауазымды тұлғаның ұйғарымын орындауға міндеттеді

14/06/2017

«Ш» ЖШС-і көпқабатты тұрғын үйдің басқару органы қызметін атқарады.

2016 жылы «Астана қаласы тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ-мен «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарының нормаларын сақтау бойынша "Ш" ЖШС-нің қызметін жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Жоспардан тыс тексерудің нәтижесі бойынша тұрғын үй кондоминиум объектісі ретінде тіркелмеген.

Тараптар медиация тәртібімен татуласты

14/06/2017

Елорда тұрғыны  Астана қаласы Алматы аудандық сотына жол-көлік оқиғасының салдарынан келтірілген материалдық залалды өндіру талабы бойынша жүгінді.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітті, оның шарты бойынша жауапкер жол көлік оқиғасымен келтірілген материалдық залалды өтеуге міндеттенді.

Сот ұйғарымымен медиативті келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.        

Міндеттемелерді тиісінше орындамау

14/06/2017

2015 жылы желтоқсан айында «Б» ЖК  және «М» ЖШС арасында мобильді және өзге аксессуарларды жеткізу бойынша шарт жасалған.

Тауар жеткізуші шарт бойынша міндеттерін тиісінше орындаған.

2016 жылдың қаңтар айынан 2017 жылдың қаңтар айы аралығында жеткізілген тауардың құны 6 249 700 теңгені құрайды, бұл өзара есеп айырысуды салыстыру актісімен расталады, тауар жеткізушінің тапсырыс берушіден жеткізілген тауар құнын өтеу туралы талабы сотқа дейінгі тәртіпте орындалмаған.

Сот жұмыс берушіден жалақыны өндірді

14/06/2017

Астана қаласының Алматы аудандық сотында талапкер К-нің жауапкер «АҚМ» ЖШС-нен төленбеген жалақы сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотпен ер адамның компаниямен еңбек қатынасында тұрғандығы анықталды.

Есеп табеліне сәйкес, қызметкердің еңбек уақытын пайдаланғаны үшін компания 945 180 теңге көлеміндегі соманы төлеуге тиіс болған.

Астана қаласы Алматы аудандық соты ер адамның пайдасына жалақы бойынша қарызды өндірді.

Жиһазды уақытылы дайындамау сотқа алып келді

14/06/2017

2016 жылы тараптар  қалада шағын қонақ үйді ашу үшін жиһаз жасау бойынша шарт жасасқан.

Сотта анықталғандай, жиһаз жасаушы шарт бойынша белгіленген мерзім ішінде міндеттемені орындамаған, осыған байланысты талапкер Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына моральдық зиянды өтеу және берешек сомасы өндіру туралы арызымен жүгінген.

Соттың шешімімен талапкердің талап қою арызы толығымен қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Күзет агенттігі банкрот деп танылды

14/06/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында "Охранное Агентство - Ақ Орда" ЖШС-ін банкрот деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта кәсіпорынның жылжитын және жылжымайтын мүліктерінің және өзге де активтерінің жоқ екендігі анықталды.

Сонымен қатар,компанияның салық берешегі 468 561 теңгені құрайды.

Сот шешімімен «Охранное Агентство - Ақ Орда» ЖШС банкрот деп танылды.

Шешім дереу орындалуға жатады.

Жауапкер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

14/06/2017

2016 жылы «Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жедел медициналық көмек көрсету станциясы» МҚКК мен «К»  ЖШС-нің арасында фирмалық медициналық киімді тігу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған.

Шартқа сәйкес, 2017 жылдың 20 қаңтарына дейін жауапкер тауарды қоюға міндеттенді. Алайда жауапкер шарт міндеттемелерін орындаудан бас тартты.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен кәсіпорын мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды.

Билік өкілін қорлау

14/06/2017

2017 жылы 9 ақпанда сотталушы К. алкогольдік масаң күйде темір жол вокзалында орналасқан ЛОП кезекші бөлімі ғимаратында, үшінші тұлғалардың көзінше, өз міндетін атқару кезіндегі билік өкіліне балағат сөздер айтқан.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен К. ҚР ҚК 378-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 25 АЕК түрінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан Республикасының заңын бұзғаны үшін шетелдік ел аумағынан шығарылды

14/06/2017

2015 жылы Ресей Федерациясының азаматы автокөлігін басқарып келе жатып, «Алматы-Екатеринбург» трассасында жол көлік оқиғасын жасады, оның нәтижесінде адамдар қаза тапты.

Осы жылы сот 2015 Т-ны ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танып, мерзімін қоныс-колонияда өтеумен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырған.

Сот құрылыс жабдықтарын жалға алған қарыз сомасын өндірді

14/06/2017

2015 жылы «Т» ЖШС мен «С» ЖШС арасында шарт жасалған, соған сәйкес жалға беруші жалдаушыға уақытша құрылыс жабдықтарының жинағын берген.

Алайда жалдаушымен жалдау ақысын беру мерзімі орындалмаған, соған сәйкес 2 млн.теңге көлемінде қарыз пайда болған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талапкердің пайдасына қарыз сомасын өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Заңсыз иемденген жер телімін мәжбүрлі түрде босату

14/06/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Астана қаласының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-нің «Б» ЖК-нен жер телімін мәжбүрлі түрде босату туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.