Жалға алушы жалдау төлемін төлемеген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылы елордалық екі компания арасында тұрғын емес жайды жалдау шарты жасалған. Шартқа сәйкес, жалға беруші кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жалға алушыға уақытша иелік етуге және қолдануға жайды береді.

Алайда жалға алушы жайды қолдану бойынша төлем міндеттерін орындамаған, соған сәйкес, онда жалға алу төлемі бойынша қарыз пайда болды.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды қанағаттандырып, жауапкерден талапкердің пайдасына қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі