Архив событий

16/08/2017

Қызының қайталама құқық бұзушылық әрекеті үшін ананың жауапкершілігі

16/08/2017

2017 жылы 12 сәуірде «Сарыарқа» аудандық ІІБ-ның қаулысымен М. Н.-ның заңды өкілі ретінде, қызының түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүруіне байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған ескерту түрінде жаза тағайындалған. 

2017 жылы 26 сәуірде 23.20 сағат шамасында кәмелеттік жасқа толмаған Н. тұрғынжайдан тыс жерде ата–анасыз жүрген, әкімшілік жауаптылыққа тартылғаннан кейін де бұл жағдай бір жылда екінші рет қайталанған.

Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік

16/08/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар жұмысына сот төрағасы мен судьялар, кеңсе меңгерушісі, сот мамандары, сонымен бірге «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы» ҚБ-ның өкілдері қатысты.

Қатысушылар Қазақстандағы гендерлік жүйені және отбасылық-демографиялық саясатты қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Кәсіпорынмен 2 млн. теңгеден астам жетіспеушілік анықталды

16/08/2017

2016 жылдың басында аз.М. «Н» ЖШС-ға жұмысқа қабылданған.

Аз. М. өзіне материалдық-тауар құндылықтарға толық жауапкершілік атқаруға міндеттеме алған.

Тауарларды түгендеу барысында жалпы сомасы 2 000 000 тенге құрайтын тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі анықталды.

Сотта анықталғандай, жауапкер тарапынан серіктестікке қабылдау-тапсыру актісі бойынша материалдық құндылықтар берілмеген.

Сот салық қарызын өндірді

16/08/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында Астана қаласы Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасының  аз. Е-ге қатысты  салық қарызын өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай,  жауапкерде мүлікке жеке меншік құқығы бар және ұсынылған есепке сәйкес онда салық қарызы жиналған.

Сот шешімімен талап қою арызы толығымен қанағаттандырылып, жауапкерден салық қарызы мен мемлкеттік баж өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Астанадағы жаңа теміржол вокзалы маңында 6 жастағы қызды зорламақ болған іс бойынша үкім жарияланды

16/08/2017

Астана қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты алты жасар қызды зорламақ болған іске қатысты үкімді жариялады.

2017 жылы мамыр айында елордадағы жаңа теміржол вокзалы маңында алты жасар қызды зорламақ болған ер адам ұсталған болатын.

Электр қуаты қызметі үшін төлеу қажет

16/08/2017

«Астанаэнергосбыт» ЖШС жасалған шартқа сәйкес, аз. М.-ны электр және жылу қуатымен қамтамасыз еткен.

Аз.М. әр айдаң 25-не дейін көрсетілген қызмет үшін төлем жасауға міндеттенген.

Сотта жауапкердің уақытылы төлем жасамағаны, сол себепті жасалған қызмет бойынша 108 706 теңге көлемінде қарыз пайда болғаны анықталды.

Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен борышкерден кәсіпорын пайдасына қарыз сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.    

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін әкімшілік жауаптылық

16/08/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Астана қалалық сотының судьялары В.В.Салий мен А.К.Канбаев және №2 Есіл аудандық сотының судьясы К.К.Дуйсембиевтің қатысуымен «Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін әкімшілік жауаптылық» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Сот уәкілетті орган бұйрығының күшін жойды

16/08/2017

Елордалық компания «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу бойынша Комитеті» РММ-нің мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы тізіміне қосу туралы бұйрығының күшін жоюға қатысты талаппен сотқа жүгінді.

2017 жылы компания арнайы техникаларды жүргізушісімен жалға беру бойынша мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы болып танылған. Осыдан кейін, тапсырыс беруші келісу үшін шарт жобасын жіберген, оның үстіне, тауардың саны арттырған.