Архив событий

01/08/2017

Есіл аудандық сотында үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өтті

01/08/2017

    Астана қаласы Есіл аудандық сотында төрағаның м.а. Р.Мажитов және «Медиацияны дамыту орталығы»  РҚБ-ның кәсіби медиаторларының қатысуымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

         Сот төрағасының м.а. Р.Мажитов өз сөзінде, даулардың жеке санаттары бойынша сотқа дейінгі реттеуді енгізу  медиация институтын дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Экономикалық соттың судьясы «Сұхбат» бағдарламасына қатысты

01/08/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Гүлсім Ищанова «24 Хабар» телеарнасының «Сұхбат» бағдарламасына қатысты.

Өз сұхбатында судья «Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының орындалуы аясында заң үстемдігін қамтамасыз ету туралы айтып берді.

Алқабиге кандидаттарды іріктеудің ерекшеліктері

01/08/2017

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында  «Алқабиге кандидаттарды іріктеудің ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға судья мен сот мамандары, сонымен бірге «Астана қаласының зейнеткерлер қоғамы» ҚБ-ның өкілдері қатысты.

Экономикалық сот берешекті өндірді

01/08/2017

«З» АҚ мен  «С» ЖШС арасында тауар жеткізілімі шарты жасалған, оған сәйкес жеткізуші кабельдік өнімді қоюға міндеттенген.

Келісім шарт жасасқаннан кейін тапсырыс берушісі тауардың толық ақысын төлеген, алайда жеткізуші шарт бойынша міндеттерін орындамаған.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талапты қанағаттандырып, тапсырыс берушінің пайдасына қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін елордалық тұрғынға айыппұл салынды

01/08/2017

Астана қаласы кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот талқылауы барысында процеске қатысушы – ата-ана құқынан айыру туралы азаматтық іс бойынша жауапкер  сот отырысын төрағалық етушінің өкіміне бағынбаған, бұл сотқа құрметтемеушілік көрсету болып табылады.

Сот тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шараларын қолданды

01/08/2017

Үш кәмелетке толмаған жасөспірім Астана қаласындағы компьютерлік клубтардың бірінде, кәмелетке толмаған жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану арқылы ұялы телефонын тонап, кейіннен қылмыс жасаған орыннан қашып кеткен, телефонды сатып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Сот отырысында кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің қатысуымен жәбірленушімен татуласқан. Жәбірленушіге келтірілген зиянның орны толық келтірілді.

Ювеналды соттың ұжымы халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін аралады

01/08/2017

Ювеналды соттың судьялары мен мамандары мамандандырылған халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін аралады.

Сот ұжымы қазақстандық «Нұр Әлем» павильонымен танысып, қазақстандық ғалымдардың баламалы қуат көздерін (ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетика)  енгізу бойынша жұмыстары олардың ерекше қызығушылығын тудырды.         

Сонымен бірге сот ұжымы Германия, АҚШ, Жапония, Ресей мемлекеттерінің павильондарын аралады.

Әкімшілік сотта брифинг өткізілді

01/08/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық фактілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифинг жұмысына төраға мен сот судьялары, сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.