Архив событий

28/08/2017

Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған семинар

28/08/2017

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Сарыарқа аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Э.Жанабаева сот мамандарымен «Конституция - бірліктің негізі ретінде» тақырыбында семинар өткізді.

Сот мамандары Ата Заңның талаптарын табысты мемлекеттің кепілі ретінде сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Сот арқылы шығару

28/08/2017

Елорда тұрғыны Астанадағы тұрғын аудандардың бірінде орналасқан тұрғын үйдің иесі болып табылады.  Тіркеу органдарында меншік құқығы әйелге тіркелген.

Сот отырысында жауапкерлердің әйел адамға тұрғын үйге кіруге рұқсат бермейтіні анықталды.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, жауапкерлерді тұрғын үйден шығарды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Ақшалай сыйақы бергені үшін айыппұл

28/08/2017

Елорда тұрғыны жол-көлік оқиғасы фактісін тіркемеу үшін  жол полициясының аға инспекторына 4000 теңге көлемінде ақшалай қаражат түрінде материалды сыйақы ұсынған.

Сот құқық бұзушының іс-әрекеттерінде ҚР ҚК 367-бабында көзделген қылмыстық жазаланатын әрекет құрамының белгілері болмағанын анықтады, ал осы бап бойынша пара мөлшері 2 АЕК аспауы тиіс.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен  құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 453000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Елордалық сотта мемлекеттік мереке Конституция күніне орай салтанатты жиналыс өтті

28/08/2017

Бүгін Астана қалалық  сотында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға  қалалық соттың төрағасы Тілектес Барпибаев, сот алқаларының төрағалары, қалалық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, Астана қаласы бойынша Соттар әкмішісінің басшысы, бөлім басшылары қатысты.