Архив событий

22/08/2017

Жалақы өндіру туралы дау партисипативті келісім арқылы шешілді

22/08/2017

Азамат К. Астана қаласы Есіл аудандық сотына 2008 жылдан бері жұмыс жасайтын компаниядан жалақы бойынша қарызды өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сотта жеке сот орындаушысы компанияның барлық мүлкіне, оның ішінде банктегі есеп шоттарына арест қойғаны анықталды.

Сот талқылауы барысында тараптар сотқа жазбаша түрде дауды партисипативті келісім арқылы шешуді сұраған.

Келісім негізінде компания жалақыны көрсетілген мерзімде төлеуге міндеттенді.

Судьялар журналистерге атқарушылық жазбаның артықшылықтарын түсіндіріп өтті

22/08/2017

Халық арасында атқарушылық жазба институтын кең ауқымда қолдану және насихаттау мақсатында Сарыарқа аудандық сотының судьялары «24 Хабар» телеарнасындағы «Талдау» бағдарламасына сұхбат берді.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, судьялар Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен қолданыстағы заңнамаға азаматтық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жеңілдетуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатқанын атап өтті.

Полиция қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны үшін 20 тәулікке қамалды

22/08/2017

2017 жылы 31 маусымда Т. «Opel Vectra» автокөлігін басқара отырып, полиция қызметкерлерінің бекітілген тәртіпке сай, алкогольдік сараптамадан өту туралы талаптарын орындамаған.

Оған қоса, ҚР ІІМ автоматтандырылған базасының, сонымен бірге Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасының анықтамасына сәйкес, құқық бұзушыда көлік құралдарын басқару құқығы, жүргізуші куәлігі болмаған.

Сот банктік заем бойынша берешек сомасын өндірді

22/08/2017

2017 жылы елорда тұрғыны екінші сатылы банкпен банктік заем шартын жасаған.

Шартқа сәйкес, борышкер заем кестесіне сай негізгі қарыз бен сыйақы төлемін белгіленген уақытта және мөлшерде төлеуге міндеттенген.

Шарттағы міндеттерді тиісінше орындамағандықтан,борышкерде банк алдында қарыз пайда болған.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, банк пайдасына берешек сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Астана тұрғыны су құбырына заңсыз қосылғаны үшін 4 000 000 теңгеге жуық соманы төлейді

22/08/2017

2016 жылы «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК өкілдерімен жауапкердің өз бетінше қалалық су құбыры және кәріз жүйесіне шарт жасамастан қосылғандығы бойынша акті жасалған.

Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану туралы Ережесін бұзу нәтижесінде, жауапкер жалпы сомасы 4 000 000 теңге көлемінде кәсіпорынға залал келтірген.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен кәсіпорынның пайдасына шығын сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.