Архив событий

21/08/2017

«Астана Тазалық» қызметкері тұрмыстық қалдықтарды тыйым салынған орынға төккен

21/08/2017

2008 жылда аз.Б. серіктестікке жүргізуші лауазымына жұмысқа тұрған.

2016 жылдың 7 маусымында жауапкер жұмыс берушінің автокөлігін басқара келе, Астана қаласында орналасқан «Лазурный квартал» ТК жанында қалалық суағысқа тұрмыстық қалдықтарды тыйым салынған орынға төккен.

Құқық бұзушылық салдарынан серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 106 050 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Сот зақымдалған автокөлік үшін залалды өндірді

21/08/2017

 «Тойота» маркалы автокөліктің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, «Лексус» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, зардап шегушінің автокөлігіне зақымдалған қосалқы бөлшектерін ауыстыру бойынша міндеттемелерді қабылдаған, ол қолхатпен расталады.

Алайда жауапкер өз міндеттерін уақытылы орындамаған, осыған байланысты, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына 627 800 теңге көлемінде материалды залал сомасы өндірілді.

Ашық есік күні

21/08/2017

Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шараға елорда тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында сот төрағасының м.а. Майя Қасымова «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында өткізіліп жатқан сот жүйесіндегі реформалар туралы айтып өтті. Сот жұмысына жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөлінді.