Архив событий

29/08/2017

Құрылыс компаниясы мен елорда тұрғыны арасындағы келісім жарамды деп танылды

29/08/2017

2012 жылы елорда тұрғыны құрылыс компаниясымен инвестиция келісімін жасаған, шарт бойынша инвестор нысанды салуға инвестиция құяды, ал құрылыс компаниясы құрылыс аяқталған соң және пайдалануға берілгенде инвесторға қабылдау-беру актісіне сәйкес пәтер беруге міндеттенген.

Сот отырысында анықталғандай, инвестор толық ақысын төлеу арқылы өз міндетін толық орындаған,  көшіп келіп, іс жүзінде пәтерді пайдаланып отыр.

Конституция күніне орай салтанатты жиналыс өтті

29/08/2017

Конституция күніне орай Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Уәлихан Рахматуллаев ерен еңбегімен ерекшеленген сот мамандарын құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапаттады.

Салтанатты шара барысында Уәлихан Рахматуллаев судьяла мен сот мамандарын Конституция күнімен құттықтады.

«Конституция- мемлекет тұрақтылығы мен дамуының негізі, әрбір қазақстандықтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі»,- деді өз сөзінде төраға.

Алматы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Конституция Күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

29/08/2017

Алматы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Конституция Күні мерекесіне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Іс-шараға судьялар және сот мамандары қатысты.

Салтанатты шараны ашқан сот  төрағасының м.а. Майя Қасымова, бұл мереке қазақ халқының өміріндегі маңызды оқиға екенін тілге тиек етті.

«Біздің республикамыздың негізгі заңы мемлекеттің қоғамдық және мемлекеттік ұйымның іргелі қағидаларын бекітті, табысты дамудың кілті болды»,- деп атап өтті Майя Қасымова.