Архив событий

07/08/2017

Ер адам жеңіл жүрісті қызды тонады

07/08/2017

2017 жылы маусым айында ер адам интернет-сайт арқылы жыныстық қызмет көрсететін қызбен танысқан. Кездесуге сөз байласқан ол қыздың үйіне келеді. Пәтерден шыққан соң, ер адамда өзгенің мүлкін ашық жымқыру туралы қылмыстық ой пайда болады.

Түн жарымда, ер адам анықталмаған тұлғалармен алдын ала сөз байласып, өздерін полиция қызметкерлері деп таныстырып, қыздың пәтерінен ақшалай қаражатты, сондай-ақ алтын бұйымдарды ұрлаған.

Сотта нотариустардың атқарушылық жазбаларды қолдану тәжірибесін кеңейту мәселелері талқыланды

07/08/2017

Ағымдағы жылы ҚР Жоғарғы Соттың тапсырмасы бойынша Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында нотариустармен атқарушылық жазбаларды жасау тәжірибесі пилоттық жобасы іске асырылуда. Сот ғимаратында арнайы нотариустың кабинеті жұмыс істейді, оған кез-келген азамат жүгіне алады.

Сот малдың қожайынынан шамамен миллион теңге өндірді

07/08/2017

2016 жылы 3 тамызда Целиноград ауданы Қараөткел қыстағында А. «Honda Cr-V» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, қой отарын басқан.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде автокөлік иесіне материалды залал келтірілген.

Сотта қой отары О.-ға тиесілі екені анықталды, ол малдарды қараусыз қалдырған, соған байланысты, ол ҚР ӘҚБтК 615 бабының 2 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

А. О.-дан залал сомасын өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Құжаттарды рәсімдеу бойынша семинар

07/08/2017

Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Құжаттарды рәсімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі Ғани Тәжімбетов, құжаттардың қазақ тілінде толтырылатынын, қазақ тілімен қатар арнайы орыс тілінің де қолданылатынын айтты. Қазақ тіліндегі және ұқсас мәтіндегі орыс немесе өзге тілдегі құжаттардың әрқайсысы бөлек бланктерде (жеке парақтарда) шығарылып, бірыңғай реквизитпен рәсімделеді.

Сарыарқа аудандық сотының судьялары ЭКСПО 2017 көрмесін тамашалады

07/08/2017

Сарыарқа аудандық сотының судьялары халықаралық мамандандырылған "ЭКСПО-2017: Болашақ энергиясы" көрмесін тамашалады.

Судьялар көрменің бас павильоны «Нұр Әлем» сферасымен танысты, дәл осы жерде «Болашақ энергиясы» мұражайы құрылған болатын.

Сонымен қатар, судьялар ұжымы қатысушы елдердің павильондарын және театрландырылған көрінісін тамашалады.

Көшпелі сот отырысы

07/08/2017

Халық арасында қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Г.Қайдарова Астана қаласы «Алматы» аудандық ІІБ-ның бөлімшесінде көшпелі сот отырысын өткізді.

Судьямен ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабы (сот шешімін орындамау) және 434 бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша 54 әкімшілік іс қаралды.

Қаралған істер бойынша құқық бұзушылар 10 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Сапасыз тауарды қойғаны үшін төлеу қажет

07/08/2017

Талапкер мен «И» ЖШС арасында шарт жасалған, оның шарттары бойынша соңғысы тапсырыс берушіге металл пластикалық терезелер орнатқан.

Сотпен жауапкердің сапасыз тауарды жеткізгені және терезелерді тиісінше дұрыс орнатпауы арқылы шарт талаптарын бұзғаны анықталды.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен мекемеден талапкердің пайдасына қарыз сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Жергілікті соттарда оқыту іс-шараларын ұйымдастырудың кейбір мәселелері

07/08/2017

2017 жылы 4 тамызда Астана қалалық сотының Оқу орталығы аудандық және оған теңестірілген соттарда оқу бағдарламалары бойынша жауапты мамандары үшін «Жергілікті соттарда оқыту іс-шараларын ұйымдастырудың кейбір мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Жұмыс барысында Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Т.Р.Абиятова, аудандық соттың  жаңадан тағайындалған маманының оқу бағдарламалары бойынша өзекті мәселелерін атап өтті.

Партисипативті рәсімдердің артықшылығы

07/08/2017

 2017 жылдың жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша кеңейтілген кеңесте Жоғарғы Сот Төрағасының татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы аяқталған істерді арттыруға берген тапсырмаларын орындау мақсатында,  Астана қаласы Есіл аудандық соты төрағасының м.а. Р.Б.Мажитов Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаттарымен кездесті.

Заңды қызмет үшін қарыз

07/08/2017

2016 жылы сәуір айында елордалық заң компаниясы мен  «Н» ЖШС арасында заңды қызмет көрсету шарты жасалған, шартқа сәйкес компания заңды қызметтер көрсетуге, ал «Н» ЖШС көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге міндеттенген. Алайда тапсырыс беруші ақы төлеу бойынша өз міндеттерін орныдамаған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жауапкерден қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.  

Аяқталмаған құрылыс

07/08/2017

2011 жылы Астана қаласы құрылыс басқармасы «Т» ЖШС-мен мердігерлік шартын жасаған, соған сәйкес мердігер өндіріс жұмысының кестесіне және жобалық-сметалық құжаттарға сай жұмыстың барлық түрін 2015 жылдың 30 қыркүйегіне дейін аяқтауға міндеттенді.

Сонымен бірге, сот отырысында мердігердің  өзіне жүктелген міндеттерді бұзғаны анықталды.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды қанағаттандырды, мердігерден басқарманың пайдасына қарыз сомасын өндірді.

Партисипативті келісім – дауды шешудің маңызды және өзекті әдісі

07/08/2017

«К» лизинг компаниясының бас есепшісі жауапкердің бар мүлкіне және банктегі есеп шоттарына тыйым салуына байланысты 2017 жылдың маусым айынан бастап жалақы алмаған.

Ағымдағы жылдың 10 шілдесінде талапкер Астана қаласы Есіл аудандық сотына 290 323 теңге көлемінде жалақы бойынша жауапкерден қарызды өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сот талқылауы барысында тараптардан дауды партисипативті рәсім тәртібінде реттеу туралы өтініш келіп түсті, сотқа келісім жазбаша түрде ұсынылды.