Архив событий

04/08/2017

Астанада ер адам автокөлік ұрлағаны үшін сотталды

04/08/2017

2016 жылы шілде айында ер адам елордадағы үйлердің бірінің ауласында тұрақта тұрған «Рено Логан» маркалы автокөлігін көріп, заңсыз иелену мақсатында көліктің артқы жағындағы терезесін кірпішпен сындырып, заңсыз ішіне кіріп, автокөлікті ұрлаған.

Содан кейін, ұры мінген автокөлікті полиция қызметкерлері тоқтатқан. Құжаттарды тексеру барысында ер адам полиция қызметкерлеріне автокөлікті ұрлағанын мойындаған.

Сот тауар үшін қарызды өндірді

04/08/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «С»  ЖШС-нің «Ш» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта 2016 жылы тараптар арасында тауар жеткізілімі шарты жасалғандығы анықталды, оған сәйкес талапкер жауапкерге тауар қойды. Алайда жауапкер шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан бас тартты.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды қанағаттандырып, тапсырыс берушіден қарыз сомасын өндірді.

Медиация бойынша істерді қарау кезінде туындайтын мәселелер

04/08/2017

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында «Медиация бойынша істерді қарау кезінде туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға сот төрағасы және судьялар, сонымен бірге «Қазақстан медиаторлар қауымдастығы» ҚБ-ның өкілдері қатысты.

Медиация - белгілі бір мақсаттарға жету үшін ерікті негізде тараптардың соттан тыс дауларды шешуді анықтайтын әдіс.

Орынжайды жалға алғаны үшін қайтарылмаған қарыз

04/08/2017

2016 жылы елорда тұрғыны мен компания арасында орынжайды жалға алу шарты жасалған, соған сәйкес жалға алушы әр айдың 25-де төлем жасауға міндеттенді.

Алайда жалға алушы шарт бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамаған, соған сәйкес, жалға берушінің алдында қарызы пайда болды. 

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, жалға алушыдан қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Сот баланы күтіп - бағу үшін алимент өндірді

04/08/2017

Бұрынғы әйелі сотқа кәмелетке толмаған баласының әкесінен алимент өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Некеде тұрған уақытта бұрынғы ерлі-зайыптыларда бір бала туылады, ол қазіргі уақытта анасымен бірге тұрады. Баланың әкесі жанұясымен бірге тұрмайды және баланы күтіп-бағуға қатыспайды.

Міндеттемелерді тиісінше орындамау

04/08/2017

2015 жылы екі елордалық компания арасында мердігерлік шарты жасалған.

Жасалған шарттың аясында мердігермен бұрғылау және жару жұмыстары орындалған. Алайда тапсырыс беруші төлем бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаудан бас тартқан.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды қанағаттандырып, жауапкерден талапкердің пайдасына негізгі қарыз сомасын өндіріп алды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Сот компанияны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп таныды

04/08/2017

2017 жылы «ҚР Бас прокуратурасының жанындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ж» ЖШС-мен тауарды (орындық) қоюға шарт жасаған.

Шартқа сәйкес компания тауарды 15 күнтізбелік күн ішінде қоюға міндеттенген, алайда міндеттемелер жеткізушімен орындалмады.

Бала тәрбиесі үшін ананың жауапкершілігі

04/08/2017

Астана  қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған баланың анасына қатысты әкімшілік іс қаралды.                                                                    

Сот мәліметтеріне сәйкес, жасөспірім түнгі уақытта сағат 23.00-ден кейін тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген. Аталған жағдай жылына екінші рет қайталанған.        

Сарыарқа аудандық сотында жаңадан тағайындалған судья таныстырылды

04/08/2017

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ақ-тоты Әбдіқұлова ұжымға жаңадан тағайындалған судьяны таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы лауазымына А.С.Қасымова тағайындалды.

Сот ұжымы судьяға жұмысына табыс және судьялық лауазымын абыройлы атқаруын тіледі.