Архив событий

09/08/2017

Сот оқуға жұмсалған соманы өндіріп алды

09/08/2017

«М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясы Ақмола колледжі АҚ-ның» ЖШС және аз.М-ның арасында ақылы негізде жүзеге асырылатын білім беру қызметін көрсету бойынша келісім шарт жасалған.

Шартқа сәйкес, аз.М білім беру қызметтеріне дер кезінде ақы төлеуге міндеттенген.

Алайда, колледж директорының бұйрығымен жауапкер сырттай оқудан шығарылған, осыған байланысты ол оқу ақысын төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаған.

Баласының бұзақылығы үшін ананың жауапкершілігі

09/08/2017

Ата – аналар өз балаларының тәрбиесі мен дамуы үшін жауапты болып табылады. Алайда,  көбіне ата-аналардың өз міндеттеріне салғырт қарауы  жағымсыз салдарға әкеліп соғады.    

Кәмелеттік жасқа толмаған бала колледж аумағындағы балаларға арналған ойын алаңында шекілдеуік шағып, қабығын жерге тастаған.

Кәмелеттік жасқа толмаған бала өз әрекетімен қоғамдық орынды ластап, шағын бұзақылық жасаған.

Ер адам есірткі заттарын сақтағаны үшін сотталды

09/08/2017

           Бірлескен алдын алу іс-шаралары барысында ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен Астана қаласы әкімдігінің қызметкерлерімен аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін ер адам ұсталды. 

         Сарапшының қорытындысына сәйкес алынған зат 14 килограммнан асатын гашиш болып табылды.

         Есірткі заттарын ер адам одан әрі пайдалану мақсатында сақтаған.

Жастарды дауды бейбіт жолмен шешуге шақыру

09/08/2017

          Астана қаласы Есіл аудандық сотында сот төрағасының м.а. Р.Мәжитов «Дауларды шешудің баламалы түрлері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

         Дөңгелек үстел жұмысына Астана қаласының «Жас Отан» жастар қанаты төрағасының бірінші орынбасары Б.Б.Жанділбаев джәне белсенділер қатысты.

         Р.Б.Мажитов  «Жас Отан» жастар қанатының жастар арасында дауларды шешудің баламалы түрлерін үгіттеуде ерекше рөл атқаратынын және медиативті келісім арқылы аяқталған істердің статистикалық мәліметтерін атап өтті.

Дау медиация жолымен шешілді

09/08/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында «В» ЖК-нің Т.-ға қатысты қарызды өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Істі қарау кезінде талапкер жауапкердің өзіне 120 000 теңге көлемінде қарызы пайда болғанын түсіндірді.

Жауапкер талапты толығымен мойындады және сот отырысы барысында тараптар ортақ шешімге келіп, дауды реттеу үшін медиативті келісімді бекіту туралы өтініш жасады.

Сот су құбырларын ауыстыру үшін пәтерге кіруге рұқсат беруді міндеттеді

09/08/2017

Әйел адам сотқа көршісінің пәтеріне кіруге рұқсат алу мақсатында жүгінген. Әйел адам бір жылдан аса уақыттан бері суық және ыстық су құбарларын ауыстыру үшін көршісінің пәтеріне кіре алмай жүр.

Себебі көршісі көршісі түрлі сылтаулар айтып, құбырларды ауыстыруға мүмкіндік бермеуде, содан бері әйелдің де, көршісінің де пәтерінде 2 рет құбыр жарылған, соның нәтижесінде мүлікке зиян келген.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, құбырды ауыстыру үшін көршісіне пәтерге кіргізуін міндеттеді.

Алматы аудандық сотының судьясы «Астана» радиосында сұхбат берді

09/08/2017

Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы Асия Ахметова «Астана» радиосының «Право знать» бағдарламасында сұхбат берді.

Эфир барысында судья сот төрелігін іске асырудың  сапасы, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының іске  асырылуы , сондай-ақ, еңбек даулары бойынша азаматтық істер туралы айтып өтті.

  Судья азаматтардың сотқа еңбек даулары бойынша қаншалықты жиі жүгінетіні туралы айтты. Азаматтардың сотқа жиі жүгінетін сұрақтары: қарызды өндіру, банктік заем бойынша қарыздар, еңбек жалақысын төлемеу бойынша.