Архив событий

31/08/2017

Сот автотұрақ аумағына меншік құқығын белгіледі

31/08/2017

2006 жылы ер адам құрылыс компаниясымен үлеске кіру келісім шартын жасаған, соған сәйкес, сатып алушы тұрғын кешенінің құрылысына ақшалай қаражат салуға, ал сатушы нысан құрылысы аяқталғанда және пайдалануға берілгенде, сатып алушыға пәтер мен автотұрақ орнын беруге міндеттенген.

Шартты орындау барысында жауапкер сатып алушыға пәтер берген, алайды келісім шартта автотұрақ орны көрсетілмеген.

Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырды және  автотұрақ аумағына меншік құқығын белгіледі.

Тазартылмаған қардың кесірінен елорда тұрғыны зардап шекті

31/08/2017

2017 жылы қаңтар айында елорда тұрғыны «Арман» бизнес орталығынан шығып келе жатқанда, баспалдақта тазартылмаған қар мен мұздықтың салдарынан жарақат алған.

Медициналық мекеменің қорытындысына сәйкес, жарақат өндірістік жарақаттардың анықтау схемасының  ауыр түріне жатқызылған.

Арнайы жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру туралы Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасымен тағайындалған комиссиясымен анықталғандай, жарақат сатыдағы тазартылмаған қардын себебінен болған.

Сот шешімімен еңбек өтілі қалпына келтірілді

31/08/2017

Аз.Т. сотқа оның Ақмола обласындағы «Южный» совхозында тракторист болып жұмыс атқарғандығы жайлы заңдық маңызы бар фактіні анықтау бойынша жүгінген.

Талапкердің зейнетақы ісін жүргізу және зейнетақы есебін қалыптастыру кезінде белгілі болғандай, совхоздың жеке құрамы бойынша құжаттар мемлекеттік мұрағатқа тапсырылмаған, осыған байланысты  еңбек өтілімін дәлелдеу мүмкін емес.

Туристік фирма туристік сапардың сомасын өтейді

31/08/2017

2016 жылы әйел адам туристік агенттікке шетелге туристік сапарға шығуды ұйымдастыру бойынша жүгінген.

Тараптар арасында жасалған шартқа сәйкес, туристік фирма Тайланд мемлекетіне туристік сапармен бару бойынша қызмет көрсетеді. Көрсетілетін қызметтер үшін әйел адам 100% ақы төлеген.

Алайда жауапкердің бастамасы бойынша туристік сапар әлдеқайда кештеу мерзімге ауыстырылған.