Архив событий

11/08/2017

Алматы аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

11/08/2017

Бүгін Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Жеке тұлғалардан салық берешегін өндіру кезінде туындайтын өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына сот судьялары, Астана қаласы Алматы   ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы Кайрат Орынтайулы Турлыбеков және Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры Азамат Ибрагимұлы Тасқұлов қатысты.

Судьялар кәсіби медиаторлармен кездесті

11/08/2017

Сарыарқа аудандық сотында судьялар «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ-ның кәсіби медиаторларымен медиация институтын дамыту жолдарын талқылады.

Кездесуде сөз сөйлеген судья Л.Сейтмұхамбетова, медиацияның уақытты үнемдеу бойынша артықшылықтарын айтты. Медиация дауларды шешуде тиімді ғана емес, тараптардың еңбек ресурстарын да үнемдейді.

Сот актілерін орындау мәселелері талқыланды

11/08/2017

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында  сот актілерін орындау кезінде жеке сот орындаушылары  қызметінің мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот судьялары, Астана қаласы Есіл ауданы прокурорының көмекшісі В.Кемелбеков және Астана қаласы бойынша жеке сот орындаушылар аймақтық палатасы бастығының орынбасары А.С.Рапих қатысты.

Жұмыс барысында қатысушылар сот шешімінің орындалу мерзімі мен сот орындаушыларының жұмыс механизмін талқылады.

Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім түнгі уақытта интернет-клубта болды

11/08/2017

Елордалық интернет клубтың әкімшісі 2017 жылы 7 сәуірде сағат 22.00-де кәмелеттік жасқа толмағандардың интернет клубта болуына жол берген.

Кәмелеттік жасқа толмаған түнгі уақытта және заңды өкілінсіз ойын-сауық мекемесінде болған.

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен мекеменің әкімшісі ҚР ӘҚБтК 132 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылды және 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жазаға тартылды.

Сот 3 млн.теңге залал сомасын өндірді

11/08/2017

2017 жылы 9 наурызда «Hyundai» маркалы автокөлігінің жүргізушісі «BMW» маркалы автокөлігіне соғып, иесіне айтарлықтай залал келтірген.

Астана қаласының мамандандырылған ауданарлық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы ЖҚЕ-ні бұзғаны және жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін кінәлі деп танылды.