Архив событий

23/08/2017

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисін пайдалану

23/08/2017

Бүгін Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында «Otau Development Group» ЖШС-нің өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек стол барысында судья Қ.Тобағалиұлы сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі іске қосылғандығын атап өтті.

Сотпен орындалған құрылыс жұмыстары үшін қарыз сомасы өндірілді

23/08/2017

2014 жылы «Научно-исследовательский институт типового и экспериментального проектирования («Институт жилища)» ЖШС мен  «А» ЖШС-і арасында шарт жасалған, оған сәйкес талапкермен «Астана қаласындағы жаңа өндіріс аймағындағы инфрақұрылыс құрылысы» объектісі бойынша жұмыс жүргізілген.

Жауапкер өз кезегінде орындалған жұмыста қабылдап, ақы төлеуге міндеттенді.

Тұрғын емес жай үшін жалдау төлемі

23/08/2017

Жеке кәсіпкер Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына  қарызды өндіру және тұрғын жайды бастапқы қалпына келтіруге міндеттеу туралы талаппен жүгінді.

Сотта 2015 жылы жеке кәсіпкерлер арасында тұрғын емес жайды жалдау шарты жасалғандығы анықталды, оған сәйкес жалға беруші тапсырады, ал жалға алушы қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес тұрғын емес жайды уақытша иелігіне және пайдалануға қабылдайды.

Ата–ана міндетіне салғырт қараудың салдары

23/08/2017

Аз.К. кәмелеттік жасқа толмаған балалардың заңды өкілі бола тұра, спиртті ішімдік ішіп, балаға тәрбие және білім беру бойынша өз міндеттерін орындамайды.

Кәмелетке толмаған балалар көп уақыт анасының қарауынсыз қалып, мектептегі сабақтарынан жиі қалады.

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен кәмелеттік жасқа толмаған балалардың анасы әкімшілік жауапқа тартылып,  ҚР  ӘҚБтК-тің 127 бабының 2 тармағына сәйкес 7 АЕК көлемінде айыппұл салынды. 

Тонағаны үшін сотталды

23/08/2017

2017 жылы маусым айында елордадағы көшелердің бірінде, спирттік ішімдік ішкен масаң күйдегі ер адам, тергеумен анықталмаған тұлғалармен  алдын ала сөз байласа отырып, өздеріне қарама-қарсы келе жатқан Филиппин мемлекеті азаматына жабылып, ақша мен жеке заттарын ұрлаған.

«Сот кабинеті» ақпараттық жүйесін қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары

23/08/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының мамандарымен «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«Сот кабинеті» жүйесі арқылы арыз, өтініш және өзге де құжаттарды тәуліктің кез келген уақытында сотқа жолдауға болады. Бұл үшін пайдаланушыға компьютер, электронды сандық қол және интернет керек. Оның үстіне, жіберуші сол уақытта құжатты жіберу туралы талонды электронды түрде соттың атауы, тараптар, күні және жіберу уақытымен алады.

Ресей азаматшасы 50 оқты заңсыз тасымалдағаны үшін сотталды

23/08/2017

Ресей азаматшасы Санк-Петербург қаласына ұшу мақсатында елордадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайының паспорттық бақылау сызығынан өтпек болып, тексеру барысында оның спорттық-аңшылық қару үшін 50 оқты заңсыз тасымалдамақ болғаны анықталды.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен құқық бұзушы жасаған қылмысы үшін ҚР ҚК 286 бабының 1бөлігімен, 287 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған  600 айлық есептік көрсеткіш 1 361 400 теңге мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалған.

Сот залал сомасын өндірді

23/08/2017

2016 жылы күзет агенттігі мен елордалық компания арасында шарт жасалған, шарт міндеттері бойынша агенттік тапсырыс берушінің нысан аумағында күзет қызметін көрсетуге міндеттенді.

2017 жылы мамыр айында күзетулі нысанда тапсырыс берушінің иелігі ұрланған. Соған байланысты, күзет агенттігіне тапсырыс берушіден наразылық түсті.