Архив событий

18/08/2017

Есірткі затын аса ірі мөлшерде сақтағаны және сатқаны үшін сотталды

18/08/2017

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  ҚР ҚК-і 297 бабы 3 бөлігінің 3 тармағы бойынша Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, 2017 жылы 21 сәуірде Д. сату мақсатында  есірткі заты – героинді аса ірі мөлшерде сақтаған.

Сол күні Д. Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде пайдакүнемдік ниетпен К.-ге есірткі затын сатқан.

Жалға алушы жалдау төлемін төлемеген

18/08/2017

2015 жылы елордалық екі компания арасында тұрғын емес жайды жалдау шарты жасалған. Шартқа сәйкес, жалға беруші кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жалға алушыға уақытша иелік етуге және қолдануға жайды береді.

Алайда жалға алушы жайды қолдану бойынша төлем міндеттерін орындамаған, соған сәйкес, онда жалға алу төлемі бойынша қарыз пайда болды.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды қанағаттандырып, жауапкерден талапкердің пайдасына қарыз сомасын өндірді.

Сот компаниядан залал сомасын өндірді

18/08/2017

2012 жылы ақпан айында «А» ЖШС мен «Б» ЖШС арасында мердігерлік шарты жасалған, оған сәйкес мердігер шартта бекітілген мерзім мен тәртіпте жұмысты орындап, бас мердігерге өткізуге міндеттенген.

2013 жылы мердігер жұмыс жасап жатқан тұрғын үй кешенінде өрт шыққан.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бас мердігердің пайдасына залал сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.