Архив событий

08/08/2017

2017 жылдың 1-жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша пресс-конференция өтті

08/08/2017

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында 2017 жылдың 1 жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы У.Г.Рахматуллаева және судья Г.К.Жолдасбаева, сонымен бірге БАҚ өкілдері қатысты.

Сот төрағасы аталған кезеңде қаралған әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтерді атап өтті.

Жосықсыз жеткізуші

08/08/2017

2016 жылы тұтынушы «С» ЖШС-нен жалпы сомасы 500 000 теңге құрайтын «Teplomax» маркілі пенополистирольдық плиталарды жеткізуге тапсырыс берген.

Алайда, жауапкер тарапынан тауарды жеткізу белгіленген мерзімде жүзеге асырылмаған, осылайша келісім-шарт бойынша міндеттемелер бұзылған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен серіктестіктен уақытылы жеткізілмеген тауар үшін қарыз сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Кәмелетке толмағандарға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шарасы тағайындалды

08/08/2017

Үш кәмелетке толмағандар «Көктал-1» ауданында жәбірленуші С.-ның ұялы телефонын ашық ұрлаған.

Жасөспірімдер ұрланған телефонды сатқан және ақшалай қаражатты өз ыңғайына қарай жұмсаған.

Сот отырысында кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстарын толық мойындап, жасаған істері үшін өкініштерін білдірді және заңды өкілдерінің қатысуымен жәбірленушімен татуласты.

Мүсінші артық төленген еңбек жалақысын қайтарады

08/08/2017

2017 жылдың басында  Б.  «М» ЖШС-на 3 ай сынақ мерзімімен мүсінші ретінде жұмысқа қабылданды.

Жауапкер жұмыс берушінің алдында соңына дейін өз міндеттерін орындамай, жұмыс орның ескертусіз кетіп қалған.

Сот отырысы барысында анықталғандай, жұмыскерге атқарылмаған күндер үшін 76 129 теңге көлемінде артық еңбек жалақысы төленген.

Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерден кәсіпорын пайдасына қарыз сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Компанияның бұрынғы есепшісі материалдық залал сомасын төлейді

08/08/2017

А. «А» ЖШС-да есепші – тауартанушы ретінде жұмыс жасаған.

Жұмыс барысында ол материалдық жауапты тұлға болған және оған компанияның тауар-материалдық құндылықтары тіркелген.

Негізгі құралдарды түгендеу қорытындысы бойынша, тауар – материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі анықталды.

Оған қоса, А. өткізілген түгендеу жұмыстарынан соң, өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш жазған.

Сапасыз тауар үшін ақшаны қайтару

08/08/2017

2016 жылы елорда тұрғыны тиісті соманы төлеу арқылы көлігіне автобөлшек сатып алған, бірақ орнатқан кезде оның істен шыққаны анықталды.

Сатушы тауардың жоқтығына сілтеме жасап, оны ауыстыруға бас тартқан және төленген соманы қайтармаған.

ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңына сәйкес, егер тұтынушы тауардың кемшіліктерін тапқан және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда, сатушы  (дайындаушы) оны дереу ауыстыруға міндетті.

Баланы дұрыс тәрбиелемегені үшін ата-анаға айыппұл салынды

08/08/2017

Кәмелет жасқа толмаған баланың әкесі Б. спирттік ішімдік ішіп, жанжал тудырып,   тәрбие және білім беру бойынша өз міндеттерін орындамаған.

 «Бала құқығы туралы конвенцияның» 27 бабының 2 бөлігіне сай, баланы тәрбиелеп отырған  ата-анасы немесе өзге тұлғалар, өзінің қабілеттері мен қаржылай мүмкіндіктеріне қарай, баланың дамуына қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікке ие.