Архив событий

15/08/2017

Кафедегі кешкі астың салдары

15/08/2017

Азамат Б. Астана қаласы Есіл аудандық сотына қоғамдық тамақтандыру компаниясынан материалды және моральды шығынды өндіру туралы талар арызбен жүгінді.

Сотта аз. Б.-ның отбасымен елордалық кафелердің бірінде кешкі ас ішкені анықталды.

Дәл осы түні аз.Б. кіші ұлымен сальмонеллез, гастроэнтероколитикалық түрдегі,  ауыр жағдайдағы, 2 дәрежелі эксикозды таксикоз диагнозымен ауруханаға түседі.

Мемлекеттік тілдің дамуы

15/08/2017

Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Мемлекеттік тілдің дамуы» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісі және сот мамандары қатысты.

Әскери сарбаз бұйрыққа бағынбады

15/08/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Г.Қайдарова Астана қаласы ҚР ІІМ 5573 Әскери бөлімінде бұйрыққа бағынбаған қатардағы жауынгер А.-ға қатысты көшпелі сот отырысын өткізді.

Сот отырысы әскери полиция қызметкерлері, әскери бөлім басшылары мен барлық жеке құрамның қатысуымен өткізілді.

Сарбаз ротадағы кезекші кіші сержанттың бұйрығын орындаудан бас тартқан.

Қызмет көрсету ұйымы салғырттығының салдары

15/08/2017

Аз.О. «К» ПИК қызмет көрсететін жеке пәтердің иесі болып табылады.

Көп қабатты тұрғын үйдің герметикалық төбе жабындысының бұзылуына байланысты талапкердің пәтерін су басқан, осылайша меншік иесіне материалдық залал келтірген.

Су басу фактісі бойынша зақымданулар көрсетіле отырып, ақау актісі жасалған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына келтірілген залал сомасы өндірілді.

 

Құрылыс фирмасы қызметкеріне берешек сомасын төлейді

15/08/2017

Құрылыс фирмасының қызметкері Астана Сарыарқа аудандық сотына «N» ЖШС-нан жалақы бойынша берешекті өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Жұмыс беруші жарты жыл бойы Астана қаласындағы «Abu Dabi Plaza» нысанында жұмыс істеген қызметшіге жалақы төлемеген.

Сондай-ақ,  талапкердің жеке зейнетақы шотының көшірмесіне сәйкес, 2016 жылдың қаңтар және маусым айлары аралығында оның шотына жұмыс берушімен міндетті зейнетақы жарнасы аударылмаған.