Архив событий

10/08/2017

Елордалық сотта судьяны мерейтойымен құттықтады

10/08/2017

Бүгін 10 тамыз күні сот корпусы қалалық соттың судьясы Жүсіпбекова Гүлмира Қоқанқызын 50-жылдық мерейтойымен құттықтады!

Судьяның судьялық тәжірибесі 20 жылдан астам уақытты құрайды және осы жылдар бойы Гүлмира Қоқанқызы өз жұмысын биік абыроймен атқарып келеді.

Қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы А.К.Кенжегарин, мерейтой иесінің жоғары кәсіби  қасиетін атап өтіп, сот төрағасының атынан мерейтой иесіне құттықтау адресаты мен гүл шоғын сыйлады.

Электронды сот өндірісі және татуласу рәсімдерінің артықшылықтары

10/08/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында медиативті келісім түріндегі дауларды шешудің баламалы тәсілдерін және «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің артықшылықтарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға сот төрағасының м.а. Р.Мажитов, судьялар және «Есіл» ауданы әкімдігінің бөлім басшысының м.а., әкімнің кеңесшісі, «Есіл» басқарма органдарының бірлестігі» ЗТБ-ның төрағасы мен орынбасары, заңгерлер қатысты.

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін әкімшілік жауаптылық

10/08/2017

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  И.-ді ата-ана құқынан айыру туралы азаматтық істі қарау барысында соңғысы төрелік етушінің өкіміне бағынбаған.

Сот қаулысымен кәмелеттік жасқа толмағанның анасы ҚР ӘҚБтК 653 бабының 1 бөлігімен іс бойынша ескерту ретінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тұтынушы мен «Астана Су Арнасы» арасындағы дау

10/08/2017

Жауапкер мен  «Астана су арнасы» ШЖҚ МҚК-ның арасында шарт жасалған, оның талаптары бойынша талапкер сумен жабдықтау және жауапкердің нысанына  ағынды суды бөлу бойынша қызмет көрсеткен.

Сотта жауапкердің уақытылы төлем жасамағаны, сол себепті жасалған қызмет бойынша қарыз пайда болғаны анықталды.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен борышкерден кәсіпорын пайдасына қарыз сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Сотта мемлекеттік қызметтің қағидаларын талқылады

10/08/2017

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында кеңсе меңгерушісі Э.Жанабаева және жаңадан тағайындалған мамандардың қатысуымен «Мемлекеттік қызметтің қағидалары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Қатардағы сарбаз жауапкершілікке тартылды

10/08/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы О.С.Шалабаев ҚР ІІМ 5573 Әскери бөлімінде көшпелі сот отырысын жүргізді.

Сот отырысына әскери полицияның қызметкерлері, Әскери бөлімнің басшылары мен барлық жеке құрам қатысты.

Сотта қатардағы сарбаз Т. кезекші сержанттың бұйрығын орындаудан қасақана әдейі бас тартқаны анықталды, соған сәйкес, сот қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК 652 бабының 6 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Тараптар дауды медиация тәртібімен шешті

10/08/2017

««Әділет» Астана қаласының тұтынушылар құқығын қорғау» ҚБ-ы Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына аз.Ж-ның пайдасына «Д» бақ шаруашылығы бірлестігінен ақшалай соманы өндіріп алу туралы арызбен жүгінді.

Бақ шаруашылығы бірлестігі қоғам аумағында электр энергиясын тұтыну бойынша тарифті негізсіз өсірген.

Алайда, талапкер тарифтің өсуі туралы қандай да бір құжатты сотқа ұсынбаған.

Ақшаны сот арқылы қайтару

10/08/2017

2016 жылы желтоқсан айында әйел адам өз танысынан ақшалай қаражат алған және оны 2017 жылдың 19 қаңтарынан кешіктірмей төлеуге міндеттенген.

ҚР АК 716 бабымен тиісті жазбаша нысанда, сонымен бірге облигация, борышкердің қолхаты немесе нақты соманы қарыз берушінің бергенін куәландыратын өзге де құжаттар бар болғанда ғана ақша алу келісім шарты жасалған болып саналады.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талапты қанағаттандырып, әйелден қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

Сот сақтандыру сомасын өндірді

10/08/2017

2016 жылы ер адам сақтандыру компаниясымен келісім шарт жасаған, шарт талаптарына сәйкес, ер адамның автокөлігі «залал»тәуекелі бойынша сақталған.

Осы жылы сақтандырушының автокөлік құралы жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зақымдалады.

Жауапкердің азаматтық-құқықтық міндеті жол-көлік оқиғасы кезінде сақтандырылмағандықтан, сақтандыру шартына сай, сақтандырушыға сақтандыру сомасы төленген.