Архив событий

17/08/2017

Сот кабинеті және оның мүмкіндіктері

17/08/2017

Бүгін Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Сот кабинеті және оның мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына сот судьялары мен мамандары, Евразиялық банк, «Цеснабанк» АҚ, «Тараз» ПИК, «АТИ Сервис» және «УК Территория Комфорта-2» ПИК-тің өкілдері қатысты.

Сарыарқа аудандық сотында түсірілім өтті

17/08/2017

Қазіргі жаңару үстіндегі әлеуметтік-экономикалық талпыныс жағдайында судьялыққа үміткерлердің кәсіби дайындығы үнемі арту үстінде болуы тиіс.

Осылайша, кәсіби білімдері мен соттық дағдылығын  арттыру мақсатында Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында жаңадан тағайындалған судьялардың, судьялыққа үміткер-тағылымгерлер мен Қазақстан Республикасы сот төрелігі Академиясы магистранттардың қатысуымен азаматтық процесті жүргізу жөніндегі оқыту фильмінің түсірілімі өтті.

Сөйлескен соң, төлеу керек

17/08/2017

«Қазақтелеком» АҚ атынан «Астанателеком» филиалы телефон байланысы қызметін көрсететін ұйым ретінде, жергілікті телекоммуникация желілерін қалааралық және халықаралық байланыспен қамтамасыз еткен.   

Сотта анықталғандай, қызметке төлем жасамағандықтан, жауапкерде 69 828 теңге көлемінде қарыз пайда болған.

Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен борышкерден кәсіпорын пайдасына қарыз сомасы және мемлекеттік баж шығындары өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.       

 

Сот төрелігі Академиясының магистранттарына арналған оқыту семинары

17/08/2017

Бүгін Сарыарқа аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 29 тарауы тәртібімен азаматтық істерді қарау ерекшеліктері» атты тақырыпта семинар сабағы өткізілді.

Оқыту семинары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот жанындағы сот төрелігі Академиясы магистранттары үшін өткізілді.

Кездесудің модераторы ретінде Астана қаласының әділ сот жүйесін институционалдық нығайту жобасы бойынша пилоттық соттарды қолдау жөніндегі консультант (кеңесші) А.Жаманова сөз сөйледі.

Сот шешімін орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілік

17/08/2017

2017 жылы шілде айында көші-қон полициясының қызметкерлерімен бұрын Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары шығарып жіберу мен  әкімшілік жауапкершілікке тартылған Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталған.