Архив событий

14/08/2017

Сот қалдықты шығару қызметі бойынша қарызды өндірді

14/08/2017

2014 жылы «Астана-Тазарту» ЖШС және жеке кәсіпкер арасында қатты тұрмыс қалдықтарын шығару қызметін ұсыну бойынша шарт жасалған.

Шартқа сәйкес, орындаушы тапсырыс берушінің ортақ пайдаланатын контейнерлік алаңдағы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарған.

Алайда тапсырыс беруші көрсетілген қызмет ақысын уақытылы төлемеген.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап арызды қанағаттандырып, жеке кәсіпкерден қарыз сомасын өндірді.

Кепіл мүлкіне қол жеткізу

14/08/2017

Екінші сатылы банктің бірі сотқа елордадағы компанияның кепілге қойылған мүлікке қол жетімділікті қамтамасыз ету мүмкіндігін беру туралы талаппен жүгінді.

Бұрын, 2013 жылы банк компанияға заем берген, несие шарты бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында компаниямен банкке тауар-материалды құндылықтары кепілге ұсынылған.

Кепіл туралы шартқа сәйкес, банк кепілге қойылған мүліктің сақталуын тексеруге құқығы бар.

Сот актілерін орындау

14/08/2017

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында «Сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы Г.П.Насирдинов, кеңсе меңгерушісі, Астана қаласы Әділет департаменті және сот орындаушылар палатасының өкілдері қатысты.

Жұмыс барысында Г.П.Насирдинов атқару парағын жеке сот орындаушылары палатасына жолдау мен оның мерзімі және сот  актілерін орындау барысында кездесетін мәселелерді атап өтті.

Алматы аудандық сотында медиативті келісім бекітілді

14/08/2017

Елорда тұрғыны сотқа тұтыну кооперативінен ортақ үлес сомасын өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сот отырысында тараптар соттан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуді сұрады, соған сәйкес, тұтыну кооперативі мүлікті ортақ үлесті қайтарады, ал азаматша өз кезегінде талап арыздан бас тартады.

Астана қаласы Алматы аудандық соты ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.   

Ұйғарым заңды күшіне енді.

 

Соттағы іс жүргізудің негізі

14/08/2017

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында «Іс жүргізу нұсқасы және сот қызметінде қолданылатын өзге ережелер» тақырыбына семинар өткізілді.

Семинар барысында сот қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуін жетілдіру мақсатында әзірленген, аудандық сот қызметінде қолданылатын ережелер мен нұсқаулар талқыланды.

Іс-шарада сөз сөйлеген кеңсе  меңгерушісі Э.Жанабаева, арыздарды қабылдау реті, азаматтық істерді қараудың мерзімдері мен тәртібі, сот процестерінде дыбыс-бейне жазуды қолдану жұмысының негізгі бағыттарын атап өтті.

Сот еңбек өтілін қалпына келтірді

14/08/2017

Аз.С. сотқа оның «Целинтрансстрой» мекемесінде жүргізуші-экспедитор болып жұмыс атқарғандығы жайлы заңдық маңызы бар фактіні анықтау бойынша жүгінген.

Талапкердің зейнетақы ісін жүргізу және зейнетақы есебін қалыптастыру кезінде белгілі болғандай, оның еңбек кітапшасы жоғалған, осыған байланысты ол еңбек өтілімін дәлелдей алмады.

Мемлекет пайдасы үшін жер телімін иеліктен шығару

14/08/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Астана қаласының тұрғын-үй басқармасы» ММ-нің «С» ЖШС-на қатысты өтемақы төлей отырып, мемлекет падасй үшін жер телімін алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Астана қаласы Әкімдігінің қаулысымен компанияға тиесілі жер телімі балабақша салу үшін мәжбүрлеп алуға жатады.

Алайда компания азаматтық-құқықтық келісім бойынша ұсынылған өтемақымен келіспеген.

Кәмелетке толмаған балаға темекі сатқаны үшін жауаптылық

14/08/2017

Дүкен сатушысы А., 18 жасқа толмаған, кәмелеттік жасқа жетпеген балаға темекі сатқан.

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен А. ҚР ӘҚБтК-нің 133 бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып,  оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.