Архив событий

03/08/2017

Есіл аудандық сотында семинар өткізілді

03/08/2017

Есіл аудандық сотында сот судьяларына семинар өткізілді.

Іс шараға Астана қалалық сотының судьясы Фарида Құрманова және аудандық соттың судьялары қатысты.

Семинарда 2017 жылғы 11 шілдедегі № 91-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы талқыланды.

Сот мемлекет меншігіндегі жер телімін босатуға міндеттеді

03/08/2017

«Астана қаласы Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ сотқа жеке кәсіпкерден жер телімін мәжбүрлеп босату туралы талабымен жүгінді.

Сот отырысы кезінде жер телімін тексеру нәтижесі бойынша мемлекеттік инспектормен мемлекет меншігіндегі жер телімін, құқық белгілеуші құжаттар мен сәйкестендіру нөмірінсіз заңсыз алу фактісі анықталған.

Алайда кәсіпкер қазіргі уақытқа дейін заңсыз алынған жер телімін босату бойынша міндеттемелерді орындамаған.

Сот «Ақкер Сервис»ЖШС-ны банкрот деп таныды

03/08/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында "Ақкер Сервис" ЖШС-ын банкрот деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

ЖШС-ның негізгі қызметі тұрғын емес ғимараттарды салу болып табылған.

Сотта кәсіпорынның мүлкі және банк шоттарында ақша қаражаттарының жоқ екендігі, сонымен қатар қазіргі уақытта борышкердің ешқандай қызметті орындамайтындығы анықталды.

Онымен қоса, компанияның 8 млн.теңге көлемінде несие берешегі бар.

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы

03/08/2017

2017 жылы «Қаржы орталығы» АҚ-ы жеке кәсіпкермен телефон аппараттарын қою бойынша шарт жасаған.

Шартқа сәйкес жауапкер тауарды қойған, бірақ тексеру нәтижесі бойынша техникалық ерекшеліктер талабына сәйкес емес деп танылған.

Соған байланысты, анықталған кемшіліктерді жою үшін тауар жеткізушіге қайтарылды, алайда жауапкермен ешқандай шаралар жасалмаған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жеке кәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды.

Заңды тұлғалар арасындағы дау медиация тәртібімен шешілді

03/08/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «» ЖШС-нің «Т» ЖШС-нен орындалған жұмыстардың кемшіліктерін жоюға мәжбүрлеу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы кезінде тараптар сотқа медиативтік келісім бекіту туралы өтінішпен жүгінді, оған сәйкес жауапкер көрсетілген мерзімде орындалған жұмыстардың кемшіліктерін жоюға міндеттенді.

 Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді, аталған іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Ер адам сотта стоматологиялық клиниканы жеңді

03/08/2017

2016 жылы ер адам стоматологиялық клиникалардың біріне тіс жұлдыру үшін барады. Стоматолог ауруды басатын құралды пайдалану арқылы тісті жұлады. Сосын науқастың келісімінсіз, стоматолог алдын алу мақсатында, антибиотикке төзімділік сынағын тексерусіз, линкомицин егеді.

Астанада ұлы анасын буындырып өлтірді

03/08/2017

2017 жылы мамыр айында бірге сыра ішіп отырған анасы мен баласы арасында, анасының арақтың шөлмегін рұқсатсыз алып, ішкені үшін дау пайда болған.

Ұлы анасынан арақ шөлмегін алып жатқан кезде, оның ойына соңғысына қылмыстық ниет туындайды.

Осы мақсатта, алкогольді мас күйдегі ұлы оң қолымен анасынан арақ шөлмегін алып, сол қолымен анасының мойнынан қылғындыра бастайды, соның нәтижесінде анасы қайтыс болады.

Сот қарыз сомасын өндірді

03/08/2017

2013 жылы «Т» ЖШС білікті мамандарды ынталандыру үшін мекеме қызметкеріне пәтер сатып алу мақсатында, қайтарымды қаржылай көмек берген.

Кейіннен компания қызметкері пәтер сатып алған.

Алайда компания қызметкері ақшаның тек бір бөлшегін қайтарған, соған байланысты, онда қарыз пайда болған.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, компанияның пайдасына қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.