Архив событий

24/08/2017

Дауды сотқа дейін реттеу

24/08/2017

Алматы аудандық сотында сот судьялары мен кәсіби медиаторлардың қатысуымен «Медиация институтын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел қатысушылары ҚР АПК нормаларындағы өзгерістерге  байланысты іс шараларды одан әрі іске асырудың және медиативті келісім бойынша пилоттық жобаны енгізудің негізгі жолдарын талқылады.

Азаматтық – құқықтық қатынастар саласында бітімгершілік рәсімдері мен істі бейбіт жолмен реттеуді  негізгі платформа ретінде сот талқылауы барысына істі дайындауға пайдаланады.

Сот кабинеті және оның мүмкіндіктері

24/08/2017

Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Сот қабинеті және оның мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот судьялары, орта және кіші бизнес өкілдері қатысты.

Кеңсе меңгерушісі Ғ.Тәжімбетов «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін енгізудің негізгі қағидаларының бірі – азаматтардың сот жүйесіне қолжетімділігін, сонымен бірге сот органдарының ашықтығын  қамтамасыз ету болып табылатындығын айтты.

Салық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл

24/08/2017

Елорда тұрғыны Салық Кодексінің 186 бабын бұза отырып,  мемлекеттік кірістер органдарына 2016 жылға меншік және жеке кіріс салығы бойынша декларацияны уақытылы тапсырмаған.

Аталған факті бойынша тұрғынға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушыға 113 450 теңге сомасында әкімшілік жаза ретінде 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.