Жалақы өндіру туралы дау партисипативті келісім арқылы шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азамат К. Астана қаласы Есіл аудандық сотына 2008 жылдан бері жұмыс жасайтын компаниядан жалақы бойынша қарызды өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сотта жеке сот орындаушысы компанияның барлық мүлкіне, оның ішінде банктегі есеп шоттарына арест қойғаны анықталды.

Сот талқылауы барысында тараптар сотқа жазбаша түрде дауды партисипативті келісім арқылы шешуді сұраған.

Келісім негізінде компания жалақыны көрсетілген мерзімде төлеуге міндеттенді.

Сот ұйғарымымен партисипативті келісім бекітілді, азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.        

         

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі