Ювеналды сотта үкіметтік емес ұйымдармен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында пробациялық бақылау мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  соттың судьялары, «Право» Қоғамдық коры, «Балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, «Келешек» психологиялық орталығының директоры, Ақмола облысының «Шанс» МҚК атқарушы директоры қатысты.

Күн тәртібінде шет елдердегі үкіметтік емес ұйымдардың оң тәжірибесін қолдану, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттармен жұмыс істеудегі үкіметтік емес ұйымдардың тікелей рөлі және кәмелетке толмағандарға психотерапия курстарын қолдану арқылы пробациялық бақылауды жетілдіру талқыланды. 

Дөңгелек үстелдің қатысушылары, өз кезегінде, судьяларға шексіз алғысын және одан әрі тығыз ынтымақтастыққа үмітін білдірді, соттардың барлық психологтарын «Баланың тұрғылықты жерін анықтаудағы және ерлі-зайыптылардың некесін бұзу кезінде кездесулердің тәртібін белгілеу кезінде балаларды және ата-аналарды әлеуметтік-психологиялық тексеруден өткізу туралы» жобасын әзірлеуге қатысуға шақырды.

 

 

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі