Архив событий

05/10/2017

Сарыарқа аудандық сотының судьясы «24 Хабар» телеарнасына сұхбат берді

05/10/2017

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы «24 Хабар» телеарнасының «Талдау» бағдарламасында сұхбат берді.

Сұхбат барысында судья кәмелеттік жасқа толмаған балаларды күтіп-ұстауға арналған алимент бойынша берешекті сот тәртібімен өндіріп алу рәсімін, неке-отбасы қатынастарынан туындайтын азаматтық дауларды қарау бойынша сот практикасына байланысты мәселелерді түсіндірді.

Сонымен бірге, судья статистикалық мәліметтерге тоқтала кетіп, электрондық түрде арыздардың қарау тәртібі жайлы түсіндіріп өтті.

Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

05/10/2017

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Д.Х.Макарина № 39 мектебінің оқушыларына «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын  алу» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында судья әкімшілік және қылмыстық заңнаманың нормаларына түсініктеме берді, атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде  ата-анасыз жүруге тыйым  салынатынын және ұсақ бұзақылық үшін қолданылатын шаралар туралы айтып өтті.

Сот сатып алушыдан қарыз сомасын өндірді

05/10/2017

«W» ЖШС және сатып алушы арасында сатып алып-сату келісім-шарты жасалған, оған сәйкес сатып алушы кәсіпорыннан қар үстінде жүретін көлікті алған.

Оған қоса, сатып алушы тауар үшін толық төлем жасамаған.

ҚР АК 272 бабына сәйкес, мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерден берешек сомасы мен шарт бойынша тұрақсыздық айыбы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша қарыз өндірілді

05/10/2017

2008 жылы бұрынғы студент пен медициналық ЖОО-ның бірінің арасында білім беру бойынша шарт жасалды.

2015 жылы бұрынғы студент  университетті бітірген, ЖОО-ның жас мамандарды жеке орналастыру бойынша комиссиясының хаттамасымен ол Ақмола облысы емханаларының біріне жұмысқа жіберілген.

Алайда, жас маман тоғыз айдан кейін жұмыс орнынан босатылған.

Осылайша, бұрынғы студент оқуына кеткен бюджеттік қаражат есебінен жұмсалған шығынды қайтару міндеттемесін орындамады.

Сот банктік заем бойынша қарыз сомасын өндірді

05/10/2017

2014 жылы қала тұрғындары екінші дәрежелі банктің бірімен келісім шартқа отырған, шарт талаптары бойынша банк борышкерлерге несие берген.

Борышкерлер несие келісім шартының талаптарына сәйкес, банк ұсынған қайтару кестесіне қол қойды, оған сәйкес тұрақты төлемдерді жүзеге асырудың бірыңғай күні белгіленді, алайда қарыз алушылар өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамады.

Осыған байланысты борышкерлерде банк алдында қарыз пайда болды.