Архив событий

17/10/2017

Алматы аудандық соты тұтынушының құқығын қорғады

17/10/2017

2016 жылы ер адам жиһаз компанияларының бірінен жиһаз алады.

Тауарды пайдалану кезінде сатып алушы ақау тапты, оған байланысты сатушыға тауардың сапасыздығы туралы өтініш жібереді.

 Тексеру актісіне сәйкес, жетіспеушіліктің себебі – зауыттық ақау болып табылған.

Жиһаз компаниясы сатып алушының шағымына жауап бермеген, ақауды аластату бойынша қандай да бір шешім қабылдамаған, ауыстыру жасамаған. 

Сот ЖКО нәтижесінде келтірілген зиян сомасын өндірді

17/10/2017

2016 жылы қыркүйекте Т. «Volkswagen» автокөлігін басқарып келе жатып, О.-ның басқаруындағы «Nissan Х-Trail» маркалы автокөлігімен соқтығысқан, соның нәтижесінде материалдық зиян және көлік құралына зақым келтірген.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Т. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 610 бабы 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған айыппұл салынды.

Астана қаласы Алматы аудандық соты ЖКО жасаушыдан материалдық зиян сомасын өндірді.

Сот автокөлік құралын тыйым салудан босатты

17/10/2017

2016 жылы қыркүйек айында «Suzuki Grand Vitara» автокөлігі түрінде борышкердің мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізілді. Аукцион қорытындысы бойынша елорда тұрғыны жеңімпаз болып танылды.

Осы айда аукцион жеңімпазы мен жеке сот орындаушысы арасында аталған автокөлікті сатып алу-сату шарты жасалды.

Аталған шарт сатып алушының мемлекеттік ұйымдарда алған затын меншік құқығына тіркеу үшін негіз бола алады.

Азаматтық сот өндірісіндегі медиация

17/10/2017

Астана қаласы Алматы аудандық сотында судьялар мен сот мамандарының қатысуымен «Азаматтық сот өндірісіндегі медиация» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында судья Б.Қабылбеков, тараптардың судья немесе кәсіби медиаторлардың ықпалымен медиативті келісімге келетінін атап өтті. Тараптар азаматтық іс өндірісі жатқан судья арқылы медиативті келісім жасауға өтініш хат бере алады.

Сот елордалық тұрғынның құқығын қорғады

17/10/2017

2017 жылы қаңтарда қыз бала «Ж» ЖШС-мен ақылы қызметтер көрсету туралы шарт жасады, оған сәйкес орындаушы белгілі бір қызмет түрлерін елордадағы қонақ үйлерлдің бірінде, атап айтқанда, тіркеу, орналастыру, төлем қабылдау және қонақтарды күтіп алуды жүзеге асыру міндеттелді. Қызмет көрсету мерзімі 04.01.2017ж. бастап 04.02.2017 ж.дейінгі уақытты құрады.

Елордалық тұрғын қонақ үйде бір ай жұмыс жасап, жалақы алмады.

Жеңгетайлық үшін жауапкершілік

17/10/2017

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен сауна әкімшісі жеңгетайлық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сотпен оған  1 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

2017 жылы тамыз айында сауна әкімшісі пайдакүнемдік мақсатпен жеңгетайлық жасаған.

Өз ісінің қылмыстық әрекет екенін түсіне отырып, сауна әкімшісі телефонмен Б.-ны клиентке жыныстық қызмет көрсету үшін саунаға шақырып, сол үшін Б.-дан 4000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алады.

Ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілік

17/10/2017

2017 жылы қаңтар айының 15 мен 23 аралығында Т. жәбірленушімен сенімді және жақын қатынаста болып, оның пәтеріне емін-еркін кіріп-тұру мүмкіндігі болуын пайдалып, жасырын түрде қымбат бағалы заттарды жымқырған және оны өз қалауы бойынша жұмсаған.

Өз танысының мүлкін ұрлағаннан кейін Т. екінші рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, ол елордалық сауда орталығының бірінде күзен тонын ұрлаған, алайда, тараптардың татуласуымен қылмыстық іс қысқартылған.

Мас күйдегі ер адам елордалық тұрғынның денсаулығына ауыр дәрежеде зиян келтірді

17/10/2017

2017 жылы шілдеде  С. қатты масаң күйде, арақ алу мақсатында дүкенге келеді.

Дүкеннің жанында белгісіз себептермен С. мен Е. арасында дау туындаған, ол төбелеске ұласқан.

Төбелес барысында С. үшкір затпен Е.-нің ішкі тұсынан жарақат келтірген. Соның нәтижесінде елордалық тұрғынның денсаулығына ауыр дәрежедегі зиян келтірген.

Ер адам заңсыз героин сақтағаны үшін сотталды

17/10/2017

2017 жылы Астана қаласы ІІД нашақорлыққа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында «Хан Шатыр» ОСО-ның автокөлік қоятын жерде ер адамды тінту кезінде, полиэтилен түйіншегінде салмағы 1,3433 грамм героин есірткісі табылды.

Сотталушыға тиесілі автокөлікті тінту барысында, салонның артқы бөлігінің сол жақ еденінінң астынан ақ түсті, нақты иісі бар зат табылды және алынды.

Мейманханада тұрғаны үшін қарыз

17/10/2017

2017 жылы екі компания арасында корпоративтік келісім жасалған, шартқа сәйкес талапкер мейманханада  тұру үшін бөлме беруге, ал жауапкер көрсетілген қызмет үшін  келісімде көрсетілген ақыны төлеуге міндеттенді.

Шартпен тәулігіне мейманханада тұру ақысы есеп сағатына сәйкес өндірілетіндігі қарастырылған. Бөлмелердің бағасы ақы төлеуге есепшот жіберілген кезден бастап төлену қажет.

Сот отырысында жауапкердің мейманхана нөмірі үшін төлемді толық төлемегені анықталды.

Сот қолданылған энергия үшін қарызды өндіріп алды

17/10/2017

«Астанаэнергосбыт» ЖШС-і сотқа жеке кәсіпкерден энергиямен жабдықтау шарты бойынша қарыз сомасын өндіріп алу туралы талаппен жүгінді, аталған шарт бойынша жауапкер міндеттемелерін орындамайтындығын алға тартты.

Сотта жауапкердің қолданылған энергия үшін ақыны уақытылы  төлемейтіні анықталды.

Лизинг заттарын талап ету

17/10/2017

 

2013 жылы «КазАгроҚаржы» АҚ мен «С» ЖШС арасында қаржы лизингі шарты жасалған, шартқа сәйкес жауапкерге ауыл шаруашылық техникасы берілді.

Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі туралы» туралы Заңның 12-бабына сәйкес лизинг алушы лизинг төлемдерін уақытылы төлеуге міндетті.

Алайда, кәсіпорын шарт бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамаған, соған байланысты,  лизинг берушінің алдында қарыз пайда болған.