Архив событий

24/10/2017

Астана қалалық сотына Түркия елінен делегация келді

24/10/2017

Астана қалалық сотына жұмыс барысымен Түркияның судьялары мен прокурорларынан құралған делегация келді.

Делегацияны Түркия Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Исмаил Рюштю Джирит бастап келді, оның құрамына Түркия Жоғары кассациалық сотының Бас республикалық прокуроры Мехмет Акарджа, Түркияның Әділет министрінің орынбасары Шабан Йылмаз, Әділет академиясы президентінің орынбасары Мұстафа Артуч, сонымен бірге түрлі деңгейдегі судьялар, әділет және прокуратура органдарының өкілдері кірді.

Елордалық соттардағы кадрлік өзгерістер

24/10/2017

Астана қалалық сотының төрағасы Т.Бәрпібаев қалалық соттың судьясы қызметін атқарған,  Астана қаласы Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының жаңа төрағасы Есімова Алма Есімқызымен таныстырды.

Танымайтын бойжеткенге тарпа бас салды

24/10/2017

2016 жылы 3 желтоқсанда бұрын сотталған 42 жастағы ер адам Ч. танымайтын бойжеткенге тарпа бас салып, 7 рет пышақтаған.

Бойжеткен барынша күш жинап, көшенің қарсы бетіне өтіп, кездейсоқ өтіп бара жатқан Е.-ден көмек сұраған, ол полиция және жедел жәрдем  бригадасын шақырады. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде, жәбірленуші аман қалды.

«Сот кабинеті» сервисінің жаңа мүмкіндіктері: «Электрондық сенімхат»

24/10/2017

Сарыарқа аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Э.Жанабаева «Электрондық сенімхат» қызметі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға сот мамандары және  «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау» ҮЕҰ-нің өкілі Ж.Талдыбаев қатысты.

Кеңсе меңгерушісі электрондық сервисті жетілдіру барысында «Сот кабинеті» шеңберінде «Электрондық сенімхат» қызметі іске қосылғанын айтып және де осы сервисті пайдаланушыларға сотқа электрондық сенімхат беруге мүмкіндіктері бар, бұл ретте нотариусқа жүгінуге еш қажеті жоқ деді.

Ваннаға деген қажеттілік ұрлыққа әкелді

24/10/2017

2017 жылы 27 қыркүйекте Н. үйдің ауласына заңсыз кіріп, К.-ға тиесілі ваннаны жымқырған, нәтижесінде жәбірленушіге 70 000 теңге көлемінде материалды зиян келтірген.

Жәбірленуші сот отырысын оның қатысуынсыз қарауға және Н.-ға қатысты қылмыстық істі тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты қысқартуын сұраған.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен медиативті келісім бекітілді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.  

Судья «Шалқар» радиосында сұхбат берді

24/10/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы К.С.Иманалиев «Шалқар» радиосының «Шалқар шаңырағы» бағдарламасында сұхбат берді.

Сұхбат барысында судья заңсыз құрылыс жүргізу және мемлекеттік жер телімдерін заңсыз алумен байланысты әкімшілік істерді қараудың тәртібі мен мерзімдері туралы айтып өтті.

Сонымен бірге судья көпқабатты тұрғын үйлерді сапасыз салғаны үшін әкімшілік істер бойынша қолданылатын жазалау шараларына түсініктеме берді.

Бұрынғы борышкер жеке сот орындаушысын сотта жеңді

24/10/2017

Азамат Ж. Астана қаласы Алматы аудандық сотына Астана қаласы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жеке сот орындаушысынан материалдық зиянды өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Жеке сот орындаушысының өндірісінде талапкерден М.-ның пайдасына қарызды өндіру туралы орындау өндірісі болды, соның негізінде Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша тыйым салу туралы қаулы шығарылды.

Жол ортасында ашық жатқан құдықтың салдары

24/10/2017

«HyundaiAccent» маркалы автокөлігінің жүргізушісі елордадағы көшелердің бірінде келе жатып, ашық жатқан құдыққа түсіп кетеді.

Жол бойында ескерту белгілері болмаған. 

Келтірілген залалды бағалау үшін жүргізуші тәуелсіз бағалау компаниясына барады.

Сосын автокөлік жүргізушісі Астана қаласы Алматы аудандық сотына «Астана -Тазалық» ЖШС-нан залал сомасын өндіру талабымен жүгінеді.

Сот шешімімен талап арыз толық қанағаттандырылды.

Әйел өз жиенінің досын өлтірді

24/10/2017

2016 жылы 15 желтоқсанда К. өзінің жиені У.-ға қонаққа келеді.

Сол  күні жиеніне досы А. келеді және үшеуі спирттік ішімдік ішеді.

Спирттік ішімдік таусылғанда У. арақ сатып алу үшін дүкенге кетеді, үйде татесі мен досы қалады.

Мастықтың салдарынан К. мен А.-ның арасында жанжал туындайды, соның барысында әйел пышақты алып, А.-ның оң жақ кеуде тұсына пышақ салады.

Алған дене жарақаттарынан А. оқиға орнында көз жұмады.

Елордада ер адам есірткіні аса ірі мөлшерде сатқан

24/10/2017

2016 жылы 1 қазанда Е., есірткі затын заңсыз сатып алуға көмек көрсету туралы бұрын қол жеткізілген келісімге сәйкес, шартты сатып алушы И.-мен кездеседі.

Е. сатып алушыдан 8000 теңге көлемінде ақша алып, оған 1,1572 гр.болатын героин берген.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Е. қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ҚР ҚК –нің 28 бабының 5 бөлігімен, 296 бабының 4 бөлігімен 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ұры жәбірленушімен татуласты

24/10/2017

2017 жылы 13 қыркүйекте Р. үйдің ауласында тұрақта тұрған «Мерседес-Бенц» маркалы автокөлігінің жүксалғышы мен салонын ашып, жәбірленуші А.-ға тиесілі заттарды ұрлаған.

Қылмыстық әрекетінен кейін Р. ұрланған заттармен жасырынбақ болады, алайда полиция қызметкерлерімен ұсталуына байланысты өз ойын аяғына дейін жеткізе алмаған.

Сатушы кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаға алкоголь өнімдерін сатқан

24/10/2017

Елордалық дүкендердің бірінде сатушы болып жұмыс істейтін Т. кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаға екі бөтелке сыра сатқан.

Сатушыға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 200 бабы 1бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Сотта құқық бұзушы кінәсін мойындады, өз ісіне өкінді.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен сатушыға 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Жеке сот орындаушысынан қарыз сомасы өндірілді

24/10/2017

«Т» жеке кәсіпкер жеке сот орындаушысы К.-дан келісім-шарт бойынша берешек сомасын өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Тараптар арасында экскаватор түрінде мүлікті сақтау туралы шарт жасалды, соған сәйкес жауапкер талапкерге мүлікті сақтау үшін күніне 2 000 теңге мөлшерінде сыйақы төлеуге міндеттелді. Алайда, жауапкер өтемақы сомасын төлеу бойынша міндеттемелерді орындамады.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерден қарыз сомасы өндірілді.

Тұрғын үйді сатып алу туралы шарт бұзылды

24/10/2017

Талапкер мен «А» ЖШС арасында алдын-ала келісім жасалды.

Шарт талаптарына сәйкес, талапкер беруге, ал «А» ЖШС тұрғын үй кешендерінің бірінен пәтер алуға міндеттенді.

Сотта «А» ЖШС-ның сатып алатын пәтердің ақысын төлеу бойынша міндеттерін орындамағаны анықталды, осыған байланысты, талапкер сотқа шартты бұзу туралы талаппен жүгінді.

Астана қаласы Алматы аудандық сотының шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі дау туғызды

24/10/2017

2016 жылдың ортасында аз.А. Астанадағы «Хан-Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында оптика сату жөніндегі дүкеннің консультанты лауазымына жұмысқа қабылданған.

Еңбек шарттарына сәйкес, жауапкер материалдық-тауар құндылықтарға толық жауапкершілік атқаруға міндеттенген.

Тауарларды түгендеу барысында жалпы сомасы екі миллон тенге құрайтын тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі анықталды.

Еңбек кодексіне сәйкес қызметкер жұмыс берушіге келтірілген залалды өтеуге міндетті.

Суд обязал индивидуального предпринимателя исполнить обязательства по договору

24/10/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Бурабай ауданы білім басқармасы» ММ-нің жеке кәсіпкерге міндеттемелерді орындауға міндеттеу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта тараптардың арасында тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғандығы анықталды, оның негізінде жауапкер автокөлік құралының қозғалтқышын қойды. Алайда қойылған тауарды ақау анықталды.

Шарт бойынша міндеттемелерді орындамау

24/10/2017

«Г» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі елорданың тұрғынынан қарыздың көлемін өндіру туралы арызымен сотқа жүгінді.

Жауапкер серіктестіктен видеотехникалық жабдықтар алып, келісілген уақытта қолма-қол ақша төлеуге міндеттелген.

Алайда жауапкер өз мойына алған міндеттері орындамаған. Жауапкердің талапкерден мүлікті алғаны шот-фактура және тауарды шығару құжатымен расталады.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен борышкерден қарыз сомасы өндірілді.

Тұрғын емес үй-жайды жалғаны үшін қарыз

24/10/2017

Талапкер жауапкерге уақытша пайдалануға тұрғын емес үй-жайын және ақылы автотұрақты бір жылға жалдауға ұсынды.

Келісімге сәйкес, төлем әр айдың 1-ші күніне дейін жүргізіледі және үй-жай үшін 250 000 теңге және ақылы тұрақ үшін 30 000 теңге тұрады.

Жауапкер жалгерлік төлемді төлеу жөніндегі міндеттемесін толығымен орындамады.

Осыған байланысты, талапкер соттан жауапкерді жалға алынған мүлікті босатуды міндеттеуді сұрайды.

Компания банкрот деп танылды

24/10/2017

«Балпеис строительно-электромонтажная компания»ЖШС-нің негізгі қызметі электротехникалық және монтаждау жұмыстары болып табылады.

Алайда қазіргі уақытта ЖШС мүліктері мен басқа да материалдық активтерінің болмауына байланысты  қарызын төлей алмайды, сондықтан борышкер төлемге қабілетсіз.

Соған байланысты Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы сотқа  «Балпеис строительно-электромонтажная компания»ЖШС-ін банкрот деп тану туралы талаппен жүгінді.

Көрсетілген қызмет үшін қарыз

24/10/2017

2015 жылы «Астана су арнасы» МҚК мен «С» ЖК арасында суды пайдалану және сарқынды суды бұру бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасалған.

Сотта жауапкер талапкер алдындағы көрсетілген қызметі үшін ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамағаны анықталды, соған байланысты жеке кәсіпкердің талапкер алдында қарызы пайда болды.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Астана су арнасы» МҚК-нің талап арызын қанағаттандырып, жауапкерден қарыз сомасын өндіріп алды.

Еңбек өтілі қалпына келтірілді

24/10/2017

Аз.К. сотқа оның коммуналдық шаруашылықтың әртараптандырылған кәсіпорнында жүргізуші болып жұмыс атқарғандығы жайлы заңдық маңызы бар фактіні анықтау бойынша жүгінген.

Талапкердің зейнетақы ісін жүргізу және зейнетақы есебін қалыптастыру кезінде белгілі болғандай, қосымша тірек құжаттары талап етіледі, өйткені оның еңбек кітапшасында еңбек өтілі оқылмайды.

Арызданушы ұйымның таратылуына байланысты еңбек өтілін өзге түрде растай алмайды.