Архив событий

09/10/2017

Сот құрылыс объектісін тоқтатты

09/10/2017

2016 жылы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеру барысында елордалық құрылыстың бірінен кемшіліктер анықтаған, онда құрылыс нысаны құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат берілмей салынған.

2016 жылы қараша айында Астана қаласы әкімшілік сотының қаулысымен құрылыстың тапсырыс берушісі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып,  оған айыппұл салынды.

Астана қаласы  мамандандарылған ауданаралық экономикалық соты құрылыс нысанын құрылыс туралы шешімді алғанға дейін тоқтатты.

Жеке кәсіпкер банкрот деп танылды

09/10/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің «LUX HOLDING LTD» ЖК-ін банкрот деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Кәсіпорынның 2015 жылға салық қарызы бар.

Онымен қоса, Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексіне сәйкес, уәкілетті органмен мәжбүрлі түрде өндіріп алу шаралары жүргізілген, алайда нәтиже бермеді.

Тұтынушы шығын сомасын өтейді

09/10/2017

2009 жылы «Астана су арнасы» ЖШҚ-ғы МҚК мен елордалық колледждің бірінің арасында тәулік бойы ағын сумен жабдықтау және су тарту бойынша қызмет көрсету  шарты жасалды.

2016 жылдың желтоқсан айында талапкер өкілімен жауапкердің қатысуымен кедергінің тіркелуі туралы акт жасалған, кейіннен колледждің мекен жайына келтірілген шығынды өтеу туралы талаппен кәсіпорынның хаты жіберілді.

Алайда тұтынушымен шығын сомасы төленбеген.

Сөт төрелігін жүзеге асырудың сапасын арттыру

09/10/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында Астана қалалық сотының судьясы А.Жакупованың төрағалық етуімен семинар өткізілді.

Семинар сабағы барысында құқықты жүзеге асыру, сот актілерін уақытылы «Төрелік» жүйесіне енгізу мәселелері, сондай-ақ жалпы сот жүргізу сапасын арттыру мәселелері талқыланды.

Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

         

Көші–қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдік елден шығарылды

09/10/2017

Өзбекстан Республикасының азаматы Б. Қазақстан Республикасына жеке мақсатпен келген және заңсыз түрде Петропавл қаласында тұрып, жұмыс істей бастаған.

Б. шетелдік азаматтардың Қазақтан Республикасына келу және болу Ережесін бұзған, сондай-ақ «Халықтың көші-қон туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны тіркеудің белгіленген тәртібін сақтамағанынан көрініс тапқан.

Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен Б. Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Кәсіпорын бұрынғы жұмысшысына жалақы бойынша қарызды төлейді

09/10/2017

Азамат С. 2014 жылдың 08 желтоқсанынан 2016 жылдың 13 сәуірі аралығында «G» ЖШС-да бас директор лауазымында жұмыс атқарған.

Сотта анықталғандай, С. жасаған жұмыс уақытында жалақы алмаған.

Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен кәсіпорыннан С.-ның пайдасына жалақы бойынша 4 млн. теңге көлемінде қарыз сомасы өндірілді.

 Шешім заңды күшіне енген жоқ.