Архив событий

02/10/2017

Әкімшілік сотта Ашық есік күні өтті

02/10/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Ашық есік күні өткізілді.

Іс-шара шеңберінде сот төрағасы У.Рахматуллаев елорда тұрғындарымен кездесі өткізді, онда қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндірді.

Елорданың тұрғындары сот актілеріне шағымдану, әкімшілік айыппұл шаралары, сот актілерінің күшіне ену шарттары, сондай-ақ сот жүйесіне енгізілген заманауи ақпараттық технологиялар туралы сұрақтарға қызығушылық танытты.

Ювеналды сотта үкіметтік емес ұйымдармен кездесу өтті

02/10/2017

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында пробациялық бақылау мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  соттың судьялары, «Право» Қоғамдық коры, «Балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, «Келешек» психологиялық орталығының директоры, Ақмола облысының «Шанс» МҚК атқарушы директоры қатысты.

Сот банктік заем шарты бойынша қарызды өндірді

02/10/2017

2014 жылы елордалық тұрғын екінші дәрежелі банкпен банктік заем шартын жасасқан, шарт талаптарына сәйкес несие беруші борышкерге 61 ай мерзімге қарыз берген.

Борышкер негізгі қарызды өтеу және төлемді әр айдың 15 күнінде жүзеге асырылатын қарыз шартының талаптарына сәйкес, банк ұсынған төлем кестесіне қол қойған, алайда борышкер өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, тұрғыннан қарыз сомасын өндірді.

Тараптар медиация арқылы татуласты

02/10/2017

2017 жылы  сотталушылар И. және П., бірнеше рет, ұрлық жасау мақсатында, тұрғын үйлерге терезе арқылы заңсыз кіріп, ұялы телефондар жымқырғаны анықталды.

Сот отырысында жәбірленушілер сотталушылармен келтірілген залалдың орны толтырылғаны, медиация арқылы татуласып, іс бойынша өндіріс тоқтатылуын сұрады.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен іс медиация тәртібімен татуласу арқылы қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Сотта семинар өткізілді

02/10/2017

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында «Мемлекеттік қызметкердің этиканы сақтауы» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар жұмысына сот мамандары қатысты.

Жұмыс барысында кеңсе меңгерушісі А.Шыныбеков сот мамандарына мемлекеттік қызметкердің іс-әрекетінің жалпы стандарттарын түсіндірді.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Астана қаласы Судьялар одағы филиалының төрағасы отставкадағы судьяларды құттықтады

02/10/2017

 «Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» қоғамдық бірлестігінің астаналық филиалы Қарттар күніне орай отставкадағы судьяларға мерекелік кездесу өткізді.

Отставкадағы судьялар белгілі эстрадалық әнші Роза Әлқожаның «Арқада салған ән қандай?!» тақырыбындағы қазақстандық әртістердің қатысуымен өткізілген мерекелік кешті тамашалады.