Архив событий

27/10/2017

Елордалық сотта сот шешімдерінің сапасын арттыру мәселелері бойынша семинар өткізілді

27/10/2017

Астана қалалық сотында «Сот шешімдерінің сапасын арттыру» тақырыбында семинар өтті, оған қалалық соттың судьялары мен сарапшылар қатысты.

Семинардың модераторы ретінде қалалық соттың судьясы Мараш Манабаева сөз сөйледі, ол сот  актілерінің дұрыс әзірленуі мен сауаттылық деңгейінің артқанын атап өтті. Судья сот  актілерін орындау бойынша практикалық ұсыныстарды түсіндірді және сот қызметінің тиімділігі бірінші кезекте сот шешімдерінің сапалы орындалуына байланысты екенін атап өтті.

Республикалық «Вечерняя Астана» газетіндегі сұхбат

27/10/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы К.Иманалиев «Вечерняя Астана» республикалық қоғамдық-саяси газетіне  сұхбат берді.

Судья сотқа арыз беру тәртібі туралы, сот актісінің көшірмесін беру, «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы  апелляциялық шағымдарды және сот отырысының хаттамасына ескертпе беру тәртібін түсіндірді.

Сонымен бірге судья ағымдағы жылдың 9 айында қарастырылған әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтерді атап өтті.

Сотта судьялыққа үміткерлер үшін семинар өткізілді

27/10/2017

Сарыарқа аудандық соты аудандық және оған теңестірілген соттардың мамандары үшін судья лауазымына біліктілік емтихандарды тапсыру бойынша арнайы дайындау курстары бойынша семинар сабағын өткізді.

Кездесудің модераторы ретінде Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Дошанова сөз сөйледі, ол   әкімшілік заңнама нормаларын қолдану тәжірибесі және  әкімшілік істерді қарау тәртібін түсіндіріп өтті.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ескерту жасалды

27/10/2017

 

2017 жылы 16 қыркүйекте аз.М. өзінің бұрынғы жұбайы А.-ға қатысты қудалауға,  қауіп төндіретін заңсыз әрекеттер жасауға, дене және (немесе) психикалық қасірет келтіруге тыйым салынған ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзған.

Сотта анықталғандай, аз.М. бұрынғы әйелімен ортақ қыздарының көзінше жанжал тудырған.

Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік

27/10/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Ілтипат» ҚБ, «Рухани қоғам әлемі» ҚБ, «Қамқорлық» ҚБ ҮЕҰ-ы өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік, әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Бірнеше рет жасалған ұрлық

27/10/2017

2017 жылы қыркүйек айында М. Астана қаласындағы тұрғын үйлерге кіріп, жәбірленушілерге тиесілі материалдық құндылықтарды ұрлаған.

Сотта М. оған қарсы айыптаулар бойынша кінәсін толық мойындаған.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен М. ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігінің 2,3-тармақтарымен кінәлі деп танылып, аталған бап бойынша мүлкі тәркіленіп, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сот жылжымайтын мүлікті тыйым салудан босатты

27/10/2017

2010 жылы «И» ЖШС мен елорда тұрғыны арасында пәтер сатып алу-сату туралы алдын ала келісім шарт  жасалған.

Сотта ер адамның пәтер үшін төлем жасағаны анықталды, ол іс материалдарына тігілген құжаттармен расталады.

Алайда, сатып алушы «И» ЖШС-ның атына қойылған тыйым салулардың кесірінен алған пәтерін өз атына тіркеу құқығын жүзеге асыра алмаған.

Астана қалас Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, сатып алушының жылжымайтын мүлкін тыйым салудан босатты.

Сарыарқа аудандық сотында кәсіби медиаторлармен кездесу өтті

27/10/2017

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында «Медиация тәртібімен даулардың жекелеген санаттары бойынша жанжалдарды сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға соттың судьялары мен кеңсе меңгеруші, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ,  «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ-ның кәсіби медиаторлары қатысты.

Қолхат бойынша қарызды қайтару

27/10/2017

2016 жылы елорда тұрғыны өз танысынан қарызға ақшалай қаражат алған.

Алайда, борышкер қарызды келісілген мерзімде қайтармаған.

ҚР АК 716 бабына сай, егер облигация бар болса, қарыз берушімен белгілі бір соманы немесе белгілі бір заттарды бергенін куәландыратын қарыз алушының қолы немесе өзге де құжаттар бар болса, несие шарты жасалған болып  саналады.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, қарыз алушыдан қарыз сомасын өндірді.

ЖКО салдарынан келтірілген залал

27/10/2017

2017 жылы Ш. «Камаз» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, елорданың көшелерінің бірінде, жол қауіпсіздігін сақтамай, «Тойота» маркалы автокөлігімен соқтығысып, жолда жүру ережесін бұзған, соның салдарынан автокөліктің меншік иесіне материалдық зиян келтірді.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, ЖКО жауапкерінен залал сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Билік өкілін қорлау

27/10/2017

2017 жылы 02 қазанда полиция қызметкерлері, жүргізуші жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін, «BMW 525» маркалы автокөлігі тоқтатты.

Құқық бұзушы өз міндеттерін атқарып тұрған Н.-ға тіл тигізіп, билік өкілін қорлаған.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Б. ҚР ҚК 378-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, аталған бап бойынша 30 АЕК мөлшеріндегі айыппұл жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Автокөлік кепілге берілді

27/10/2017

2016 жылы қыркүйек айында елорда тұрғыны қаржы ұйымымен қарыз шартын жасаған, оның талаптары бойынша қарыз беруші борышкерге ақшалай қаражат берген, ал борышкер өз кезегінде 0,34 % мөлшерінде қайтаруға міндеттенді.

ҚР АК 316 бабының 1 бөлігіне сәйкес, кепілге салынған мүлік болған немесе болуға тиіс кепіл ұстаушы оның өзгенің заңсыз иеленуінен, соның ішінде кепіл берушінің өзінене де талап етіп алуға құқылы.

ЖКО нәтижесінде материалдық залал келтірілді

27/10/2017

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында азамат М.-ның  азамат Р.-ға қатысты жол-көлік оқиғасынан келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта жауапкер  «Range rover» маркалы автомашинасын басқарып келе жатып,  жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпестен, талапкер басқарып келе жатқан «Lada»  маркалы автомашинасына соқтығысқаны, нәтижесінде машинаға едәуір зақым келтірілгені  анықталды.

Сот шешімімен жауапкерден материалдық зиян сомасы өндірілді.