Архив событий

03/10/2017

Сарыарқа аудандық соты бұрынғы қызметкердің құқығын қорғады

03/10/2017

Әйел адам 2013 жылдан бастап елордалық компаниялардың бірінде есепші болып жұмыс атқарған.

Алайда 2016 жылдың сәуір айынан бастап шарт бұзылғанға дейін жауапкер тарапына еңбекақы төленбеген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 1-тармағына сәйкес, сот органдарын тағайындау азаматтар мен Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің және Республиканың халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету, заматтар мен ұйымдардың бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.

Тауар үшін уақытында төлемеу

03/10/2017

Астана тұрғыны мен  «С» ЖШС арасында инертті материалдарды жеткізу бойынша ауызша келісім-шарт жасалған.

Қала тұрғыны «С» ЖШС-на материалдарды берген, алайда компания ақы төлеу бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындамаған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен талап қою арызы толығымен қанағаттандырылды, серіктестіктен талапкер пайдасына қарыз сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Компанияның бұрынғы қызметкері материалдық залал сомасын төлейді

03/10/2017

2017 жылы ер адам «С» ЖШС-на жүргізуші – кассир лауазымына қабылданған. Жұмыс атқару барысында ол компанияның материалдық-тауар құндылықтарға толық жауапты тұлға болған.

Жүргізуші – кассир жұмысын атқарған уақытта жауапкердің серіктестік алдында сатылған тауар бойынша қарыз пайда болған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты бұрынғы қызметкерден қарыз сомасын өндірді.

 Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Мемлекеттік қызметтің мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстар

03/10/2017

Астана қаласы Алматы аудандық сотында «Мемлекеттік қызметтің мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстар. Басқарма тәртібіне қарсы қылмыс» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Алматы ауданының №2 аудандық сотының судьясы Г.Убашева және сот мамандары қатысты.

Семинар барысында судья Г.Убашева сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаудың себептері туралы әңгімеледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

03/10/2017

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында кеңсе менгерушісі және сот қызметкерлерінің қатысуымен  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында бас маман С.Кенжегарина, Қазақстан тәуелсіздікдің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді тетіктер құру жолында мақсатты түрде жұмыс жүргізіп келе жатқанын атап өтті.