Архив событий

13/10/2017

Астана қалалық сотында судьялар әріптестерін тағайындалуымен құттықтады

13/10/2017

Елордалық судьялық корпусы Қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Кенжегарин Асқаржан Қапезұлы мен судья Жүсіпбекова Гүлмира Қоқанқызын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

Салтанатты жиналыста қалалық соттың төрағасы Т.Бәрпібаев әріптестеріне жоғары кәсіпқойлығы үшін алғысын білдіріп, оларға табыс тіледі.

Іс-шара соңында көптеген жылы сөздер айтылып, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Қылмыстық сот ісін жүргізудегі медиацияның рөлі

13/10/2017

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында «Қылмыстық сот ісін жүргізудегі медиацияның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға сот төрағасы мен судьялар, сонымен бірге «Медиация даму орталығы» РҚБ-ның медиаторлары қатысты.

Іс-шараны ашқан сот төрағасы А.Ақылбай, медиация бәрінің жеңуіне мүмкіндік тудыратын, дауға қатысушы барлық тараптардың мүдделері мен қажеттіліктерін барынша көрсететін консенсустық шешімдерге қол жеткізуге ұмтылатынын атап өтті.

Корпоративтік даулар бойынша сот тәжірибесі

13/10/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Корпоративтік даулар бойынша сот тәжірибесі» тақырыбында судья Ш.Т.Даниярова, С.Т.Бертыбаева, сонымен қатар «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Республикалық және Астана қаласы нотариаттық палаталарының нотариустары, «Астана қаласының қазақстандық халықаралық арбитраждық соты» арбитрлары, «Тумар Мунай Ресурс» ЖШС-нің заң департаментінің басшысы, адвокаттар, заңгерлер және үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Әскери қызметкер полиция қызметкеріне пара бермекші болған

13/10/2017

2017 жылы 28 қыркүйекте әскери бөлімнің келісім шарт қызметінің сержанты уәкілетті тұлғаларға ақшалай түрде заңсыз материалдық өтемақы ұсынған.

Уәкілетті тұлғалар ақшалай қаражаттан бас тартқан және сержантқа жауапкершілік туралы ескерткен, алайда құқық бұзушы оны ескермей, материалды өтемақыны қызметкерлер автокөлігінің салонында қалдырған.

Сотта әкімшілік жауапкершілікке тартылушы жасаған әкімшілік құқық бұзушылығын толық мойындаған.

Қарызды сот арқылы қайтару

13/10/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «М» ЖШС-нің «И» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, 2014 жылы жасалған мердігерлік шартқа сәйкес, «М» ЖШС «Автомобильный многофункциональный комплекс» объектісінде канализация жүргізу және сумен жабдықтау жүйесін монтаждау бойынша жұмыс орындауға міндеттенеді, ал «И» ЖШС орындалған жұмыс үшін төлем төлеуге міндеттенді.

Астаналық бір жылға жүргізушілік құқығынан айырылды

13/10/2017

2017 жылы 5 қазанда Ө. «Renault» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, тұтас екі жол сызығын қиып өтіп, қарсы беттің жолына шығып кеткен.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты құқық бұзушылық жасағаны үшін Ө.-ні ҚР ӘҚБтК-нің 3 бабымен кінәлі деп танып, әкімшілік жаза ретінде  бір жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемкорлық құқық бұзушылықтардын салдарын жою

13/10/2017

Астана қаласының Есіл аудандық сотында сот қызметшілерінің қатысуымен «Сыбайлас жемкорлық құқық бұзушылықтардын салдарын жою» атты семинар сабағы өтті.

Семинар сабағы барысында, бас маман Л.Асқарова сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың салдарын жою процесі 2015 жылы 18 қарашада қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңмен реттелетінін атап өтті.

Осылайша, жоғарыда аталған заңның 4-ші тарауы толығымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын жоюға бағытталған іс-шараларға арналған.

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы

13/10/2017

2016 жылы «ҚР Ұлттық Ұланы 6636 әскери бөлімі» РММ мен жеке кәсіпкер арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған, оның талаптары бойынша жеткізуші арматурлы болат қою керек болған.

Алайда жауапкерден тауарды қоюдан бас тарту туралы хат түскен. 

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жеке кәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Экономикалық сотпен шарт жарамсыз деп танылды

13/10/2017

«Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ екі компаниямен жасалған шартты жарамсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгінді.

Сот отырысында 2016 жылы екі елордалық компаниялар арасында қосалқы мердігерлік шарты жасалғандығы анықталды, шартқа сәйкес мердігер жолдарды жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға міндеттенді.

Алайда, мердігер жұмысты орындамай, жалған есеп-фактураларды жіберіп отырған.

Көрсетілген қызмет үшін қарыз

13/10/2017

2017 жылдың шілде айында елордалық компаниялардың бірі  «Астана-Тазарту» ЖШС-мен қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау, сұрыптау және брикеттеу бойынша  шарт жасады. Шартқа сәйкес қызмет үшін төлем әр айдың 10-күніне дейін жүргізілу қажет.

Алайда, компания шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамады, соның нәтижесінде онда қарыз пайда болды.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Астана - тазарту» ЖШС-ның пайдасына қарыз сомасы өндірілді.

Компания қарыз сомасын төлейді

13/10/2017

2016 жылы екі мұнай компаниясы арасында мұнай өнімдерін жеткізу үшін келісім-шарт жасалған, шартқа сәйкес тапсырыс беруші тауарды қабылдап, ақы төлеуге, ал жеткізуші 255 тонна көлемінде дизель отынын қоюға міндеттенеді.

Алайда, тапсырыс беруші жеткізілген дизель отыны үшін соманы толық төлемеген.

Астана қаласы мамандандырылғана ауданаралық экономикалық соты талапкердің пайдасына қалған қарыз сомасын өндіріп алды.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Еуропалық Одақ Жобасының халықаралық сарапшылары аудандық сотқа келді

13/10/2017

Бүгін Астана қаласы Алматы ауданынын №2 аудандық сотында Еуропалық Одақтың Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру бойынша жобаның халықаралық сарапшылары А.Кнорром, В.Кудрявцевпен «Әділдік-құқықтық қорғаудың басты талабы»  Жобасын іске асыру мәселелері бойынша кездесу өтті.

Жоба шеңберінде сотпен ақтау үкімінің аз көлемде шығарылу себебі жайлы ғылыми-практикалық  зерттеу жүргізілді. Зерттеу соттың статистикалық мәліметтері есебінде жүзеге асырылды.

Елорданың орталық базарындағы заңсыз миссионерлік қызмет

13/10/2017

2017 жылы 29 мамырда Астана қаласының ІІД-не орталық базарда  заңсыз түрде намазхан жұмыс істейтіні, онда өздерін имам деп атайтын белгісіз тұлғалардың заңсыз миссионерлік қызметпен айналысып жатқаны туралы жедел ақпарат жеткен.

Сотта анықталғандай, «Намазхана» намаз бөлмесі жергілікті атқарушы органдардың келісімінсіз жұмыс істеген.

Алматы ауданының №2 аудандық сотының судьялары студенттермен кездесу өткізді

13/10/2017

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында Қазақ гуманитарлы-заң университетінің студенттеріне «Ашық есік күні» өткізілді.

«Ашық есік күні» жастар арасында құқықтық тәрбиені арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында судья Н.Баяхметов студенттерге сот тарихы, сот этикасының жаңа Кодексі, заманауи ақпараттық технологиялардың енгізілуі туралы айтып өтті.

Шара шеңберінде студенттер үшін сот ғимаратына экскурсия ұйымдастырылды, соның барысында олар сот мамандары мен кеңсенің жұмыстарымен танысты.