Архив событий

19/10/2017

Сарыарқа аудандық соты «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

19/10/2017

Бүгін Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының бастамасымен, Астана қаласының «Халықты жұмыспен қамту орталығы» ҚҚ-ның қолдауымен мамандар халық көп жиналатын орындарда ақпараттық түсіндірме іс-шараларын өткізді.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМҚК мен Астанадағы «Халықты жұмыспен қамту орталығы» ҚМК және сот мамандары халыққа «Сот кабинеті» қызметінің артықшылықтары туралы айтып берді, сондай-ақ осы қызмет арқылы электронды өтінімдерді беру тәртібі туралы кеңес берді.

Астаналық тұрғын үйді заңсыз салған

19/10/2017

Астана қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жүргізген тексеру барысында «Т» ЖШС-на тиесілі жер меншігіне азамат С.-ның заңсыз алаңы 130 ш.м.  тұрғын үй салғаны анықталды.

Нысанды салу бойынша жасалған құрылыс жұмыстары заңсыз болып табылады.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен аз.С. ҚР ӘҚБК-нің 319 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және оған әкімшілік жаза ретінде 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді. 

Қылмыстық іс тараптардың татуласуымен қысқартылды

19/10/2017

2017 жылы 25 қыркүйекте М. жарнама агенттігінде бола тұра, цех ғимаратынан құрылыс жабдықтарын жасырын жымқырған.

Жәбірленуші Т. сотта М.-ның зиянның орнын толтырғанын және медиативті келісімді бекіткендерін түсіндірді.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Елорданың тұрғыны жаяу жүргіншіні қағып кеткен

19/10/2017

2017 жылы 5 мамырда Ш. «Mitsubishi Montero» маркалы көлігін басқарып келе жатып, оңға бұрылу кезінде жаяу жүргінші азаматша С.-ны қағып кетіп, жол көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен.

Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген.

Есірткіні ірі көлемде сақтаған

19/10/2017

2017 жылы 19 қыркүйекте Астана қаласындағы «Белый ветер» дүкенінің жанында полиция қызметкерлерімен сотталушы П. ұсталған, одан ірі көлемде салмағы 0,1885 гр. болатын есірткі заты- героин табылған.

Есірткі заттарын П. сату мақсатынсыз заңсыз сақтаған.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен П. ҚР ҚК 296-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 45 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Ер адам өз інісіне пышақ жарақатын салды

19/10/2017

2017 жылы маусымда С. есірткіге масаң күйде, тұрғылықты жері бойынша інісі А.-ға келген, олардың арасында туындаған жанжал барысында,   А.-ның кеуде тұсына үш рет пышақ сұққан.

Алайда, А. өзін қорғау  барысында  шәйнектегі ыстық суды С.-ға шашып қарсылық көрсеткен, осылай оның қасақана өлтірмек болған қылмыстық әрекетіне тосқауыл жасаған.

Осыдан кейін А. болған жайды әйеліне айтқан, ол жедел көмек бригадасын шақырған.  Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында А. өлімнен аман қалады.

Жосықсыз жеткізуші

19/10/2017

2017 жылдың маусым айында «Алау маұз айдыны» МҚКК мен жеке кәсіпкер арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған, шартқа сәйкес жауапкер 30 күнтізбелік күн ішінде тауарды қоюға міндеттенеді.

Алайда, жеке кәсіпкер шарт бойынша міндеттемелерді орындамады.

«Сот кабинеті» ақпараттық жүйесін қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары

19/10/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының мамандарымен «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесін қолдану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі күні сотқа «Сот кабинеті» сервисі арқылы 22 753 арыз келіп түскен, оның ішінде 13 345 талап арыздар болып табылады.

Сонымен бірге, сотта азаматтарға электрондық сандық қолтаңба беріледі. 1 ай ішінде сотта 207 ЭСҚ берілді.

Сот оңалту рәсімін қолданды

19/10/2017

«С» ЖШС оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен,  өзінің төлемге қабілетсіздігін, сонымен бірге  төлем қабiлетсiздiгі қаупiнiң төну белгілері бар және өзінің төлемқабілеттілігін қайта қалпына келтіру мүмкіндіктерінің бар екендігін алған тартып сотқа жүгінді.сотқа оңалту рәсімін қолдану туралы арызбен жүгінді.

Сот кедендік төлем мен несие бойынша қарызды өндірді

19/10/2017

2012 жылы Ж. Литва мемлекетінен DAF маркалы жүк тартқышын Қазақстан Республикасына импорттаған.

Кедендік декларациялау кезінде Ж. шығару тауарын 2009 жылы шыққан деп көрсеткен.

Қазақстандағы ресми дилердің камералдық тексерісі кезінде тауардың 2007 жылы наурыз айында шығарылғаны анықталды.

Жүк тартқыштың шығарылу мерзімі 5 жылдан асқан жағдайда, кедендік бажды өндіруге жатады.

Сот жалақы бойынша қарызды өндірді

19/10/2017

2017 жылы мамырда қала тұрғыны еңбек келісім шарты негізінде компанияға сатушы-кассир ретінде жұмысқа қабылданды.

2017 жылдың мамыр айынан маусым айына дейін жұмыс беруші бұрынғы қызметкерге жалақы төлемеген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 бабына сәйкес, әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

Әкімшілік сотының төрағасы Ашық есік күнін өткізді

19/10/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ашық есік күні өткізілді, онда сот төрағасы У.Рахматуллаев құқық қорғау органдарының өкілдеріне «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің артықшылықтары және  осы сервисті мобильді қолдану туралы айтып берді.

Кездесу барысында қатысушылар сот жүйесіне енгізілген басқа да ақпараттық технологиялармен қатысты.

 

 

Сот материалдық залал және моральдық зиян сомасын өндірді

19/10/2017

2016 жылы А. «HyundaiSuperAeroCity» маркалы автобусты басқарып келе жатып, елорда көшелерінің бірінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

ЖКО нәтижесінде жаяу жүргінші дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, онда ол «ауыр ми жарақаты» диагнозымен қайтыс болды.

ІІД тергеушісінің м.а. қаулысымен А.-ға қатысты қылмыстық іс рақымшылық актісі бойынша тоқтатылды.

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді

19/10/2017

Жеке кәсіпкер Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына елордалық компаниялардың бірінен қарыз сомасын өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сот отырысы барысында тарап өкілдерінен дауды медиативтік келісім тәртібінде реттеу туралы өтініш келіп түсті.

Жасалған келісімге сәйкес компания қарыз сомасын 2017 жылдың 30 қарашасына дейін төлеуге міндеттенді.

Несие қарызын қайтару

19/10/2017

2015 жылы желтоқсанда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен жеке кәсіпкер арасында несие беру туралы шарт жасалған, оның негізінде жеке кәсіпкерге малдың асыл тұқымын және асыл тұқымды бұқа өндірушілерді сатып алуға несие берілді.

Алайда, жеке кәсіпкер несиені төлеу міндеттерін уақытында орындамаған.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, жеке кәсіпкерден қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

Жұбайы марқұм күйеуінің жалақысын өндірді

19/10/2017

Азаматша Ы. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына «С» ЖШС-дан жалақы бойынша қарызды өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сотпен анықталғандай, талапкердің күйеуі жауапкердің жүргізушісі болып жұмыс жасаған, ол жұмысшысына жұмыс атқарған уақытында жалақы төлемеген.

Талапкердің күйеуі 2015 жылы қараша айында қайтыс болған. Талапкер марқұмның мұрагері болып табылады,  сол себепті соттан жалақы бойынша қарызды өндіруді сұрады.

Шарт бойынша міндеттемелерді орындамау

19/10/2017

Азамат М. және «А» ЖШС арасында құрылыс қасбетінің бөлшек сауда-саттығы туралы шарт жасалған.

Алынған өнімнің сапасы мен таңдалған өнімнің сапасы арасындағы сәйкессіздікті ескере отырып, талапкер қабылдау-беру актісімен расталған тауарларды жауапкерге қайтарады.

Сонымен бірге, жауапкер талапкер төлеген соманы уақытылы қайтару міндеттемесін орындамаған.

Фирма қызметкерлеріне жалақы бойынша қарызды төлейді

19/10/2017

Фирманың қызметкерлері сотқа «Ж» ЖШС-не қатысты жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап қою арызымен жүгінген.

Сотпен анықталғандай, жұмыс беруші бір жыл бойы Аршалы ауданындағы «Қиыршық тас карьер» нысанын күзететін күзетшілеріне жалақы төлемей келген.

Азаматтық іс материалдарын зерделей келе, Сарыарқа аудандық соты талапкерлердің талап қою арыздарын қанағаттандырып, жауапкерден жалақы бойынша қарызды өндіріп алды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

«Сот кабинеті» электрондық сервисін түсіндіру бойынша семинар

19/10/2017

Астана қаласы Сарыарқа  аудандық сотында кеңсе меңгерушісі «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Іс-шараға сот мамандары және «Халықты жұмыспен қамту орталығы» ҚМУ-дың жастар бағдарламасы бойынша тәжірибеден өтушілер қатысты.

Кеңсе меңгерушісі қатысушыларға «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолдану бойынша және осы сервистің мобильді қосымшалары туралы түсіндірме беріп, сервис арқылы электронды құжаттарды жіберу рәсімін көрнекі түрде көрсетті.

Сот техникалық су құбырының жарылу себебінен келтірілген материалдық шығын сомасын өндірді

19/10/2017

2017 жылы наурыз айында техникалық су құбырында жарылыс болған.

Жарылыс кезінде елорда тұрғынының пәтерін су басқан.

Қазіргі уақытта су басқан үйдің жағдайы өте нашар, іші ылғалданған, үйде тұру мүмкін емес, қазір үй тұрғындары басқа жерде тұрып жатыр.

Аталған үйді тексеру барысында заң кеңесшісі және пәтер иесімен акт жасалды, онда су басуынан жиһаз бен есіктердің зақымдалғаны, залдағы және жатын бөлмедегі су деңгейінің 12 см болғаны жазылған.

Сот моральдық зиян сомасын өндірді

19/10/2017

2015 жылы желтоқсан айында Астанадағы орта мектептердің бірінде сабақ арасындағы қоңырау кезінде  кәмелеттік жасқа толмаған М.-ға оның сыныптасы С. денсаулығына зиян келтірген.

Сот-медициналық сараптама бойынша, М.-ға қатты затпен ұру салдарынан сол жақ иығының үшінші орта сүйегінің сынғаны, сол жақ білекшесінде ашық жараның пайда болғаны, яғни өмірге қауіп төндіретін өлшемі бар ауыр дене жарақаты саналатын  қорытынды қойылды.

Ер адам есірткі сақтағаны үшін сотталды

19/10/2017

2017 жылы мамыр айында Б. елордадағы тұрғын үйдің бірінде,  қасақана әрекет етіп, сату мақсатынсыз, жеке пайдалану үшін салмағы 1,0876 грамм героин есірткісін джинсы шалбарының оң жақ қалтасында сақтаған.

2017 жылы мамыр айында Б. тұрғын үйдің кіре берісінен шығып келе жатқанда полиция қызметкерлерін байқап қалып, қалтасынан екі полиэтиленді ораманы лақтырып үлгереді.

Шиеленістің түбі көзсіз қалдырды

19/10/2017

2017 жылы сәуір айында елордадағы пәтерлердің бірінде Б. мен Н. арасында шиеленіс туындаған.

Шиелініс барысында Б. Н.-ға әдепсіз сөздер айта бастайды, ал Н. оны сыртқы есікке қарай итереді, сол кезде Б.-да маникюрге арналған қайшымен оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге бағытталған қылмыстық ой пайда болады.

Өзінің қылмыстық ойын жүзеге асырған Б., қайшыны алып, қасақана Н.-ның сол жақ көзіне тығып алады.

Нәтижесінде Н. бір көзінен айырылды.