Архив событий

18/10/2017

Тәртіпсіздікке және құқық бұзушылыққа нөлдік төзбеушілік

18/10/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында сот төағасы мен судьялардың, «Альянс студентов города Астана» ҚБ, «Туризм-Мир-Спорт» ҚБ өкілдерінің қатысуымен «Тәртіпсіздікке және құқық бұзушылыққа төзбеушілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Кәсіпорын нұсқаулықты тиісінше орындамады

18/10/2017

«К» көппәтерлі тұрғын үй кешенінде тексеру жүргізілген, оның қорытындысы бойынша «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің бұзылғаны анықталды.

Кәсіпорынның төрағасына анықталған бұзушылықтарды жою  бойынша нұсқаулық берілген.

Алайда,  нұсқаулықтың орындауын бақылау кезінде кәсіпорын лауазымды тұлғаның нұсқауын тиісінше орындамағаны анықталды.

Қарызды уақытылы төлеу керек

18/10/2017

Азамат М. Астана қаласы Есіл аудандық сотына аз.Н.-дан қарыз және тұрақсыздық сомасын өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Жауапкер талапкерден 1 750 000 теңге мөлшерінде қарызға ақшалай қаражат алған.

Қазіргі уақытқа дейін жауапкер қарыз сомасын қайтару бойынша өз міндеттерін орындамаған, телефон қоңырауларына жауап бермеген.

Сот шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына қарыз сомасы, 61 000 теңге тұрақсыздық айыбы, 18 110 теңге мемлекеттік баж шығындары өндірілді.

Сапасыз ұсынылған қызмет

18/10/2017

Азамат А. және «А» ҚК ЖШС арасында себезгі қабырғаларын дайындау бойынша шарт жасалған, пайдалану барысында талапкер орындалған жұмыстардан кемшіліктер анықтаған.

Талапкер жауапкердің мекенжайына сапасыз орындалған жұмыс нәтижесінде орын алған ақауларды жою туралы наразылық хатын жіберген.

Алайда, жауапкер осы талаптарды елеусіз қалдырған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен мекемеден талапкер пайдасына қарыз сомасы өндірілді.

Сот шағымды қанағаттандырудан бас тартты

18/10/2017

«К» ЖШС Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына  Сарыарқа ауданы бойынша кіріс басқармасының ҚР ӘҚБтК 266 бабы бойынша  әкімшілік өндіру туралы қаулысына байланысты шағыммен жүгінді.

Сотта талапкердің өкілі екі кәсіпорын арасында тауарды жеткізу бойынша шарт жасағанын айтты. Төлем қолма-қол жасалған және  әрбір келісім сайын төлем сомасы 1000 АЕК аспаған.

 Жоғарыда аталғандардың негізінде талапкердің өкілі қолданылған құқықбұзушылық құрамымен келіспейді.

Келісім шарт жарамсыз деп танылды

18/10/2017

«Л» ЖШС М., С., Р., Б., К., М., Т., Р., Ч.  қатысты сатып алу - сату келісім шарттарын жарамсыз деп танып, тараптарды бастапқы жағдайына келтіру, басқа біреудің заңсыз иеленуінен мүлікті қайтару туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

          Сатып алу-сату шартының негізінде «Л» ЖШС-ның иелігінде Астананың сол жағалауында  екі пәтер бар.

ХҚКО-ның анықтамасынан кәсіпорын пәтерлердің заңсыз өзге жеке тұлғалардың иелігіне өткенін білді және М. мен сатып алушы арасында жасалған келісім шарттың негізінде талапкердің меншік құқығы тоқтатылды.

Судья «Астана Ақшамы» республикалық газетіне сұхбат берді

18/10/2017

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы А.Касымова «Астана Ақшамы» республикалық қоғамдық-саяси газетінің редакторына сұхбат берді.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, судья  сот жүйесіне енгізілген жаңашылдықтар туралы айтты, осындай шаралардың бірі нотариустармен атқарушылық жазба рәсімін жасауды енгізу болып саналады.  Атқарушылық жазба - атқару парағының күшіне ие, және ол бойынша өндіріп алу атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың  талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Тауарды сапасыз орнатудың салдары

18/10/2017

Ағымдағы жылдың 24 мамырында «О» ЖК талапкерге суды тазалау үшін сүзгіні орнату бойынша өтеулі қызмет көрсеткен.

Сотпен анықталғандай, сүзгіні сапасыз монтаждау салдарынан ағын су пайда болып, талапкердің пәтері суға батқан.

Бұл факт тұрғын үй кешенінің ПИК инженерімен жасақталған тексеру актісімен расталады.

Жауапкер тарапынан материалдық зиянды өтеу бойынша шаралар бүгінгі күнге дейін қолданылмаған.

Оқу орны студентті оқыту бойынша қарыз сомасын өндіріп алды

18/10/2017

«С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университеті» АҚ және азамат Т. арасында білім беру қызметтерін көрсету бойынша шарт жасалған, оның шарттары бойынша жауапкер жоғары оқу орнына  «Сәулет» мамандығына қабылданған.

Сотта жауапкердің оқудан себепсіз қалуына байланысты, оқудан шығарылғаны анықталды.

Жауапкермен келісім-шарт бойынша міндеттеме орындалған жоқ, осыған байланысты, Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты бұрынғы студенттен оқытуға кеткен 200 000 теңгеден астам қарыз сомасын өндіріп алды.

Ювеналды сотта дөңгелек үстел өткізілді

18/10/2017

Астана қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ата-ана құқығынан айыру және оларды шектеу туралы азаматтық істердегі кейбір мәселелер туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға соттың судьялары, «Право» Қоғамдық коры, Астана қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» өкілдері қатысты.

Сот берешек соманы өндірді

18/10/2017

2017 жылы компаниялар арасында мердігерлік шарты жасалды. Шарт талаптарына сәйкес, мердігерлік ұйым өндіріс цехының төбесіндегі жылылықты сақтауды орындауға  міндеттенді.

Шартқа сәйкес жұмыстар 2017 жылдың 25 маусымына дейін аяқталуы қажет болған, соған байланысты тапсырыс беруші алдын ала төлем жасаған.

Алайда жауапкер шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамады.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты тапсырыс берушінің пайдасына қарыз сомасын өндіріп алды.

Сот төленген несие сомасын өндірді

18/10/2017

2014 жылдың маусым айында «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства» АҚ мен жеке кәсіпкердің арасында несие беру шарты жасалған, оған сәйкес жауакерге тұрғын жай мен құрал-жабдық алуға несие берілді.

Алайда жауапкермен несиені  уақтылы өтеу бойынша міндеттемелер орындалмаған.

 Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жеке кәсіпкерден қарыз сомасын өндіріп, талап арызды қанағаттандырды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Тұрғын емес жайды қолданғаны үшін жалдау төлемі

18/10/2017

«Аэропорт Сары-Арка» АҚ-ы жеке кәсіпкерден тұрғын емес жайларды жалдау шарты бойынша қарыз сомасын өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінді.

2015 жылы тараптар арасында тұрғын емес жайды жалдау бойынша шарт жасалған.

Сот отырысы кезінде шарт пен заңнаманың талаптарын бұзу арқылы жауапкермен жалдау төлемі тиісінше жүргізілмегендігі анықталды, нәтижесінде қарыз сомасы пайда болды.

Сот бұзылған еңбек құқықтарын қорғады

18/10/2017

Азамат К. 1986 жылдан бастап  «О» ҚБ-нің Ақтөбелік филиалында есепші лауазымында қосымша жұмыс атқарған.

Жұмыс беруші соңғы жылдары жұмысшыға жалақы бойынша төлем жасамаған. Талапкер айтып өткендей, еңбек жалақысы ішінара және аванс ретінде беріліп отырған, нәтижесінде жалақы бойынша 600 000 теңге көлемінде берешек пайда болған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жұмыс берушіден талапкердің пайдасына қарыз сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Су құбырына өз бетімен қосылған автожуудан берешек сомасы өндірілді

18/10/2017

 «Астана су арнасы» МКК инспекциясы өкілдерімен көлік жуу орнында өз бетінше қалалық су құбыры және кәріз жүйесіне шарт жасамастан қосылғандығы бойынша акті жасалған.

Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану туралы ережені бұзуы нәтижесінде, жауапкер кәсіпорынға едәуір залал келтірген.  Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, автожуу бүгінгі күнге дейін өз қызметін жүзеге асырып келеді.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен кәсіпорынның пайдасына шығын сомасы өндірілді.

КазГЗУ студенттері үшін дәріс өткізілді

18/10/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының жетекші маманы О.Абдикерим Қазақ гуманитарлы-заң университетінің студенттеріне «Сот – сот төрелігін жүзеге асырушы орган ретінде» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында О.Абдикерим  Қазақстандағы сот жүйесі сот төрелігін  Конституция және өзгеде Заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратынын атап өтті.

Салмақ параметрін асыру

18/10/2017

2017 жылы 17 қыркүйекте ППТК 700-де тексеру барысында «З» ЖШС-на тиесілі «Howo» маркалы автокөлігі тоқтатылды, ол ауыр жүктерді  Көкшетау – Аулие ата айналма тас жолымен тасымалдаған.

Тексеру барысында тиісті рұқсатынсыз жүктің салмақ параметрлерінен асып кеткендігі анықталды, бұл дегеніміз ҚР Инвестициялар және даму министрлігі бұйрығының 13,14 тармағын бұзу болып табылады.

Сот елорда тұрғынының пайдасына сақтандыру төлемін өндірді

18/10/2017

2015 жылы қараша айында қала тұрғыны және екінші деңгейлі банк арасында несие беру туралы банктік заем шарты жасалған.

Банкке қарызды қайтаруды қамтамасыз ету үшін борышкер NissanAlmera маркалы көлік құралын кепілге қояды, ол сақтандыру компаниясының несиелеу бағдарламасы және банктің кепіл саясатына сай сақтандырылған.

2016 жылы қыркүйек айында борышкердің автокөлігі өртенеді, ол Төтенше жағдайлар бойынша басқарманың өрт туралы актісімен расталады.

Тауарларды уақытша сақтау мерзiмдерiн бұзу

18/10/2017

2017 жылы 3 сәуірде Жапониядан әуежүкқұжатпен «В» ЖШС-ның мекен-жайына «байланыс жабдықтары» келді.

«В» ЖШС тауарды уақытша сақтау мерзімі өтуіне байланысты кеден заңнамасының белгіленген мерзімдерінің талаптарын бұзған.

 ҚР «Қазақстан Республикасындағы кеден істері туралы» Кодексінің 268 бабының 1 тармағына сәйкес тауарлардың уақытша сақтау мерзімі екі айды құрайды.

Сотта «В» ЖШС-нің өкілі құқық бұзушылықпен келісті, мерзімді ұзартуды және тәркілеусіз әкімшілік жаза қолдануды сұрады.

Жеткізу мерзімін өткізіп алғаны үшін жиһаз дүкені қарыз сомасын төлейді

18/10/2017

Азамат Б. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына  «С»  ЖК -ден қарыз сомасын өндіріп алу туралы арызбен жүгінді.

Тараптар арасында сатып алу-сату шарттары жасалынған, оның талаптары бойынша талапкер жауапкерден жиһаз сатып алған.

Талапкер жауапкерге жиһаз үшін алдын ала төлем жасаған, алайда соңғысы шарт бойынша жеткізу міндеттемесін орындамаған.

Сот шешімімен жауапкерден материалдық шығын сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.