Архив событий

30/10/2017

Мейрамхананы тексеру кезінде санитарлық ережелерді бұзу анықталды

30/10/2017

Тез қызмет көрсету ресторанына иелік етуші, «F» ЖШС-ның директоры Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының» қаулысына шағыммен жүгінді.

Басқарманың қаулысымен «F» ЖШС-ы санитарлық ережелердің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылған.

Жоспардан тыс тексеру кезінде шикізаттың, шикізаттың жартылай фабрикаттарының және дайын өнімді қоспағанда, технологиялық процестің ағыны байқалмайтындығы және лас ыдыстар анықталған.

ЖҚС құрылысы тиісті органның рұқсатынсыз басталған

30/10/2017

«Жанармай құю станциясын салу» объектісін жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында, мемлекеттік регламенттерде және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық актілерде  көзделген бұзушылықтар анықталды.

Сотта құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінің басталғанын ескертпестен 2016 жылдың тамыз айында  құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны анықталды.

Жауапкермен іс-шараны ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетілмеген

30/10/2017

2017 жылдың наурыз айында «Управление по вопросам молодежной политики города Астана» ММ мен «Союз дебатеров «ЖАС ҚАЗАҚ» ҚБ-нің арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған.

Шарт негізінде жауапкер жобаның іс-шараларын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуге міндеттенді.

Тұрғын үйді жалға алып, төлемеу сотқа алып келді

30/10/2017

«А» РМКМ Астана қаласы Есіл аудандық сотына аз.С.-дан мүлікті жалдау шарты бойынша қарызды өтеу туралы талап арызымен жүгінді.

Сотта «А» РМКМ және аз.С. арасында жатақханада тұру үшін келісімшарты жасалғаны анықталды. Алайда, өтініш беру кезінде, жауапкердін талапкер алдында 143 237 теңге қарызы пайда болды.

Келісім шарттың 7-тармағына сәйкес, егер бір айдан артық төлем болмаған кезде, жалға беруші  жауапкерден жалға беру төлемін мәжбүрлеп өндіріп алу және барлық сот шығындарын өтеу үшін сотқа жүгінуге құқылы.

Тәжірибелік сот процесі

30/10/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьясы К.А.Ермағанбетованың жетекшілік етуімен, судьялыққа тағылымдамадан өтуші-кандидат Б.С. Баяндина азаматтық істі жүргізу бойынша тәжірибелік сот процесін  өткізді.

Іс-шараның мақсаты – болашақ судьяларды дайындау сапасын арттыру, заңгер-студенттердің болашақ мамандығын игерудегі кәсіби дағдыларын көтермелеу, мемлекеттік қызметшілердің кадр резервін қалыптастыруға көмектесу.

Әйел адам есірткі заттарын сатқаны және сақтағаны үшін сотталды

30/10/2017

2016 жылдың қараша айында  Л. өз пәтерінде С.-ға 16 000 теңгеге 1,422 грамм героин есірткі затын сатқан.

Л.-ның пәтерінде іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері аса ірі көлемде, 3,1791 грамм есірткі затын тапқан, оны сотталушы жеке пайда табу мақсатында заңсыз сақтаған.

Көп пәтерлі тұрғын үйде болған өрт астаналықты мүгедектікке жеткізді

30/10/2017

2009 жылы 8 мамырда көп пәтерлі тұрғын үй кешенінде «С» ЖШС-ның өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан өрт шыққан.

Өрттің салдарынан ұй тұрғындары жапа шекті және олар ауыр халде ауруханада жеткізілген.

Азамат К.-ға бірнеше рет ота жасалды және екінші топ мүгедектігін алды.

Сотта анықталғандай, жәбірленуші тек қана Қазақстанда ғана емес, Германияның Фрайбург қаласында ем алған.

Сот 2 млн.теңгеге жуық соманы талапкердің пайдасына өндірді

30/10/2017

Аз.Б. және «S» ЖШС арасында мердігерлік шарты жасалған, шартқа сәйкес жауапкер нысандағы жөндеу-құрылыс жұмыстарын уақытында орындауға міндеттенді.

Жөндеу-құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін тапсырыс беруші көптеген ақаулар табады,  жауапкер оларды жоюға міндеттенген, алайда өз міндеттерін тиісінше орындамаған.

Астана қаласы Алматы аудандық соты жауапкерден талапкердің пайдасына 2 млн.теңгеге жуық залал сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Алимент төлемегені үшін әкімшілік қамауға алынды

30/10/2017

Аз.Ж. Сарыарқа аудандық сотының 2004 жылғы аз.Ж.-ның пайдасына кәмелеттік жасқа толмаған баласын бағу үшін алимент өндіру туралы сот бұйрығының талаптарын орындамаған және 1 млн. теңгеден астам берешегі бар.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен аз.Ж. ҚР ӘҚБК 669 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және әкімшілік жаза түрінде 1 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Сот ПИК жиналысының шешімін жарамсыз деп таныды

30/10/2017

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің пәтер иелері  «К» ПИК-ке қатысты пәтер иелерінің есеп беру және сайлау жиналысының шешімдерін жарамсыз деп тану туралы  сотқа жүгінді.

Мұндай кездесулерді өткізудің заңдылығының негізгі шарты – пәтерлер мен үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының 2/3-інде анықталған пәтерлер мен үй-жайларлың меншік иелерінің кворумын қамтамасыз ету болып табылады.

Сот астаналық тұрғынның құқықтарын қорғады

30/10/2017

2015 жылы қаңтар айында аз.Р. мен «Алма ТВ» ЖШС арасында қызмет көрсету туралы шарт жасалды.

Шартқа сәйкес, «Алма ТВ» ЖШС тәулік бойы кабельдік теледидар қызметтерін ұсынуға, абоненттен өтінімді алған сәттен бастап 72 сағат ішінде техникалық ақаулықтарды жою бойынша шараларды қолға алуға міндеттенді.

2017 жылдың басынан бастап кабельдік телеарна көрсетуді тоқтатты және ол жауапкерге техникалық ақауларды жою туралы өтінішпен  бірнеше рет жүгінген.