Архив событий

16/10/2017

Кәсіпорын банкрот деп танылды

16/10/2017

Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы сотқа «АлФлай» ЖШС-ні банкрот деп тану туралы арызбен жүгінді.

Кәсіпорынның негізгі қызмет нысаны басқа топтамаларға қосылмаған инженерлік ғимараттарды салу болып табылады.

Сот отырысында анықталғандай, кәсіпорында салық және өзгеде бюджетке міндетті төлемдер бойынша қарыз бар.

Мердігерлік шарты бойынша қарыз

16/10/2017

2016 жылдың ақпан айында елордалық екі компания арасында қосалқы мердігерлік шарты жасалған, шарт талаптарына сай мердігерлік ұйым көпқабатты тұрғын үй кешені нысанында монтаж жұмыстарын орындауға міндеттенді.

Мердігерлік ұйым шарт бойынша міндеттерді толық көлемде орындады, алайда тапсырыс беруші көрсетілген қызмет үшін төлемді тиісінше жүргізбеген.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жауапкерден талапкердің пайдасына қарыз сомасын өндіріп алды.

Әкімшілік сотта семинар өтті

16/10/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы әкімшілік істерді қарау барысында туындайтын мәселелерді талқылау бойынша судьялардың қатысуымен кезекті жоспарлы семинар өтті.

Семинар жұмысына қалалық соттың судьясы К.А.Ақтайлақов, сот төрағасы У.Рахматуллаев және судьялар қатысты.

Жұмыс барысында К.А.Ақтайлақов денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені туралы әкімшілік істерді қарау бойынша тиісті ұсынымдар берді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау - бірінші орында

16/10/2017

Үстіміздегі жылдың 13 қазанында Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы Г.Шарапатова «Адилет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау» қоғамдық ұйымның ұйымдастыруымен өткізілген «Дайындалатын және сатылатын жиһаз сапасы. Проблемалар және шешу жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Кәсіпорын 500 АЕК төлейді

16/10/2017

 

«К» АҚ нысанмен ұсынылған мемлекеттік аудиттің ақпаратымен, деректермен, құжаттармен (материалдармен) және қосымша талаптармен қамтамасыз ету бойынша ҚР ҚМ КВГА №2 мемлекеттік секторы аудит бөлімінің лауазымды тұлғасымен берілген талаптарды орындамаған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен АҚ әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК 462 бабының 3 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды және әкімшілік жаза ретінде 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Тараптар медиативтік келісімге келді

16/10/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «А» ЖШС-ның «К» АҚ-дан қарызды өндіру бойынша азаматтық іс қаралды.                                    

Сот талқылау барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім ұсынды.  

ҚР АПК 48 бабының 1 бөлігіне сай, тараптар істі медиация тәртібімен бітіре алады.

Сот ұйғарысмымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.

Көшпелі сот отырысы

16/10/2017

Астана қаласының Есіл аудандық ІІБ-да Астана қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Г.Қайдарова көшпелі сот отырысын жүргізді.

Сот отырысы барысында ӘҚБК-нің 434 бабы бойынша ұсақ бұзақылыққа қатысты 18 әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік жаза ретінде 10 (он) АЕК мөлшерінде айыппұл салынды және бір құқық бұзушыға сот 1 тәулікке әкімшілік қамауға алу қаулысын шығарды.

Сот баланың құқықтарын қорғады

16/10/2017

Елордалық тұрғын кәмелеттік жасқа толмаған Н.-ға дене жарақаттарын келтірген.

Сотта жауапкер баланы тәрбиелеу мақсатында ұрғанын айтып, өз кінәсін мойындады.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 бабы 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды және әкімшілік жаза ретінде 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

ҚР ӘҚБтК 819 бабының 2 бөлігін негізге ала отырып, сот әкімшілік айыппұлдың сомасын жалпы сомасынан 30% -ға қысқартты.

Судьяны мерейтойымен құттықтады

16/10/2017

Бүгін «Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» РҚБ-нің Астана қаласы филиалының төрағасы Арман Жүкенов  Астана қаласы сотының судьясы Кенже Әшімұлы Ақтайлақовты салтанатты түрде 60-жылдық мерейтойымен құттықтады.

Арман Жүкенов осы айтулы күнмен құттықтай отырып, мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық бақыт және игілік тіледі.

К.Ә.Ақтайлақов көптеген жас судьяларға тәлімгер бола білді, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысып отырады.

Спирттік ішімдіктерді ішу қылмыс жасауға итермеледі

16/10/2017

2017 жылы 16 қыркүйекте М. Ж.-мен бірге елордалық кафелердің бірінде спирттік ішімдік ішкен.

Бірге уақыт өткізгеннен кейін ер адам әйелден ақшалай қаражат талап еткен, ол бас тартқан.

Талап етуін тоқтатпаған М. жәбірленушінің сөмкесін күштеп алып, қылмыс жасаған жерден бой тасалаған.

Жәбірленушіге 100 000 теңге көлемінде зиян келтірілген, алайда сотта ол М.-мен татуласқанын және оны қатты жазаламауларын өтінген.

Жастар арасындағы ұсақ бұзақылықтың алдын алу

16/10/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында судьялардың, «Жас Отан» Жастар қанаты» ҚБ, Астана қаласы «Жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасы», «Жас Отан» қалалық жастар қанаты» АҚФ, «Қазақстан студенттер Альянсы» РСҚ-ы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Науқас сотта тіс дәрігерін жеңді

16/10/2017

2017 жылы азаматша елордалық тіс емханаларының біріне тісін емдетуге барған. Тіс дәрігері науқастың тісін емдеген және протездеген.

Ем және протездеуден кейін науқас ас іше алмаған және оны ауырған тісі қатты мазалаған. Осыған байланысты ол тіс дәрігеріне шағымданғанда, жақын арада барлық асқынулардың басылатыны туралы жауап алады.

Алайда, уақыт өткеннен кейін де ауырсыну күшеймесе азаймаған, ол аздай, тісі шытынап, түсе бастаған.

Автокөлікті қозғалтқышсыз қалдырды

16/10/2017

2017 жылы 22 шілдеде С., Б. және Г. үйдегі жертөлелердің біріне адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы ұрлау мақсатында заңсыз кірген.

Сотталушылар жәбірленуші Ш.-ға тиесілі «Тойота Превия» маркалы автокөліктің қозғалтқышын жымқырған, нәтижесінде 180 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуы арқылы қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

«Сот кабинеті» электрондық қызметі

16/10/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында «Сот кабинеті» электрондық қызмет тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға сот судьялары, кеңсе меңгерушісі, екінші дәрежелі банк өкілдері қатысты.

Дөңгелек үсте модераторы ретінде судья Б.К.Батталова сөз сөйледі.

Жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін қоғамдық жұмыс

16/10/2017

2017 жылы 17 шілдеде Х. «Тойота» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, солға бұрылу кезінде қарама-қарсы бағытта келе жатқан көлікке жол бермей,  К.-ның басқаруындағы «SSang Young» маркалы көлігімен соқтығысқан.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Х.  ҚР ҚК 345 бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және 2 жылға көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру арқылы, 180 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Дизель отынынан қосымша табыс таппақ болды...

16/10/2017

Х. дизель отынының шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз, дизель отынын қабылдап, оны сататын ориталықты ұйымдастырған.

Х. ЖЖМ қабылдаушысы болып жұмыс атқарған, 2015 жылы оған күніне 5000 теңгеге басқа жерде қабылдаушы болып қосымша табыс табуға шақырған, ол келіседі.

Х. сотта түсіндіргендей, қабылдау бекетіне күніне 10-15 көлік келіп, 1 литрін 100 теңгеден әртүрлі көлемде дизель отынын құйып отырған.  

Шағымды қарау мерзімін бұзу

16/10/2017

2017 жылдын 21 сәуірінде  «А» ЖШС  директоры  «С» АҚ-ға  конкурыстың нәтижелерін жою туралы өтініш  хат жазды.  Жоғарыда көрсетілген хатқа жауапты директор 2017 жылдын 26 мамырында алған.

Елорданың тұрғыны 7 жыл бойы тұтынған энергия үшін 4 млн. теңгеден аса қарызын төлейді

16/10/2017

«Астанаэнергосбыт» ЖШС сотқа елорда тұрғынынан қолданған элекр энергиясы үшін қарызды қайтару туралы талап арызбен жүгінді, арызға тұрғынның 7 жыл бойы энергияны тұтыну шартын бұзып келе жатқаны негіз болды, соның нәтижесінде онда қарыз пайда болды.

Тұтынушының үйі бірнеше рет электр желілерінен ақы төлемегені үшін ажыратылды, бірақ ол рұқсатсыз қосып алған.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, тұрғыннан 4 млн.теңгеден астам қарыз сомасын өндірді.

Сот берешек сомасын өндірді

16/10/2017

2014 жылы екі қала тұрғыны арасында қарыз беру шарты жасалған, ол бойынша қарыз беруші қарыз алушыға мерзімділік, өтеу, кепілдік шартымен қарыз беруге, ал қарыз алушы шартпен көрсетілген тәртіп пен мерзімде өтемақымен қарызды өтеуге міндеттенді.

Алайды, қарыз алушы шарт бойынша міндеттерді орындамаған, сол себепті онда қарыз пайда болған.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды ішінара қанағаттандырып, қарыз берушінің пайдасына қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

Сот тұтынушыға суық су бойынша өлшеу құрылғысын орнатуды міндеттеді

16/10/2017

«Астана су арнасы» МКК халықты суық сумен қамтамасыз ету және ағынды суларды жеткізу қызметтерімен қамтамасыз етеді. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңның 11-бабының 4-тармағына және 2015 жылғы 27 наурыздағы №266 сумен жабдықтау және санитарлық қызмет көрсету жөніндегі үлгілік шарттың 20-тармағының 1 тармақшасына сәйкес тұтынушы реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге арналған есепке алу құралдарымен және толық көлемді болуы тиіс берілген төлем құжаттарына сәйкес ұсынылатын қызметтер үшін ақы төлеуге міндетті.

Алматы аудандық соты бұрынғы жұмысшының құқығын қорғады

16/10/2017

2013 жылы мамыр айында ер адам еңбек шарты негізінде компанияға күзетші ретінде жұмысқа тұрған.

2013 жылдың мамыр айынан 2015 жылдың сәуіріне дейін жұмыс беруші бұрынғы жұмысшыға жалақы төлемеген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 бабына сәйкес, әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.

ЖКО нәтижесінде келтірілген материалдық зиян өндірілді

16/10/2017

2017 жылы ақпан айында елорда тұрғыны «BMW» маркалы автокөлігін басқара алмай, «KiaRio» маркалы автокөлігімен соқтығысып, автокөліктің меншік иесіне материалдық зиян келтірді.

Астана қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен елорда тұрғыны ЖКО жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астана қаласы Алматы аудандық соты қала тұрғынынан материалдық шығын мен автокөліктің жоғалған тауар құнын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Сот кабинеті және оның мүмкіндіктері

16/10/2017

Астана қаласы Алматы аудандық сотында судьялар және сот мамандары, «Право» ҚҚ, «Каминный», «Айбар», «Мұнайшы», «Москва KZ» ПИК өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді ашқан судья А.Молдыбаева, «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін енгізудің негізгі қағидаларының бірі халықтың сот ақпаратына қол жетімділігін және сот жүйесінің ашықтығын  қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.

Пәтердің су басуынан болған материалдық зиян өндірілді

16/10/2017

2017 жылы маусым айында талапкердің пәтерін жоғары қабаттағы көршісінің кесірінен су басқан.

Пәтерді тексеру барысында «Ф» КСК слесарь-сантехнигі жасаған акті бойынша  жоғарғы қабырғаның 3,0 ш.м. ауданын су басқаны анықталды.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, көршісінен материалдық зиян сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Сот моральдық зиян шығынын өндірді

16/10/2017

2016 жылы өндірісте өліммен аяқталған қайғылы оқиға орын алды.

Еңбек басқармасымен арнайы тергеу жүргізіліп, акт жасалынды, оған сәйкес жұмыс берушінің кінәлі екендігі анықталды.

Актіге сәйкес, жұмыс беруші қауіпсіз жұмыс жүргізу үшін сақтандыру канатын, сонымен бірге уақытша қорғаныс қоршауын орнатпаған, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану арқылы биіктікте қауіпсіз жұмыс жүргізуге бақылау жасамаған.

Көлік құралын сатып алу-сату шарты бұзылды

16/10/2017

2015 жылы сатушы мен сатып алушы арасында сатып алу-сату шарты жасалған, шартқа сәйкес сатушы «Toyota Corolla» маркалы көлік құралын сатқан, сатып алушы сатып алған.

Алайда, сатушы сатып алу-сату шартын жасап, сатып алушыдан ақшалай қаражат ала тұра, оны басқа адамға сатып жіберген.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, шартты бұзды және сатушыдан көлік үшін алған ақшалай қаражатты өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Әйел адам есірткі заттарын сатқаны және сақтағаны үшін сотталды

16/10/2017

2016 жылдың 21 қарашасында Л. өз пәтерінде С.-ға 16 000 теңгеге 1,422 грамм героин есірткі затын сатқан.

Л.-ның пәтерінде іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері аса ірі көлемде, 3,1791 грамм есірткі затын тапқан, оны сотталушы жеке пайда табу мақсатында заңсыз сақтаған.

Алқабилерге қойылатын талаптар

16/10/2017

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар және «Астана қаласының зейнеткерлер қоғамы» ҚБ өкілдерінің қатысуымен "Алқабиге кандидаттар тізімін құрудың ерекшеліктері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Сот шартты бұзып, қарыз сомасын өндірді

16/10/2017

2014 жылы қала тұрғыны құрылыс компанияларының бірімен шарт жасаған, шартқа сәйкес ол тұрғын үй кешенінің құрылысына қаржы құяды, ал компания 2015 жылдың аяғына дейін құрылысты бітіріп, инвесторға үйді тапсыруға міндеттенді.

Сонымен бірге, компанияның пайдалануға берілу уақытында құрылысты бастауды қамтамасыз етпегені анықталды.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырды, шартты бұзып, компаниядан шығын сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу

16/10/2017

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға судьялар және сот мамандары, «Астана қаласының зейнеткерлер қоғамы» ҚБ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қабылданған шараларды талқыланды.