Архив событий

20/10/2017

Темір жол вокзалының ғимаратында суық қару табылды

20/10/2017

2017 жылы 30 қыркүйекте «Астана Нұрлы жол» теміржол вокзалы ғимаратында рентгендік телевизиялық құрылғы арқылы тексеру кезінде,  аз.Қ.-дан тамір зат – кастет табылып, алынды.

Сарапшы қорытындысына сәйкес, аталған зат соққыға ұшырататын суық қаруға жатады.

Қ.-ның айтуынша, кастет өзін-өзі қорғау үшін қажет.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Қ. ҚР ҚК 187-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, аталған бап бойынша 25 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Сот жүйесінің электрондық қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі

20/10/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Б.Сатбаев соттың жаңадан тағайындалған мамандары үшін семинар өткізді, оның барысында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібі туралы нұсқаулығын түсіндірді.

Семинар барысында судья инновациялық технологияларды кеңінен қолдану сот өндірісін жетілдіру бағыттарының басымдығы болып табылатындығын атап өтті.

Сот жеке кәсіпкерді банкрот деп таныды

20/10/2017

Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жеке кәсіпкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінді, талаптың негізі борышкердің мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеуші ретінде есепте тұрғаны болып отыр.

Жеке кәсіпкерде салықтар мен өзге де бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер бойынша қарыз бар, сонымен бірге борышкерде камеральдық бақылау нәтижесі бойынша орындалмаған хабарламалар бар.

Жалған еңбекке жарамсыздық парағы үшін сотталды

20/10/2017

2017 жылы тамыз айында Ж. жұмыс орнында болмау себебін білдіру мақсатында, белгісіз адамнан қалалық емханалардың бірінен уақытша еңбекке жарамсыз парағын 6000 теңгеге сатып алып, еңбекке жарамсыздық қағазынын жалғандығын біле тұра  жұмыс орнына ұсынған.

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының үкімі бойынша Ж. ҚР ҚК-тің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған  100 (жүз) сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Дәріхана фармацевті кәмелеттік жасқа толмағанға спирт сатқан

20/10/2017

2017 жылы 11 тамызда аз.У. елорда дәріханаларының бірінде фармацевт бола тұра, кәмелеттік жасқа толмаған балаға алкогольдік өнім, яғни 50 мл. этил спиртінің 4 бөтелкесін сатқан.

Астана қаласы Алматы ауданы бойынша ІІБ-сы аз.У.-ға қатысты ҚР ӘҚБК-тің 200 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.

Сот отырысында аз.У. құқық бұзушылық фактісін толық мойындап, өкініш білдірді.

Әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенция

20/10/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы Р.Мажитовтың төрелігімен, әйелдердің саяси құқықтары туралы Конвенцияны талқылау бойынша семинар сабағы өткізілді.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер

20/10/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында сот төрағасы және судьялардың, «Право» ҚҚ, «Дағдарыс  баспана орталығы» ҚҰ, «Рухани қоғам әлемі» ҚБ-і өкілдерінің  қатысуымен «Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жұмыс  барысында сот төрағасы У.Рахматуллаев, дөңгелек үстелдің мақсаты қылмыстың алдын-алуға бағытталған және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды жоюға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық шаралар екенін атап өтті.

Серіктестік қарыз сомасын өтейді

20/10/2017

Аз.К. және «О» ЖШС арасында мәміле жасалған, оның шарты бойынша серіктестік талапкерден алдын ала төлем сомасын алып және жалпы құны 650 000 теңге құрайтын витраждар мен есіктер дайындау бойынша міндеттеме алған.

Алайда, жауапкер шартпен көзделген міндеттемелерді тиісті мерзімде орындамаған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерден тапсырыс бойынша қарыз сомасы өндіріліп алынды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

ҚАЗГЗУ студенттері үшін дәріс

20/10/2017

Бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы А.Сайлыбаева мен кеңсе меңгерушісі Э.Жанабаева Астана қаласының Қазақ гуманитарлық-заң университеті студенттеріне «Қазақстан Республикасының соттарында ақпараттық технологиялар» атты тақырыпта дәріс өткізді.

Ашық есік күні

20/10/2017

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисін және оның мобильді қосымшасын түсіндіру бойынша ашық есік күні өткізілді.

Сот мамандары азаматтарға аталған сервистің жеңіл және қолжетімді бола түскенін, тек қана ЖСН мен телефон нөмірі қажет екенін атап өтті.

Елордалық азаматтар «Сот кабинеті» ақпараттық қызметі арқылы сотқа электрондық арыз беру мүмкіндігіне қызығушылық танытты.

 

 

 

Кәсіпкерлер компаниядан қарыз сомасын өндіріп алды

20/10/2017

Жеке кәсіпкерлер мен компаниялардың бірінің арасында жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге, арнайы техникаларды жалдауға және жауапкердің объектісінде КАМАЗ көлігінің қызмет көрсетуіне шарттар жасалынған.

Сот отырысында кәсіпкерлердің шарт талаптарына сәйкес барлық міндеттемелерін толық көлемде орындағаны анықталды.

Алайда компания орындалған жұмыстарға ақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған.

Әкімшілік сотта «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

20/10/2017

Бүгін Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының кіріс кеңсесінің мамандары азаматтар арасында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің артықшылықтары мен жұмысы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сот мамандары аталған сервис арқылы электрондық өтініштерді беру тәртібі мен «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің мобильді қосымшасының жұмысы туралы түсініктеме берді.

Елордалық азаматтарға ақпараттық сервис және оның мобильді қосымшасымен жұмыс істеу бойынша түсіндірме парақшалары таратылды.

Елорданың тұрғыны балағат сөздері үшін моральдық зиян шығынын төлейді

20/10/2017

Ақылы қызметтерді ұсыну үшін екінші деңгейлі банктердің бірімен жасасқан келісім негізінде Б., Д., А., С., банк қызметкері болмаса да, банктің мүддесіне сай дауыстық байланыс арналары арқылы қоңыраулар мен ақпаратты өңдеу қызметтерін ұсынады.

         2011 жылы банк және елорда тұрғыны арасында банктік заем бойынша шарт жасалады, шартқа сәйкес 2017 жылы ақпан айында онда негізгі қарызды төлеу бойынша кешіктіру пайда болған.

Елорданың тұрғындары «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің алдында қарызға ие

20/10/2017

«Астанаэнергосбыт» ЖШС-ы Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына екі азаматқа қатысты қарызды өндіру туралы арызбен жүгінді.

Сотта анықталғандай, жауапкерлермен электр қызметіне төлем жасау міндеттері бұзылған, соның нәтижесінде талапкер алдында қарыз жиналған.

Талапкердің тарапынан ұсынылған құжаттарға сәйкес, жауапкерлер тұтынған энергия бойынша талапкердің алдында 500 000 теңгеден аса  қарыз пайда болған, оның ішіне жылу энергиясы да кіреді.