Архив событий

26/10/2017

Ер адам таксиден қашамын деп, автомашинамен соқтығысты

26/10/2017

2016 жылы қазан айында елорданың көшелерінің бірінде Е. такси жүргізушісінен қашамын деп, «Lexus LX570» маркалы автокөлігімен қақтығысып қалған.

Автокөліктің артқы сол жақ қанатына соғып, белгісіз жаққа қашып кеткен.

Соққының нәтижесінде автокөлік иесіне материалдық зиян келтірілген.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды ішінара қанағаттандырып, автокөлік иесінің пайдасына зиян сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

Сот көлік құралдарын жүргізу құқығын тоқтатты

26/10/2017

Астана қаласының Ішкі істер департаменті сотқа елорда тұрғынының көлік құралын басқару құқығын тоқтату талабымен жүгінді.«Астана қаласы наркология және психотерапия орталығы» МКК-нің қорытындысы бойынша елорда тұрғыны «Алкогольді тұтыну салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы»  диагнозымен бақылауда және диспансерлік есепте тұрады.

Сот мұрагерлікті қабылдау үшін мерзімді қалпына келтірді

26/10/2017

Елорда тұрғындары заңды некеде тұрған.

Күйеуі қайтыс болғаннан кейін жер телімімен бірге үй және зейнетақы төлемдері бойынша мұрагерлік ашылды.

Әйелі нотариусқа жүгінгенді, мұрагерлік құқығына ие болу туралы анықтама алудың мерзімі өтіп кетуіне байланысты,  оған нотариустық әрекет жасаудан бас тартқан.

Кәсіпорын тауарларды уақытша сақтау мерзiмін бұзған

26/10/2017

2017 жылы 3 мамырда Түркиядан «К» ЖШС-ның мекен-жайына уақытша сақтауға орналастырылған, 12 410 АҚШ доллары тұратын тауарлар келді.

Белгіленген уақытта кәсіпорын тауарларға қатысты декларацияны бермеді, оған байланысты тауарларды уақытша сақтау мерзімі бұзылды.

Сотта кәсіпорынның өкілі құқық бұзушылықпен келісті және өз кінәсін толық мойындады.

Жалға алушы тұрғын-үй жайға соманы төлемеді

26/10/2017

Астана тұрғыны кәсіпкерлікті жүргізу үшін жалдау шартына сәйкес кеңсені жалға алған.

Кейіннен үй-жайдың иесі жалға алушының отбасылық жағдайын есепке ала отырып, коммуналдық қызметтер үшін ақы төлейтіндігін ескере отырып, кеңседе тұруға мүмкіндік берді.

Біраз уақыттан кейін жауапкер талапкерді хабардар етпестен кеңсені тастап, үйді тиісті түрде тапсырмай кетіп қалған.

ҚР АК-ның 272 бабына сәйкес, мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс.

Жылу энергиясы үшін қарыз өндіріп алынды

26/10/2017

2016 жылы «Астанаэнергосбыт» ЖШС және жеке кәсіпкер арасында жылумен жабдықтау туралы шарт жасалған, оның негізінде ұйым абонентке энергия жіберуге, ал абонент қабылданған энергияға ақы төлеуге міндеттенеді.

Алайда қолданушы жылу энергиясы үшін төлем жүргізбеген.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жеке кәсіпкерден қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Тауарды мерзімін өткізіп жеткізгені үшін тұрақсыздық төлемі

26/10/2017

2017 жылдың мамыр айында «Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару Департаменті» РММ мен елордалық компанияларының бірінің арасында тауарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған. Шарттың талаптарына сәйкес жеткізуші келісілген мерзімге дейін метал іздеуші жеткізуге міндеттенді.

Алайда жауапкер тауардың мерзімін өткізіп жеткізді.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты компаниядан мемлекет пайдасына тұрақсыздық төлемін өндіріп алды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Сот қызмет көрсету шарты бойынша қарыз сомасын өндіріп алды

26/10/2017

Тараптар арасында келісім шарт жасалған, оған сәйкес жауапкер 15 күн ішінде талапкердің үйінде электр жұмысын жүргізуге міндеттенді.

Шарт талаптары бойынша талапкер көрсетілетін қызметтер үшін соманы алдын-ала төлеген, алайда жауапкер осы міндеттемелерді орындамаған. Оған қоса, ақшалай қаражатты кері қайтармаған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерден қарыз сомасын өндіріп алынды.

Сот шешімі заңды күшіне енді. 

Байланыс қызметі үшін төлем

26/10/2017

«Казахтелеком» АҚ-ы сотқа жеке кәсіпкерден қолданылған байланыс қызметі үшін қарыз сомасын өндіріп алу туралы талаппен сот бұйырығын шығару туралы жүгінді.

ҚР АПК-нің 139-бабына сәйкес мәлімделген даусыз талаптың мәні бойынша сот бұйрығын судья арыздың сотқа келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық сотымен борышқордан қарыз сомасын өндіріп алу туралы бұйрық шығарылды.

Сот бұйрығы заңды күшіне енді.

Алдын ала төлем алынды, бірақ жұмыс орындалмады

26/10/2017

Аз.К.  «В» ЖШС қызметкері бола отырып, тапсырыс берушінің талабы бойынша, алдын-ала төлем арқылы елорданың тұрғын үй ғимараттарының бірінде бейне камераны орнату бойынша қызмет көрсетуге міндеттенді.

Сотта жауапкердің бейне камераны құру бойынша,  материалдарды қоса алғандағы құжаттармен расталған, өз міндеттемелерін орындамағаны анықталды.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен жауапкерден шарт бойынша берешек сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Оқу ақысын қайтару

26/10/2017

2016 жылы «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы» АҚ және азамат Н. арасында білім беру қызметі туралы келісім шарт жасалған.

Шартқа сәйкес талапкер жауапкерге «Тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және жұмыс істеуі» мамандығы бойынша білім беру қызметін көрсетті.

Сотта анықталғандай, жауапкер білім беру қызметін алғаннан кейін, оқуға ақы төлеу жөніндегі келісім шарт міндеттерін орындамаған.

Жеке кәсіпкерден қарыз сомасы өндірілді

26/10/2017

2013 жылы құрылыс компаниясы мен жеке кәсіпкер арасында автокөлік пен экипажбен арнайы техникамен қызмет көрсету шарты жасалынған, шартқа сәйкес тапсырыс беруші орындаушыға қызметі үшін ақшалай қаражат төлеген.

Алайда, орындаушымен қызметтің тек бөлігі ғана орындалған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жауапкерден қарыз сомасын өндіріп, талапкердің талап арызын толық көлемде қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

Тараптар бейбіт келісімді бекітті

26/10/2017

«Д» ЖШС-сі жеке кәсіпкерден коттеждті жалдау шарты бойынша артық төленген қаражат сомасын өндіріп алу туралы талаппен жүгінді.

Сот талқылауы кезінде тараптар татуласу келісімін жасады.

Сот қолданылған энергия үшін қарызды өндіріп алды

26/10/2017

2016 жылдың ақпан айында «Астанаэнергосбыт» ЖШС мен елордалық компаниялардың бірінің арасында энергиямен жабдықтау шарты жасалынған, оған сәйкес талапкер қолданушыға жалғанған желі арқылы электр және жылу энергиясын беруге, ал қолданушы энергияны қабылдап, ақы төлеуге міндеттенді.

Алайда жауапкер барлық қызметті қабылдап, қолданылған энергия үшін ақы төлеуден бас тартты.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің пайдасына қарызды өндіріп алды.