Архив событий

25/10/2017

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін қамауға алынды

25/10/2017

Әкімшілік істі қарау барысында К. сот отырысында сот тәртібінің сақталуы және сот тәртібінің бұзылғандығы туралы төрағалық етушінің қаулыларына бағынбай, сотқа құрметтеушілік көрсетті.

Оған қоса, қаралған іс бойынша шешім жарияланғаннан кейін К.судьяға балағат сөздер айтып, құрметтемеушілік танытты.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен К. ҚР ӘҚБК 653 бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Соттарда медиацияны қолдану мәселелері

25/10/2017

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында сотта медиацияны қолдануда туындайтын өзекті мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға судья Б.С.Пазылов, «Қазақстандағы медиаторлар қауымдастығы» РҚБ және Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокуратурасының өкілдері қатысты.

Медиация – ол тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды  реттеу рәсімі болып табылады.

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасына сұхбат

25/10/2017

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы А.Абдықұлова «Qazaqstan» ұлттық республикалық телеарнасына «Ар-намысы мен іскерлік беделін қорғау» тақырыбында сұхбат берді.

Сұхбат барысында судья ар-намыс, қадір-қасиеті мен іскерлік бедел жеке мүліктік емес құқықтарға жатады, оны қорғау сот тәртібімен азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Азаматтық кодекске сәйкес, азамат өзінің ар-намысын, абыройы немесе іскерлік беделін нашарлататын ақпаратты жоққа шығаруды сотта талап етуге құқылы.

Құрылыс компаниясы 9 млн.теңгеден астам соманы төлейді

25/10/2017

2017 жылы 24 наурызда елорданың тұрғыны мен құрылыс компаниясы арасында шартты бұзу туралы келісімге қол қойылды.

Келісімге сәйкес жауапкер талапкерге алдын ала төленген 9 млн. теңгеден астам ақшалай қаражатты төлеуге міндеттенді.

Компания келісім шарттық міндеттемелерін белгіленген мерзімде орындамады және талапкер қараусыз қалдырылған, ақшалай қаражатты қайтару туралы талап жібереді.

Астана қаласы Алматы аудандық соты компаниядан қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енді.

Тауарды уақытша шығару бойынша кедендік рәсім

25/10/2017

2017 жылы 13 маусымда «А» ЖШС Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде тауарды уақытша шығару бойынша кедендік рәсім жасалды.

Тауарды уақытша шығару мерзімі аяқталғанға дейін кедендік рәсім аяқталмаған және ұзартылмаған.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ЖШС ҚР ӘҚБК 543 бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды және әкімшілік жаза ретінде 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Сот уақытылы төленбеген жалақыны өндірді

25/10/2017

2015 жылы тамыз айында азаматша Л. заңгер ретінде жұмысқа қабылданған.

Азаматша Л. жұмыс беруші төлемеген жалақыны өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

ҚР Еңбек кодексінің 23 бабы 2 бөлігі 5 тармағына сәйкес, жұмыс беруші жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақытылы және толық мөлшерде төлеуге міндетті.

Дау медиация тәртібімен шешілді

25/10/2017

Талапкер Н. Астана қаласы Алматы аудандық сотына жеке кәсіпкер Ж.-дан материалдық зиянды өндіру туралы талаппен жүгінді.

Сотта анықталғандай,  жауапкер талапкердің пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізген, кейіннен одан кемшіліктер шыққан.

Сот талқылауы барысында тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтініш келіп түскен, соған сәйкес, жауапкер өз қаражатына кемшіліктерді жоюға міндеттенді, сондықтан Н.-ның жеке кәсіпкер Ж.-ға қатысты талабы бойынша азаматтық іс бойынша өндіріс сотпен қысқартылды.

Сарыарқа аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

25/10/2017

Сарыарқа аудандық сотында медиация рәсімін кеңінен түсіндіру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шара барысында кеңсе меңгерушісі Э.Жанабаева «Инкар-Дала» ЖШС-нің өкіліне медиация институты туралы және оның қолдану аясы мен салдары туралы айтып берді.

Қорытындылай келе, сот талқылауы шеңберінде медиациялық келісім болған жағдайда төленген мемлекеттік баж салық органдарымен толық көлемінде қайтарылатыны айтылды.

Судья «Qazaqstan» телеарнасының тілшілеріне сұхбат берді

25/10/2017

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының судьясы У.Қ.Қошанова «Qazaqstan» телеарнасының «Мәселе» бағдарламасында «Әлеуметтік желілердегі қорлау, жала жабу» тақырыбында сұхбат берді.

Журналисттердің сұрақтарына жауап бере отырып, судья басқа адамның  абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтерді таратса, сондай-ақ оның абыройы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіткен азаматтар қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын атап өтті.

Сотталушы әкімшілік қадағалау ережелерін бұзды

25/10/2017

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында бұрын сотталған Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Т. екі рет сотты болған және оған қатысты әкімшілік қадағалау енгізіліп, шектеулер қолданылды, яғни үйінен түнгі 22.00 сағаттан кейін, келесі күнгі таңғы 06.00 дейін шығуға тыйым салынды.

2017 жылы 15 шілдеде полиция қызметкерлері тексеру барысында Т.-ның түнгі уақытта үйде болмағанын анықтады.

Сот шағымды толық көлемде қанағаттандырды

25/10/2017

«Т» ЖШС Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзғаны үшін 208 АЕК мөлшерінде заңды тұлғаға әкімшілік айыппұл салу туралы шешімге шағымданған.

Сотта ЖШС-ның дауыс беретін акцияларының елу пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі екені анықталды, осы себепті уәкілетті органмен  белгіленген сатып алу рәсімі ЖШС-на қолданылмайды.

Жауапкердің сотқа берген дәлелдері негізсіз деп танылды.

Сот заңды фактіні анықтады

25/10/2017

Азамат Т. Астана қаласы Есіл аудандық сотына азаматтық хал актілерін жазу кезінде бұзушылықты анықтау туралы арызбен жүгінді.

Талапкер туылғанда оның ата-анасы оның есімі қате жазылған туу туралы куәлік алған, соған байланысты, жеке деректерді өзгертуге өтініш берілді.

Талапкердің жеке деректерінің өзгеруі туралы мәліметтер туу туралы азаматтық хал актілеріне енгізілмеген және осыған байланысты өтініш берушінің талаптары қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.         

Сотта ашық есік күні өткізілді

25/10/2017

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті, оның барысында азаматтарға «Сот кабинеті»  ақпараттық сервисінің артықшылықтары туралы түсіндірілді.

Сот мамандары азаматтарға «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды тапсырудың мүмкіндігін көрсетті.

Соңында азаматтар сотқа жүгіну тәртібін жеңілдететін сервистің артықшылықтарымен таныстырғаны үшін мамандарға алғыстарын білдірді.