Архив событий

11/10/2017

Лицензияны дер кезінде тапсырмау әкімшілік жауапкерлікке жатады

11/10/2017

2017 жылы 16 тамызда салықтық тексеру өткізілді, онда «Е» ЖШС-ға алкоголь өнімдерін сақтау және сатуға мемлекеттік лицензияның берілмегені анықталды.

Сот отырысында анықталғандай, 2015 жылдың 6 қарашасында  кәсіпорын ҚР ӘҚБтК 283 бабының 2 бөлігімен жауапкершілікке тартылып, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада өткізу құқығынан айырумен 150 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған.

Сотта кәсіпорын басшысы өз кінәсін толық мойындады және лицензияны тапсырмағанын заңды білмегендігінен деп түсінік берді.

Отбасылық жанжал медиациялық келісіммен аяқталды

11/10/2017

Азамат С. үйде болған кезде жанжал шығарған, соның барысында жұбайы Ж.-ға бейәдеп сөздер айтқан.

Сотта анықталғандай, әкімшілік жауапкершілікке тартылған С. өз кінәсін толық мойындады және жәбірленушімен бітімгершілік келісімге келді.

Сот азамат С.-ны жәбірленушімен татуласуына байланысты, әкімшілік жауапкершіліктен босатты.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен аталған іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тәртібі

11/10/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында сот мамандары үшін «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тәртібі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Сабақтың модераторы ретінде кеңсе меңгерушісі К.К.Ыдырышева сөз сөйледі.

Семинар сабағы барысында К.Ыдырышева мамандарға қызметтік міндеттерін орындау кезінде сот қызметкерлерінің этикалық мінез-құлық қағидасын, міндеттерін орындауға байланысты тыйым салулар мен шектеулерді түсіндірді.

Қарыз келісілген мерзімде қайтарылуы тиіс

11/10/2017

2014 жылы 18 қыркүйекте Н. И.-дан 1 274 000 теңге мөлшерінде қарыз алған және оны келісілген мерзімде қайтаруға міндеттелген.

Жауапкермен міндеттер орындалмаған, талапкердің қарызды қайтару туралы талартары еленбеген.

Сотта талапкердің қарызды өндіру туралы талабы заңды деп танылып, толық көлемде қанағаттандырылды, осыған байланысты Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен жауапкерден қарыз сомасы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

         

Автокөлік алаяғы сотталды

11/10/2017

2017 жылдың наурыз айында Астана қаласында аз.Т., заңсыз баю мақсатында,  арзан бағада автокөліктерді интернет-аукцион арқылы  сатумен айналысатыны туралы жалған ақпарат таратқан.

Автокөліктері сату үшін нақты мүмкіндігі болмаса да,  алдау арқылы сенімге кірген сотталушы, он жәбірленушіге  тиесілі ақшалай қаражатты иемденіп,  оларға жалпы сомасы 31790000 теңгені құрайтын аса ірі мөлшерде  материалдық залал келтірген.

Сот жарнама компаниясын банкрот деп таныды

11/10/2017

Сарыарқа ауданының Мемлекеттік кіріс басқармасы сотқа «Рекламно производственная компания «Lider» ЖШС –ны банкрот деп тану туралы талаппен жүгінді, оны компанияның салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша қарызы бар екенімен түсіндірді. Басқармамен өндіруді қамтамасыз ету және орындау бойынша бірқатар шаралар қабылданған.

Алайда, компанияның мүлкі мен қаражатының, онымен қоса, өзге де материалды активтерінің жоқтығынан қарызын өтеуге мүмкіндігі келмейді.

Сотта тараптар медиация тәртібімен татуласты

11/10/2017

Жеке кәсіпкер Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Г» ЖШС-нан қарыз сомасын өндіріп алу туралы талаппен жүгінді.

Сот отырысы барысында тараптар медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісімді бекітуге өтініш берді.

«Г» ЖШС-ы төлем төлеу мерзімін орындамаған жағдайда жеке кәсіпкер мәжбүрлі түрде өндіріп алуға құқылы.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

 

Қолданылған энергия үшін қарыз

11/10/2017

2016 жылдың ақпан айында «Астанаэнергосбыт» ЖШС және тұрғын- құрылыс кооперативі арасында энергиямен жабдықтау туралы шарт жасалған, соған сәйкес талапкер тұтынушыға электр және жылу энергиясын жібереді, ал тұтынушы қолданылған энергияны қабылдап, оған ақы төлеуге міндеттенді.

Алайда, тұрғын-құрылыс кооперативімен қолданылған энергия үшін төлем жасау бойынша міндеттеме тиісінше орындалмаған, осыған байланысты кооператив алдыңда қарыз пайда болған.

Жалға алу төлемі бойынша қарыз

11/10/2017

2015 жылы елордалық компаниялардың бірі «С» ЖШС-мен тұрғын емес жайды жалға алу шарты жасалған, шартқа сәйкес жалға беруші жалға алушыға уақытша иелік етуге және қолдануға дайын өнімді сақтауға арналған жайды береді.

Алайда жауапкер жайды қолдану төлемі бойынша өз міндеттемелерін  орындамаған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жалға берушінің пайдасына қарыз сомасын өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

 

Жеке кәсіпкер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

11/10/2017

2016жылдың желтоқсан айында «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ мен жекек кәсіпкер арасында «жалпы мақсаттағы медициналық бұйымдар және жабдықтары» тауарларын мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан.

Шартқа сәйкес жеткізу мерзімі шарт жасалған күннен бастап 30 күнтізбелік күн.

 Алайда, жауапкермен шарт бойынша міндеттемелер орындалмады, тауарды жеткізбеді.

Сот қарыз сомасын өндірді

11/10/2017

2014 жылы қала тұрғыны автокөлік сатып алу үшін екінші дәрежелі банктердің бірінен несие алған.

Шарт талаптарына сай қала тұрғыны  алынған қарызды уақытылы және толық көлемде өтеуге және несиені төлем кестесіне сәйкес тәртіпте ақы төлеуге міндеттенді.

Алайда, жауапкер өз міндеттемесін орындамады.

Астана қаласы Алматы аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, қала тұрғынынан қарыз сомасын өндірді.

Шешім заңды күшіне енбеді.

 

Алматы аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

11/10/2017

Алматы аудандық сотының төрағасының м.а. М.Қасымова «Ашық есік күні» шарасы аясында Қазақ гуманитарлы-заң университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу еліміздегі сот реформаларын таныстыру мақсатында өткізілді.

Кездесу барысында М.Қасымова әділ сот жүйесіне көшу, Әділет академиясындағы білім, заманауи ақпараттық-технологияларды енгізу, сот лауазымдарына кандидаттар мен мемлекеттік қызметшілерді таңдау тетіктері туралы әңгімеледі.

Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

11/10/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында мамандар қатысуымен, «Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыпта дәріс сабағы ұйымдастырылды.

Іс-шарада Есіл аудандық сотының аға сот приставы Н.Шарипов мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл көзделген шаралар туралы әңгімелеп берді.

Антитеррорлық қорғанысты қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 500 АЕК

11/10/2017

Кәсіпорын антитерролық қорғанысты қамтамасыз ету және оған сеніп тапсырылған обьектінің қауіпсіздігің қажетті деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемені тиісінше орындамады. Сот талқылау барысында бұл обьект терроризмге ұшыраған обьектілер санатына жататыны және терроризмге ұшыраған Қазақстан Республикасының обьектілерінің тізіміне енгізілгені анықталды.