Архив событий

23/10/2017

Көші-қон заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

23/10/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында судья А.А.Садуақасова, «Право», «Жария» ҮЕҰ ҚҚ, «Хазар» ҚБ және Астана қаласы Астана қаласының Көші-қон комитеті басқармасы өкілдерінің қатысуымен «Көші-қон заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қараудың сот практикасы

23/10/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қараудың сот практикасын талқылау бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семинар барысында сот судьялары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 25 қарашадағы «Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар бойынша азаматтық істерді қараудың сот практикасы туралы» № 7 Нормативтік қаулысын талқылады.

Әйел басқа мемлекетте тұруға рұқсат алды

23/10/2017

Б. ұлты бойынша неміс, кеш қоныстанушылар бағдарламасы бойынша кәмелетке толмаған қызымен Германия Федеративтік Республикасында тұрақты тұруға шешім қабылдады, онда Германия үкіметі әлеуметтік қамсыздандыру Кодекстің негізінде тұрғын үй және әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Ювеналды соттың судьясы дөңгелек үстелге қатысты

23/10/2017

«Әлеуметтік даму институты» жеке мекемесі мен ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты бірлесе отырып, Дін істері мен қоғам министрлігі және  Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы сот төрелігі академиясы қолдауымен дөңгелеу үстел өткізілді, оған Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төраға м.а. Ж.К.Алпысбаева  қатысты.

Әскери бөлімнің бұрынғы командирі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

23/10/2017

Мекеме атынан «Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының 5573 әскери бөлімі» РМҚК-нің бұрынғы командирі және кәсіпорындар арасында мемлекеттік сатып алу шарты жасалған.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесінің 156-тармағына сәйкес, өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күн ішінде шарт жасасуға міндетті.

Сот мүлікке тыйым салды

23/10/2017

«Ф» ЖШС-і сотқа «А» ЖШС-нен зертханалық сынақ жүргізу шарттары бойынша қарыз сомасын өндіріп алу туралы талаппен жүгінді.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2017 жылы 4 қазандағы шешімімен  ЖШС-нің пайдасына қарыз сомасы өндіріп алынды.

Сотта талапкердің өкілі сот шешімінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды өтініп, жауапкердің мүлікіне және екінші дәрежелі банктегі есеп шотына тыйым салу туралы өтінішпен жүгінді.

Жүргізуші автобус жолаушысының денсаулығына жеңіл зиян келтірді

23/10/2017

2017 жылы 29 мамырда Х. тракторды басқарып келе жатып, Мәңгілік Ел көшесінде маршруттардың соңғы аялдамасына қарай бұрылар кезде, жолдың бойыда жүріп келе жатқан автокөлікті жібермей, автобуспен соғысуға жол береді.

Медициналық сарапшының қорытындысына сәйкес, автобус жолаушысының денсаулығына жеңіл зиян келтірілген.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері Х.-тың көлік басқаруға құқығы жоқ тұлға екенін анықтады.

Заңды тұлғалар арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді

23/10/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «И» ЖШС-ның «Ш» ЖШС-нен қарыз сомасы мен тұрақсыздық төлемін өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар медиация тәртібімен дауды шешу туралы келісімге келді және АПК-тің 179 бабының 4 бөлігіне сәйкес оны іс өндірісінде жатқан судьяның жүргізуі туралы өтініш хат берді.

Бекітілген келісімге сәйкес, жауапкер қарыз сомасын 2018 жылдың 10 ақпанына дейін төлеуге міндеттенді.

Жауапкер жетпеген тауар үшін қарыз сомасын қайтарады

23/10/2017

2016 жылы 23 қыркүйекте талапкер жауапкерден тауар алды, ол үшін төлемді толық төлейді, алайда сатып алушыға тауар толық көлемде жеткізілмеген.

Талапкер  1 641 300 теңге сомасындағы жетпеген тауар үшін ақшалай қаражатты қайтару туралы хат жіберді, оған жауапкер жазбаша түрде көрсетілген мерзімде қайтаруға міндеттенді.

Сотта жауапкердің тек 500 000 теңгені қайтарғаны анықталды, қалған ақшалай қаражат сомасын талапкер сот тәртібінде өндіруді сұрады.

Сот жұмыс берушіден жалақыны өндіру арқылы, жұмыскердің құқығын қорғады

23/10/2017

   Х. 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап елорданың мейрамханаларының бірінде бас аспазшы ретінде жұмыс атқарған, ол соңғы екі айда жалақы алмаған.

   Мейрамхана директорының айтуынша, жұмыскерге жалақы қаржы қиындықтарына байланысты берілмеген.

  Жауапкер талапкер алдында жалақы бойынша 290 000 теңге қарызы бар екенін мойындады.

  Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына жалақы бойынша қарыз сомасы өндірілді.

Әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімінің өтуіне байланысты іс тоқтатылды

23/10/2017

«И» көп пәтерлі тұрғын үй кешенінде тексеру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілер бұзылғаны анықталды.

Шарт талаптарын бұзғаны үшін 3 млн. теңге

23/10/2017

2015 жылдың мамыр айында «Еңбек» ШЖҚ-ғы РМК мен «П» ЖШС арасында «Учреждение ЕЦ-166/10»  РММ-де жазаларын өтеп жатқан сотталушыларға жұмыс орнын құрып, еңбекке орналастыру бойынша ынтымақтастық туралы шарт жасалынған.

Сотта шарт талаптары бойынша талапкер жауапкерге өндірістік қызметті жүзеге асыру үшін өндіріс жайды береді, алайда жауапкермен көрсетілген қызмет үшін төлем бойынша міндеттемелер орындалмаған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жауапкерден талапкердің пайдасына 32 млн. теңге қарыз сомасын өндіріп алды.

Алматы аудандық сотында Ашық есік күні өтті

23/10/2017

Ашық есік күнін өткізу шарасы аясында Астана қаласы Алматы аудандық сотының мамандары азаматтарға «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі және оның мобильді қосымшасы туралы ақпараттар берді.

Мамандар азаматтарға онлайн режимдегі мобильді қосымшаның көмегімен жоспарланған сот отырысы туралы ақпарат (мерзімі, орны және өту орны) таба алатынын түсіндірді. Сондай-ақ, қосымша қолданушыға «Сот кабинеті» веб-қызметі арқылы сот органдарына жіберген барлық құжаттарды қарауына және оны ұялы телефонына жүктеуге мүмкіндік береді.

Мемлекет қажеттілігіне жер телімін алу

23/10/2017

Астана қаласының Есіл аудандық соты Астана қаласы әкімдігінің ақшалай өтемақыны төлей отырып, мемлекет қажеттілігіне жер телімін иеліктен мәжбүрлеп шығару туралы азамат Б. мен М-ға қатысты талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Аталған жер телімі аз. Б. мен аз. М. жалпы ортақ меншік құқығына жатады.

Тараптар арасында оның нарықтық құнына қатысты келіспеушілік туындаған.

Сот ортақ тәртіпте 2 млн.теңге мөлшерінде қарыз сомасын өндірді

23/10/2017

2016 жылы 15 шілдеде П. және «С» ЖШС қарызға 2млн. теңге алып, оны 2016 жылдың 7 тамызына дейін қайтаруға міндеттенген, алайда қазіргі күнге дейін жауапкерлер өздеріне жүктелген міндетті орындамаған.

Сотта талапкер нотариалды түрде расталған шарттың түпнұсқасын ұсынды, оның мазмұны осы келісім шарттың кепілі кәсіпорын екенін көрсетеді.

Сотпен көлік қызметін көрсету шарты бұзылды

23/10/2017

2015 жылы «R» ЖШС мен «Б» ЖК арасында көлік және өзге де қызмет көрсетуге шарт жасалған, шартқа сәйкес талапкер жүк тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге, ал тапсырыс беруші көрсетілген қызметті қабылдап, оған ақы төлеуге міндеттенеді.

Сотта жауапкердің «R» ЖШС-на қызмет және өзіне жүктелген шарт  бойынша міндеттерді орындамағаны анықталды, осыған байланысты, талапкер сотқа шартты бұзу туралы шартпен жүгінді.

Жеткізуші мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

23/10/2017

«Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ-ғы МКК мен «S»ЖШС-нің арасында тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған, оған сәйкес 15 күнтізбелік күн ішінде жеткізуші тауарды қоюға міндеттенді.

Алайда жасалған шарт бойынша міндеттемелер жауапкермен орындалмады, соған байланысты талапкер сотқа жеткізушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану туралы талаппен жүгінді.