Архив событий

31/10/2017

Әкімшілік сотта дөңгелек үстел өткізілді

31/10/2017

Астана қаласы мамндандырылған ауданаралық әкімшілік сотында судья Н.К.Қайырбек, «Әділет» ҚБ, «Шаңырақ» РҚБ, «Разные возможности» ҚҚ өкілдерінің қатысуымен, жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Судья Н.К.Қайырбек жол қозғалысы қатысушылардың іс-әрекетінің жалпы ережелерін түсіндірді.

Іс-шара ЖКО салдарын болдырмау үшін алдын-алу жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізілді.

Ерлі-зайыптылардың меншік үлесінің теңдігі

31/10/2017

Ерлі – зайыптылар 1999 жылдан бастап заңды некеде болды, ол 2014 жылы сот шешімі негізінде бұзылды.

Неке барысында 5 бала туылған, олар әлі кәмелеттік жасқа толмаған.

Неке кезінде бұрынғы әйелі «Ө» тұрғын-құрылыс кооперативімен шарт жасасқан, шартқа сәйкес өз иелігіне үш бөлмелі пәтер алған.

Кооперативтің мүшелері 1,2,3 топ мүгедектерінен тұрған.

Үлкен қызының мүгедектігі себебінен пәтерді төмендетілген бағаға алған.

Сот жауапкерді ақауларды жоюға міндеттеді

31/10/2017

«Резерв» РМК «А» ЖШС-ны кепілдік міндеттемелерін орындауға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінді.

Сотта анықталғандай, 2015 жылдың тамыз айында тараптардың арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған, оған сәйкес жауапкер көлік гаражының жөндеу жұмыстарын орындауға міндеттенеді.

Жұмыстар жасалып, талапкермен қабылданды, алайда жауапкердің жұмыстарынан ақаулар анықталды.

Бүгінгі күнге дейін жауапкер тарапынан ақаулықтарды жою бойынша шаралар жасалмады.

Елордалық компаниялар бейбіт келісімге келді

31/10/2017

«К» ЖШС-сі «T» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіріп алу туралы талаппен жүгінді.

Сот талқылауы кезінде тараптар татуласу келісімін жасады.

ҚР АПК 175 бабына сәйкес, татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін сот талқылауының кез келген сатысында, сондай-ақ сот актісінің орындалуы кезінде жасалуы мүмкін.Татуласу келісімі басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұза алмайды және заңға қайшы келмейді. Татуласу келісімін сот бекітеді.

Шарт жарамсыз деп танылды

31/10/2017

2015 жылы желтоқсан айында елорда тұрғындары арасында сатып алу-сату шарты жасалған.

Шартқа сәйкес, аз.Т. аз.Б.-дан пәтер сатып алған.

Алайда аз.Б. сотқа шартты жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгінген, соңғысының пәтерді сатуға ниеті болмаған, іс жүзінде тараптар арасында өтемақы төлеу арқылы ақшалай қаражат қарызы туралы келісім жасалған.

Электр желілеріне рұқсатсыз қосылу

31/10/2017

2016 жылдың 20 қыркүйегінде «Астана-РЭК» АҚ-ның өкілдерімен «СвязьМонтажХолдинг» ЖШС нысанында электр энергиясы есебі бойынша тексеріс жүргізілді.

Сотта жауапкердің объектісінде энергия беретін ұйымның электр желілеріне өздігінен қосылғандығы анықталды, осыған байланысты, «Астана-РЭК» АҚ-мен электр энергиясын қолдану ережесін бұзғаны туралы акт толтырылды.

Қолданылған электр энергиясының қарыз сомасы 380 166 теңгені құрады.

Құқық бұзушы Қазақстаннан 5 жылға шығарылды

31/10/2017

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында 2017 жылы 18 қазанда Астана қаласында ұсталған Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Оның құжаттарын тексеру барысында Н.-ның Астана қаласы әкімшілік сотының қаулысымен шығару түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны, алайда оны қасақана орындамағаны анықталды.

Сот үкімімен Н. ҚР ҚК-нің 393-бабы бойынша кінәлі деп танылып, Қазақстан шекарасынан шығару арқылы 25 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сот марқұмның отбасының құқықтарын қорғады

31/10/2017

Астана қаласы Есіл аудандық сотында аз.М. өз мүддесі және кәмелеттік жасқа толмаған төрт баласының мүддесі үшін, «А» АҚ-ға еңбек міндеттерін орындау барысында асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтірілген зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

2017 жылы 21 мамырда «А» АҚ-ы аумағында газды ауа қоспасының жарылысы нәтижесінде, талапкердің күйеуі дене бетінен  90 % термиялық күйіктер алып, Астана қаласының №1 қалалық ауруханасына жатқызылып,төрт күннен кейін қайтыс болады, бұл өлім туралы куәлікпен расталады.

Кәсіпорын оқу үшін қарызды өндірді

31/10/2017

2015 жылдың мамыр айында «Назарбаев Интеллектуальные школы» АББҰ мен Б. арасында білім беру өтелмелі қызмет көрсету туралы шарт жасалды.

Шарттың талабы оқушыны халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша мектепке қабылдау, ал ата-анасы оқудың ақшасын толығымен төлеу болып табылады.

Алайда өзара есеп айырысу актісіне сәйкес, жауапкердің 195 947 теңге қарызы бар екендігі анықталды. Соған байланысты талапкер жауапкерден қарыз сомасын өндіріп алу туралы талаппен Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Сот көлік құралдарын жүргізу құқығын тоқтатты

31/10/2017

Астана қаласының Ішкі істер департаменті Астана қаласы Алматы аудандық сотына аз.Д.-ның көлік құралын басқару құқығын тоқтату туралы талабымен жүгінді.

«Астана қаласының наркология және психотерапия орталығы» МКМ-ның қорытындысына сәйкес, аз.Д. «Алкогольді тұтыну салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылулары. Тәуелділік синдромы» диагнозымен  бақылауда және диспансерлік есепте тұрады.

Қорытынды негізінде аз.Д.-ның көлік құралдарын жүргізуге қарсы көрсетілімдері бар.

Билік өкіліне қатысты күш қолданды

31/10/2017

2017 жылы 9 тамызда алкогольдік мас күйде болған Е. мен оның зайыбының арасында кикілжің туындап, соңғысы учаскілік инспектор Ж.-ны шақырған.

Инспектор келген кезде, сотталушы оны ұрып, нәтижесінде өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданған.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Е. ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

ЖШС Астанадағы құрылыс үшін қарызды төледі

31/10/2017

«А»  ЖШС-сі Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Ж» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіріп алу туралы талаппен жүгінді.

2016 жылы тараптардың арасында Астана қаласында жатақхана құрылысы бойынша қосалқы мердігерлік шарты жасалған.

Шарт талаптарына сәйкес талапкермен барлық міндеттемелер толық көлемде орындалды, бірақ өзара есеп айырысу жүргізілмеген.