Архив событий

06/10/2017

Құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өтті

06/10/2017

Астана қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік сотында судья Б.Н.Ахметқалиев құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар мемлекеттік тілде әзірленген әкімшілік хаттамаларға қатысты өзекті мәселелерді, сондай-ақ  оларды қайтарудың себептерін талқылады.

Судья Б.Н.Ахметқалиев мемлекеттік тілде хаттама толтырудың сапасын арттыру қажеттігін атап өтті.

Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Эксплуатациялық қызмет үшін қарыз

06/10/2017

М. талапкер «Д» ЖК эксплуатациялық қызмет көрсететін пәтердің жалдаушысы болып табылады.

Сотта анықталғандай, М. көрсетілген қызмет төлемі бойынша өз міндеттемесін орындамаған.

Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына қарыз, мемлекеттік баж, комиссиялық жинақ және пошталық шығын сомалары өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Заңды тұлғалар өкілдерімен кездесу өтті

06/10/2017

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының төрағасы А.Жүкенов  заңды тұлғалар өкілдерімен кездесу өткізді.

Іс-шараға сот судьялары, Астана қаласының әділ сот жүйесін институционалдық нығайту жобасы бойынша пилоттық соттарды қолдау жөніндегі консультант (кеңесші) А.Жаманова, жеке нотариустар, екінші деңгейлі банк өкілдері, коммунальдық, қызмет көрсетуші және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жауапкер сумен жабдықтау қызметіне төлем жасамаған

06/10/2017

Б. мен  «Астана су арнасы» ШЖҚ МҚК-ның арасында шарт жасалған, оның талаптары бойынша талапкер сумен жабдықтау және жауапкердің нысанына  ағынды суды бөлу бойынша қызмет көрсеткен.

Өзара есеп айырысу салыстыру актісіне сәйкес, жауапкер уақытылы төлем жасамаған, сол себепті жасалған қызмет бойынша қарыз пайда болғаны анықталды.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен борышкерден кәсіпорын пайдасына қарыз сомасы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Сотта өкілдік ету

06/10/2017

 

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы Г.Шарапатова «ҚазГЗУ» университетінің студенттеріне «Сотта өкілдік  ету» тақырыбында дәріс өткізді.

Судья Қазақ гуманитарлы – заң университетінің студенттерімен кездесті

06/10/2017

Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы Б.Бияхметова Қазақ гуманитарлы – заң университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Б.Бияхметова «Сот шығындары. Азаматтық құқық саласындағы өкілдік» тақырыбында дәріс оқыды.

Б.Бияхметова сот шығындарын өтеу туралы өтініш тараптарды хабардар еткен соң сот отырысында сот қарауына жататындығын атап өтті. Уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар болған тараптардың сот отырысына келмеуі , өтінішті қарауға кедергі болмайды.

Бұрынғы студент оқу үшін қарыз болды

06/10/2017

2008 жылы «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы» АҚ және азамат Т. арасында білім беру қызметі туралы келісім шарт жасалып, соған сәйкес талапкер жауапкерге «Тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім беру қызметін көрсетті.

Сотта анықталғандай, жауапкер білім беру қызметін алғаннан кейін, оқуға ақы төлеу жөніндегі келісім шарт міндеттерін орындамаған.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен білім мекемесінің пайдасына жауапкерден берешек сомасы өндірілді.

Жас ұрпақ құқықтық мемлекет үшін

06/10/2017

Бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Э.Жанабаева «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты Астаналық филиалы төрайымының бірінші орынбасары Б.Жанділдаевпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кеңсе меңгерушісі отандық сот жүйесінде жүргізіліп отырған соңғы реформалар,  енгізілген ақпараттық технологиялар, сондай-ақ  сотта іске асырылып жатқан пилоттық жобалар жайлы әңгімелеп берді.