Судьялар журналистерге атқарушылық жазбаның артықшылықтарын түсіндіріп өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Халық арасында атқарушылық жазба институтын кең ауқымда қолдану және насихаттау мақсатында Сарыарқа аудандық сотының судьялары «24 Хабар» телеарнасындағы «Талдау» бағдарламасына сұхбат берді.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, судьялар Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен қолданыстағы заңнамаға азаматтық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жеңілдетуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатқанын атап өтті.

Осындай шаралардың бірі нотариустармен атқарушылық жазба рәсімін жасауды енгізу болып саналады, осы жазбалар атқарушылық құжаттардың нысандарының бірі болуына байланысты, кейіннен сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғай алады.

Сонымен қатар, судьялар сот ғимаратында арнайы нотариустың кабинеті жұмыс істейтіндігін, оған кез-келген азамат жүгіне алатындығын айтып өтті.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі